A A A
Мазмұнына өту

You are here

«Азаматтық қызметш-ге,мемл.бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымд-ң қызметкер-не, қазыналық кәсіпорынд-ң қызметкер-не еңбекақы төлеу жүйесі туралы» ҚР Үкіметінің 31.12.2015 ж. №1193 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» ҚРҮ қаулысының жобасына Пресс-релиз

Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті - Елбасы 2019 жылғы 27 ақпандағы «Нұр Отан»  партиясының кезекті  XVIII съезінде берген тапсырмасына сәйкес 2019 жылғы 1 шілдеден бастап бюджеттік саладағы бөлек қызметкерлердің жалақысы 30%-ға дейін артатын болады.

Бұл тікелей денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт, ауыл шаруашылығы және басқа салаларда қызмет атқаратын 1 миллионнан аса азаматтық қызметшілерді қамтитын болады.

Жалақының 30%-ға дейін артуын келесі қызметкерлер алатын болады: 1 разрядтан 8 разряд аралығындағы барлық жұмысшылар, қосалқы (техникалық), әкімшілік және негізгі персоналдардың қызметкерлері, сондай-ақ лауазымдар арасындағы разрядаралық интервалдарды сақтау үшін басқару персоналының кейбір қызметкерлері.

Аталған қызметкерлердің жалақысы лауазымдық айлықақыларын есептеуге арналған еңбек өтілі бойынша коэффициенттерді көбейту жолымен сараланып арттырылады.

Олардың жалақысын арттыруға 2019 жылы республикалық бюджетте 115,7 млрд. теңге, 2020-2021 жылдарға 234,4 млрд. теңге жыл сайын.

Сонымен бірге, Президенттің тапсырмасы бойынша аталған жалақыны арттыру  1 шілдеден емес, 1 маусымнан бастап жүргізілетін болады, оған қосымша 28,6 млрд. теңге бөлінеді.

5 сәуір, 2019 - 15:07 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші