A A A
Мазмұнына өту

You are here

Баланың бір жасқа дейінгі күтіміне байланысты жәрдемақы

Ассалаумағалейкум. Менде мынандай сұрақ сіздерге туындап отыр: Алла бұйыртып 3 балам дүниеге келді. Балаларымның жастары 6 мен 3те. Жұбайым жұмыссыз. Менің қолыма алатын айлығым 114 000 теңге. Пәтерді жалға алып тұрамыз. Осыған байланысты туылған баланың әкесі ретінде "баланың бір жасқа дейінгі күтіміне байланысты жәрдемақысының" құжаттарын өз атымнан тапсыруға болады ма? Жәрдемақыны жұмыс істеп жүріп 12 ай бойы ала беруге болады ма?

Рахмет!

Жауап: 

Құрметті Даке!
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 100 бабына сәйкес жұмыс беруші жұмыскерге ата-анасының таңдауы бойынша – баланың анасына не әкесіне бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс беруге міндетті.
Ал, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру түрлерi бойынша әлеуметтiк қатер жағдайының басталуына қарай мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыларды әлеуметтiк қамсыздандырудың қосымша нысандарын құрумен байланысты қатынастар «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 405 Заңымен (бұдан әрі – Заң) реттелген.
Бұл ретте әлеуметтiк қатер туындаған жағдайда, яғни еңбек ету қабiлетiнен айрылуына және (немесе) жұмысынан айрылуына, асыраушысынан айрылуына, сондай-ақ жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына және бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айрылуына әкеп соқтырған оқиғаның басталуы, соның нәтижесінде өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы не ол қайтыс болған жағдайда оның асырауында болған отбасының мүшелерi Заңға сәйкес әлеуметтiк төлемдердi алу құқығына ие болады.
Аталған Заңның 23-2 бабына сәйкес бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлем мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнің өзі үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген, балаға күтімді жүзеге асыратын және Қордан төленетін әлеуметтiк төлемдер алуға құқығы бар қатысушыларға тағайындалады.
Яғни бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айрылуына әкеп соқтырған оқиғаның басталуы ол анасының немесе әкесінің бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс алған кезінде туындайды.
Осыған орай Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер тағайындау мәселесі туралы нақты мәліметтер алу үшін тұрғылықты мекен жайыңыз бойынша Қордың филиалынан немесе (www.gfss.kz) сайтынан кеңес алуыңызға ұсыныс береміз.

Сұрақтың нөмірі: 359515
11 сәуір, 2019 - 18:11 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші