A A A
Мазмұнына өту

You are here

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасы

«Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 наурызда № 10370 тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі 2015 жылғы 26 наурызда жарияланды) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшінің және естуі бойынша мүгедектер үшін жылына алпыс сағат ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсыну қағидаларында:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Жеке көмекшінің қызметтерін алу үшін жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер және естуі бойынша мүгедектер немесе олардың заңды өкілдері не мүгедектен нотариалды түрде куәландыруды талап етпейтін сенімхат алған өзге адамдар (бұдан әрі – өтініш беруші) тұрғылықты жері бойынша Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына, Алматы қаласының Әлеуметтік әл-ауқат басқармасына,, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына, қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне (бұдан әрі – жұмыспен қамту бөлімдері) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оңалтудың жеке бағдарламасының әлеуметтік және кәсіптік бөлігіне сай оңалту құралдары мен қызметтерін ұсынуға өтініш (бұдан әрі – өтініш) және сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатты береді.»;

Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшінің және естуі бойынша мүгедектер үшін жылына алпыс сағат ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсыну қағидаларының 2-қосымшада оң жақтағы жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

«Нысан

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент

қалаларының, аудандардың

және облыстық маңызы бар

қалалардың жергілікті атқарушы

органының басшысына»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүгедектерге және мүгедек балаларға санаторий-курорттық емделудi ұсыну қағидаларында:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Жолдамаларды облыстардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармалары (бұдан әрі – облыстық басқармалар), Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, Алматы қаласының Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы (бұдан әрі – қалалық басқармалар) мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен сатып алады.»;

Мүгедектерге және мүгедек балаларға санаторий-курорттық емделудi ұсыну қағидаларының 3-қосымшада оң жақтағы жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

«Нысан

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент

қалаларының, аудандардың

және облыстық маңызы бар

қалалардың жергілікті атқарушы

органының басшысына»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүгедектердi протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету қағидаларында:

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Протездік-ортопедиялық көмекке мұқтаж мүгедектер немесе олардың заңды өкілдері не мүгедектен нотариалды түрде куәландыруды талап етпейтін сенімхат алған адамдар (бұдан әрі – өтініш беруші) тұрғылықты жері бойынша Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына, Алматы қаласының Әлеуметтік әл-ауқат басқармасына, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына (бұдан әрі – қалалық басқармалар) немесе қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне (бұдан әрі – жұмыспен қамту бөлімдері) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оңалтудың жеке бағдарламасының әлеуметтік және кәсіптік бөлігіне сай оңалту құралдары мен қызметтерін ұсынуға өтініш (бұдан әрі – өтініш) және сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатты береді.»;

16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«16. Облыстық басқармалар, қалалық басқармалар мен жұмыспен қамту бөлімдері протездiк-ортопедиялық көмекке мұқтаж және осы көмектi мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен алған мүгедектердiң есебiн жүргiзедi. Облыстық басқармалар (қалалық басқармалар) облыстардың, астананың және республикалық маңызы бар қалаларының денсаулық сақтау басқармаларымен бірге мүгедектердi протездiк-ортопедиялық көмек алуға жiберу жұмысын ұйымдастырады.

Мүгедектердi қайта протездеуге жiберу не протездiк-ортопедиялық аяқкиiммен қамтамасыз ету протездердi және басқа да протездiк-ортопедиялық құралдарды ауыстырудың осы Қағидаларда белгіленген мерзiмдерінде жүргізіледi.»;

73-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«73. Сөйлеу процессорын қабылдап алу-тапсыру актісі үш данада толтырылады: бір данасы пациентте қалады, екінші данасы ұйымда қалады, үшінші данасы сөйлеу процессорының техникалық жағдайын, одан әрі пайдалану мүмкіндіктерін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – ҒПО) белгілеген тәртіппен резервтік қор қалыптастыру үшін алып тасталған сөйлеу процессорымен бірге ҒПО-ға беріледі.»;

93-тармақ мынадай тармақшамен толықтырылсын:

«Мiндетті гигиеналық құралдар мүгедектерге бiр жылға төмендегідей мөлшерде берiледi:

1) тiрек-қозғалыс аппараты бұзылған мүгедектерге арналған жөргектер – 730 дана;

2) несеп-жыныс жүйесi бұзылған мүгедектерге арналған несеп қабылдағыштар – 365 дана;

3) iшек ауруы бар мүгедектерге арналған нәжiс қабылдағыштар – 365 дана;

4) сіңіргіш жаймалар (жаялықтар) – 365 дана;

5) катетер – 12 дана;

5-1) Spina bifida диагнозы бар мүгедек балаларға арналған бір реттік қолданылатын катетерлер - 2190 дана;

6) стоманың айналасындағы теріні қорғау және тегістеуге арналған паста-герметик – 12 дана;

7) қорғаныш крем – 12 дана;

8) сіңіргіш ұнтақ (опа) – 12 дана;

9) иісті бейтараптандырғыш – 12 дана;

10) теріні тазартқыш – 12 дана.»;

Мүгедектердi протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету қағидаларының 1-қосымшада:

Протездік-ортопедиялық көмек және техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарды ұсынуға медициналық-әлеуметтік көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер мынадай мазмұндағы 4.5.1-жолымен толықтырылсын:

«

4.5.1

Spina bifida диагнозы бар мүгедек балаларға арналған бір реттік қолданылатын катетерлер

Spina bifida диагнозы бар мүгедек балаларда қуықты өздігінен босатуға толық немесе жартылай қабілетсіз болған кезде

 

                                                                                                                 »;

Мүгедектердi протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету қағидаларының  2-қосымшада оң жақтағы жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

«Нысан

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент

қалаларының, аудандардың

және облыстық маңызы бар

қалалардың жергілікті атқарушы

органының басшысына»;

Мүгедектердi протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету қағидаларының  5-қосымшасы осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылын;

Мүгедектердi протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету қағидаларының  6-қосымшада оң жақтағы жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

«Нысан

«Әлеуметтік оңалтуды дамытудың

ғылыми-практикалық орталығы»

ШЖҚ РМК-ның басшысына»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүгедектердi арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету қағидаларында:

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Кресло-арбаларға мұқтаж мүгедектер немесе олардың заңды өкілдері не мүгедектен нотариалды түрде куәландыруды талап етпейтін сенімхат алған өзге адамдар (бұдан әрі – өтініш беруші) тұрғылықты жері бойынша Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына, Алматы қаласының Әлеуметтік әл-ауқат басқармасына, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына (бұдан әрі – қалалық басқармалар), қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне (бұдан әрі – жұмыспен қамту бөлімдері) өтініш және сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатты береді.»;

Мүгедектердi арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету қағидаларының қосымшасында оң жақтағы жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

«Нысан

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент

қалаларының, аудандардың

және облыстық маңызы бар

қалалардың жергілікті атқарушы

органының басшысына».

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер саясатын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберуді;

3) осы бұйрықты ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрі                                                                         Б. Сапарбаев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрлігі

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігі

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon st-_novyy.doc150 KB
Microsoft Office document icon spravka3.doc26.5 KB
Microsoft Office document icon prilozhenie.doc45.5 KB
Бөлімдер:
3 сәуір, 2019 - 14:21 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші