check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

2019 жылғы 28 ақпанда Үкіметтің отырысында Министр Б.Сапарбаевтың сөз сөйлеу тезистері

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы,  әріптестер!

Өткен «Нұр Отан» партиясының съезінде Елбасы аз қамтылған және көп балалы отбасылар тобына атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәртібі жайында елеулі мемлекеттік бастамалар ұсынды.

Олар халықтың әл-ауқатын жақсартуға тиімді ықпал етеді.

Бірінші. Күн көрісі төмен, оның ішінде көп балалы отбасыларды  қолдау шараларын қамту мен күшейтуді кеңейту.

Біріншіден, атаулы әлеуметтік көмек көрсету критерийін  ең төменгі күн көріс деңгейінен көтеріледі.

Екіншіден, атаулы әлеуметтік көмек тағайындаған кезде отбасының жиынтық табысынан көп балалы отбасыларға және «Күміс алқа» және «Алтын алқа» төс белгілерімен марапатталған көп балалы аналарға мемлекеттік жәрдемақылар, сондай-ақ балаларға арналған мүгедектігі бойынша жәрдемақылар, стипендия алып тасталады.

Сонымен қатар, аз қамтылған отбасылардың балаларына (18 жасқа дейін, оқыған жағдайда 23 жасқа дейін) ай сайын 20 789 теңге кепілдендірілген көмек төленетін болады.

Ол қазіргі  көмектің мөлшерін орташа есеппен 40%-ға арттырады.

Нәтижесінде, егер бұрын аталған шарамен 571,0 мың адам қамтылса, енді ол 830 мыңнан астам болады.

Үшіншіден, сұратылатын құжаттарды оңтайландыру арқылы атаулы әлеуметтік көмек тағайындау рәсімі жеңілдетілетін болады.

Осылайша, ақпараттық жүйелерде мәліметтер (тууы туралы куәлік, жеке куәлігі, т.б) болмаған жағдайда халықты жұмыспен қамту орталықтары немесе ауылдық округтердің және кенттердің әкімдері тиісті мемлекеттік органдардан қажетті құжаттарды сұратады.

Бұл үшін Е-халық ақпарат жүйесі пайдаланылатын болады.

Екінші. Өңірлердің әлеуметтік карталарын әзірлеу.

Өңірлерде жеке әлеуметтік картасын электрондық нысанын дайндау қажет. Ол әрбір жанұяның қажеттілігін, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын бағалауды көздейді.

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы, Сізден, Цифрлық даму министрлігіне, өңірлердің әкімдеріне бір айлық мерзімде «Е-халық» жүйесін қалалық және ауылдық елді мекендер деңгейінде кең ауқымды енгізу туралы тапсырма беруіңізді сұраймын.

Үшінші. Әкімдіктермен бірлесіп әлеуметтік қызметтер мен қолдау шараларының  бірыңғай пакетін енгізу (оқушыларды тегін ыстық тамақпен, жеңілдікті жүрумен қамтамасыз ету және т.б).

Төртінші. Мүгедектігі бар балаларға күтім жасайтын отбасыларды әлеуметтік қорғауды күшейту.

 Шаралар мүгедектігі бар балаларға және 18 жастан асқан бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерге күтімді жүзеге асыратын 100 мың азаматтың жәрдемақысын 31,1 мың теңгеден 41,6 мың теңгеге арттырады.

Бесінші. Толық емес көп балалы отбасылар үшін үйде жұмыс істеу үшін жағдай жасау, ал ауылдағы көп балалы отбасылар үшін гранттарға және микрокредитке қосымша квота бөлу.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына тиісті өзгерістер енгізу көзделуде.

Біріншіден, ауылдардағы көп балалы отбасыларды жұмыспен қамту, отбасы бизнесін ашу, табыстарын арттыру үшін қайтарылмайтын 500 мың теңге жаңа бизнес ашу үшін мемлекеттік гранттар беріледі.

2019 жылға жоспарланған микрокредиттеу шеңберінде 14 мың микрокредиттің 5 мыңын ауылдық жерлердегі көп балалы аналар мен мүгедектігі бар адамдар арасында кәсіпкерлікті дамытуға жұмсалады.

Нәтижесінде көп балалы 15 мың отбасы жеке ісімен айналысуға және табысын арттыруға мүмкіндік алады.

Екіншіден, көп балалы аналар мен мүгедек баланы тәрбиелеп отырған аналарды жұмыспен қамту және өзін-өзі дамытуға қолжетімділікті кеңейту үшін сұранысқа ие кәсіптерге қысқа мерзімді оқытулар  ұйымдастырылатын болады. Ауылдағы көпбалалы  нашар тұратын отбасылардың үйлерінде әлеуметтік жұмыс орындары ашылады(киім тігу, нан пісіру және т.б).

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

Бұның барлығы Үкімет тарапынан жасалады. Бұл ретте облыс әкімдеріне келесі тапсырмаларды беруіңізді сұраймын:

  1. жергілікті жерде мемлекеттік көмек көздерімен қатар, аз қамтылған және көп балалы отбасыларды тұрғын-үймен қамтамасыз ету мәселесіне ірі бизнесті де тарту қажет.

Атап айтқанда, ірі кәсіпорындар кем дегенде өз қызметкерлеріне тұрғын үй салып беру мүмкіндігін қарастыру керек. Ал жергілікті органдар өз тарапынан
жер бөлу, қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселелерін жедел түрде шешу керек.

 

Назарларыңызға рахмет!

28 ақпан, 2019 - 15:25 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші