check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Сәламатзыз ба? Қояайын дегенім Жұмыссыздықа Онлайын тіркелуге болама ?

Жауап: 

Құрметті Нұржан Қошқарбайұлы!
Сіздің сауалыңызды өз құзыретіміз шегінде мұқият қарап, келесіні хабарлаймыз.
2016 жылғы 6 сэуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР Заңына (бұдан әрі - Зац) сәйкес жұмыссыз ретінде тіркелмес бұрын тұрғылықты мекенжайы бойынша халықты жұмыспен қамту орталығында тікелей не «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу қажет.
Бұдан әрі, халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеп жүрген адамды тіркеген күннен бастап он жұмыс күні ішінде лайықты жұмыс таңдау арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі, сондай-ақ әлеуметтік кәсіптік бағдарлау және кәсіптік оқыту бойынша қызметтер көрсетеді.
Бұл ретте, жұмыс іздеп жүрген адам халықты жұмыспен қамту орталығынан (кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен) лайықты жұмыстың бар екендігі туралы ұсыныстарды алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту орталығына, ал ауылдық елді мекендерде тұратындар - кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне барып немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғысы арқылы хабардар ете отырып, жұмыс іздеуге, сондай-ақ кәсіптік оқытуға қатысуға мүдделілік білдіруге тиіс.
Заңның көрсетілген ережелері сақталғаннан кейін Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган халықты жұмыспен қамту орталығынан тиісті ақпаратты алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш жасаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде лайықты жұмыс таңдалмаған, жұмыс іздеп жүрген адамды жұмыссыз ретінде тіркеу туралы шешім қабылдайды (Заңның 14-бабы).
Мемлекеттік қызметтердің тізілімі бойынша «Жұмыс іздеп жүрген адамды жұмыссыз ретінде тіркеу» мемлекеттік қызметін көрсету нысаны қағаз түрінде. Яғни, аталған қызмет «электрондық үкіметтің» веб-порталы не онлайн түрде көрсетілмейді.
Осыган орай, «Жұмыс іздеп жүрген адамды жұмыссыз ретінде тіркеу» мемлекеттік қызметі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ техникалық асырылулардан кейін қолжетімді болады.
Бүгінгі күні Министрлікпен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-пен бірлесіп жоғарыдағы қызметтерді көрсету бойынша ақпараттық жүйелері интеграциялау бойынша жұмыстар жүргізілуде.|
Баяндалғандарды ескере отырып, жұмыс іздеп жүрген адамды жұмыссыз ретінде тіркелу үшін Сізге тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына жүгіну қажет.

Сұрақтың нөмірі: 359822
19 сәуір, 2019 - 16:28 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші