A A A
Мазмұнына өту

You are here

МҮДДЕЛІЛІК БІЛДІРУГЕ САУАЛ №: KZSJ-3/CS-03-CQS келісімшарты

МҮДДЕЛІЛІК БІЛДІРУГЕ САУАЛ №: KZSJ-3/CS-03-CQS келісімшарты

ҚАЗАҚСТАН

«ЕҢБЕК ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ЫНТАЛАНДЫРУ» ЖОБАСЫ

Қарыз № 8490-KZ

Тапсырманың атауы: 2020 жылға дейін Жоба жалғасқанша, "Кері байланыс және мәселелерді шешу тетігін (КБМШТ) әзірлеу және іске асыру бойынша консультациялық қызметтер көрсету", №: KZSJ-3/CS-03-CQS келісімшарт

Қазақстан Республикасы Халықаралық Қайта құру және Даму Банкінен «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасын iске асыру үшiн қаржыландыруды алды және консультациялық қызметтер үшiн қаражаттардың бөлiгiн пайдалануға ниет етуде

Консультациялық қызметтер («Қызметтер») жұмыс іздейтін адамдарға лайықты жұмыс таңдауға және жұмыс берушілермен өзара әрекеттесуге тиімдірек көмектесу мақсатында олардың әлеуетін арттыру үшін Қазақстан Республикасы мемлекеттік жұмыспен қамту қызметтерінің қызметкерлеріне арналған оқыту тренингтерін ұйымдастыруды және өткізуді қамтиды.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі құқылы консультациялық компанияларды («Консультанттарды») осы қызметтерді көрсету үшін өзінің мүдделілік білдіруіне шақырады. Мүдделілік білдірген консультанттар қызметтерді орындау үшін тиісті біліктілігі және ұқсас тәжірибесі бар екендігі туралы ақпаратты ұсыну керек.

Іріктеуге арналған критерийлер мынадай болып табылады:

 

1) Мемлекеттік басқару, жұртшылықпен қатынастар, құқықтану саласында қызмет көрсету, жұртшылық пен халықты тарту жөніндегі жұмыс тәжірибесі кемінде 3 (үш) жылды құрауы тиіс;

2) операциялық үдерістер мен кері байланысты көрсететін цифрлық платформаларды ұсыну арқылы халықты тарту бойынша немесе жұртшылық бастамашылық жасаған бағдарламалар/жобалар бойынша қызмет көрсетудің кемінде 3 (үш) жыл тәжірибесі (растайтын құжаттар (шарттар, актілер және т.б.);

3) дәстүрлі және дәстүрлі емес пішімдегі шағымдар мен өтініштер үшін кез келген бенефициардың жеңіл және тегін қол жетімділігі үшін цифрлық платформа (мемлекеттік органдарда кемінде 2 жыл сынақтан өткен жөн). Кез келген жүгінген адамға арналған платформа парсинг және мәтінді тану жүйесінде құрылған Call орталығынан; автожауап беру модулінен; жауаптылардың жеке кабинеттерімен шағымдарды өңдеу жүйесінен басталуы тиіс. Платформа алынған деректерді біріктіреді және операциялық үрдістер мен кері байланыстың барлық үдерісін көрсетеді;

4) әлеуетті жеткізушілер тиісті біліктілік талаптары бар және жинақталған өзінің кәсіби тәжірибесі бар, білікті мамандармен/сарапшылармен ұйымдастырушылық құрылымды ұсынуға тиіс.

 

Конкурсқа қатысушылар міндеттерді орындау үшін жергілікті компаниялармен консорциумға қатыса алады.

Мүдделілік білдіруге сауал ілеспе хатпен орындаушының кері мекенжайымен, байланыс мәліметтерімен рәсімделуге тиіс. Қосымша ретінде консультант заңдық мәртебесінің құжатталған растамасын ұсынуға тиіс (мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, қажет болған кезде жарғының және т.б. құжаттардың көшірмесін қоса беру). Тәжірибені растау үшін шарттарды, жұмысты орындау актілерін, әзірленген бағдарламаларды, сараптау қорытындыларын және қажет болған кезде басқа да құжаттарды қоса беру қажет.

Мүдделілік білдірген консультанттарды, Дүниежүзілік банктің мүдделердiң дауы саясатын реттейтiн «Дүниежүзілік банктің нұсқаулығы: ХҚҚДБ қарыздары және МАР кредиттері бойынша консультанттарды Дүниежүзілік банктің қарыз алушылары арқылы іріктеу және жалдау» (2011 жылғы қаңтар, 2014 жылғы шілдеде қайта қаралған) 1.9 параграфқа көңiл аударамыз. Консультанттар өз біліктіліктерін арттыру үшін бірлескен кәсіпорын ұйым түрінде басқа компаниялармен немесе суб-консультантпен бірлесуі мүмкін

Бірлескен кәсіпорын немесе суб-консультант түрінде бірлескен жағдайда ілеспе хатта бірлесу түрін нақты көрсету қажет.

Анықтама үшін:

“Бірлескен кәсіпорын (БК)” заңдық мәртебесі оның қатысушыларына сәйкес келе алатын немесе сәйкес келе алмайтын, құрамында бір Консультанттан артық, бір әріптес БК құрамындағы қалған барлық әріптестердің мүддесіне және олардың атынан шаруашылық қызметті жүргізуге уәкілетті және БК құрамындағы әріптестер Тапсырыс берушінің алдында Келісімшарттың орындалуына ортақ және жеке жауап беретін бірлестікті білдіреді.

Консультант нұсқаулықта көрсетілген рәсімдерге сәйкес Консультанттарды біліктілігі бойынша іріктеу тәсілімен (КБІ) іріктеледі.

Қосымша ақпаратты төменде көрсетілген мекенжай бойынша, жұмыс уақыты кезінде Астана уақытының 9.00-18.00 сағат аралығында алуға болады.

Мүдделілік білдіру жазбаша түрде, 2019 жылғы 26 науырызға дейін төмендегі мекенжайға (жеке, пошта, факс немесе электроондық пошта арқылы) жеткізілуге тиіс:«Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» Жобасын басқару бойынша топ (ЖБТ) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, 010000 Астана, Қазақстан, Сығанақ көшесі 29, офис 1507, Телефон: (8 7172) 64 27 46

E-mail: kzsj_zakup@mail.ru

 

 

 

 

 

 

 

 

 

13 наурыз, 2019 - 11:45 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші