A A A
Мазмұнына өту

You are here

Қазақстанда азаматтық алмаған оралмандарға мәртебесі ұзартылды

оралмандар

Тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстан этникалық қазақтардың елге ерікті түрде оралуын ынталандыру саясатын жүргізеді.

1991 жылдан бастап 303 мың отбасы немесе 1 млн.40 мың этникалық қазақ тарихи отанына оралды және оралман мәртебесін алды, бұл ел халқының 6% - ын құрайды. Осының арқасында көші-қонның теріс сальдосының деңгейін төмендетіп, демографиялық өсімге қол жеткізілді. Олардың көпшілігі азаматтықты алып, басқа қазақстандықтармен теңдей еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қомақты үлес қосып келеді.

Қазақстанда этникалық репатрианттардың бейімделуі мен интеграциялау күшін барынша қолайлы жағдайлар жасалған. Осылайша, оралман мәртебесін алғандарға Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алуға құқығы бар (қалған шетелдіктер Қазақстанда кемінде 5 жыл тұруы қажет).

Сонымен қатар, оралман мәртебесі оны алған күннен бастап бір жыл өткен соң тоқтатылады. Оралман мәртебесін ұзарту оралман мәртебесі тоқтатылған күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімге өтініш берген кезде жеңілдетілген тәртіппен азаматтық алу мақсаттары үшін ғана көзделеді.

Бірақ, бүгінгі таңда қарастырылған уақыт ішінде жеңілдетілген тәртіппен қазақстандық азаматтығын алмаған оралмандар, қай жағдайдың туындау себептеріне қарамастан, мұндай мүмкіндіктен айырылады. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне осы мәселені шешуге көмек көрсету бойынша көптеген өтініштер келіп түсуде.

Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 16 наурызында Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев азаматтықты жеңілдетілген тәртіппен алу үшін оралмандар мәртебесін 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.

Осылайша, мәртебесі аяқталған оралмандар оны ұзарту үшін жергілікті атқарушы органдарға және қазақстандық азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алу үшін ішкі істер органдарына жүгіне алады.

26 наурыз, 2019 - 12:51 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші