check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы

Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі

2025 жылға дейінгі Ұлттық жоспары туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі Ұлттық жоспары бекітілсін (бұдан әрі – Жоспар).

 2. Жоспарды орындауға жауапты мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қала және астана әкімдері:

1) Жоспардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;

2) жыл сайын, 25 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат берсін.

3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын, 15 ақпанға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктелсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

         Қазақстан Республикасының

             Премьер-Министрі                                                                А. Мамин

 

 

Бөлімдер:
3 сәуір, 2019 - 14:06 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші