A A A
Мазмұнына өту

You are here

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу туралы хабарлама

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу туралы хабарлама

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау  министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Министрліктің жанындағы жеке кәсіпкерлік субьектілері бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді жүргізу туралы хабарлайды.

Аккредиттеу алу үшiн өтiнiш берушi мемлекеттік органға:

1) белгіленген нысандағы өтініш;

2) салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, құрылтай құжаттарының және заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктердің) мемлекеттiк тiркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;

3) бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерін көрсете отырып, бірлестік және/немесе ұйым мүшелерінің тізімін ұсынады.

Аккредиттелген жеке кәсіпкерлік субьектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдар Министрлік жанындағы кәсіпкерлік мәселелері бойынша сараптамалық кеңестің қызметі шеңберінде жеке кәсіпкерлердің мүдделерін қамтитын нормативтық құқықтық актілер жобаларына сараптама жасауға құқық алады.

Құжаттар интернет-ресурста хабарлама орналастырылған күннен бастап 2019 жылғы 29 наурызды қоса алғанға дейін Астана қаласы, Мәңгілік ел д., 8 үй, 6 кіреберіс мекен-жайында қабылданады.

Телефон: 74-32-13.

 

Жауапты хатшы                                                            А. Құрманғалиева

Оқиғаның күні және уақыты: 
Жұма, наурыз 29, 2019 - 17:00
26 наурыз, 2019 - 10:59 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші