A A A
Мазмұнына өту

You are here

Кәсіпорында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңес құру міндетті болып табылатындығы жөнінде түсіндірме беруіңізді сұраймыз. Өндірістік кеңес қандай функцияларды орындайтын болады?

Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінде ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңесті құру көзделген.

Бұл норма міндетті болып табылмайды.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңес жұмыс берушінің бастамасы бойынша және (немесе) жұмыскерлердің не олардың өкілдерінің бастамасы бойынша құрылады.

Оның құрамына техникалық еңбек инспекторларын қоса алғанда, жұмыс берушінің өкілдері, жұмыскерлердің өкілдері тепе-теңдік негізде кіреді.

Мұндай кеңстерді құру халықаралық тәжірибеге және ХЕҰ-ның ұсынымына сәйкес келеді.

Кәсіптік одақпен жұмыскерлердің арасынан ұсынылған техникалық инспекторлардың өкілеттігін осы Кеңес бекітеді.

Өндірістік кеңестің құрамы жұмыс берушінің және жұмыскерлер өкілдерінің бірлескен шешімімен бекітіледі.

 Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңес жұмыс беруші мен жұмыскерлердің еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алу жөніндегі бірлескен іс-қимылдарын ұйымдастырады, сондай-ақ техникалық еңбек инспекторларының жұмыс орындарындағы еңбек жағдайлары мен еңбектің қорғалуына тексеру жүргізуін ұйымдастырады.

 

26 наурыз, 2019 - 11:39 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші