check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

ШҚО, Зайсан қаласы бойынша Атаулы Əлеуметтік көмек туралы

Сұрақ тақырыбы: 

Сəлеметсіздер ме. Менің есімім Енсебаева Ғалия. Үш кəмелетке толмаған баланың анасымын. Қазіргі уақытта декреттік демалыстамын. Жолдасым жалдамалы  жұмыс жасайды. Үлкен балам мектеп алды даярлық тобында білім алады. Атаулы Əлеуметтік көмекке құжаттар тапсыру барлық жергілікті жерлерде басталғалы мен де құжат тапсыруға бардым. Бізде ШҚО, Зайсан қаласындағы құжатты қабылдап отырған адамдар: "Үйіңде автомат стиральная машинаң бар ма? Телевизорың қандай? Тамақ пісіретін пешің бар ма? Бар болса қандай? Үйіңе қонақ қаншалықты жиі келеді?" деген сұрақтар қойып, құжатқа енгізіп отыр екен. Сонда айтылған 21000 тг көмекті алу үшін үйімде түгім жоқ, лашық үйде тұру шарт па? Өзіміз 29 жасқа дейінгі жастарға берілген жалдамалы жатақханада тұрып жатырмыз. Жылу жүйесіне айына 3 бөлмеге 18000 тг, жалдағанымыз үшін 5200 тг, суға 1800, светке əрқалай 3000-4000 аралығында төлейміз. Бұған үш баланың киім-кешегі, ішіп жейтін тамағын қосыңыздар. Сонда күйеуімнің табатын 80000 тг-сі жетпей де қалады. Заң бəріне бірдей дегені қайда? Сонда əр жердің өз заңф бар ма? Біз жақтың құжатты қабылдап отырған адамдардың қойып отырған сұрақтарының қаншалықты орынды əрі заңды екенін айтып берсеңіздер?

Жауап: 

Құрметті Ғалия Сайранбекқызы!

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246 Заңына сәйкес жан басына шаққандағы орташа табысы атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) көрсету критерийінен аспаған адамдардың АӘК алуға құқығы бар.
Осыған орай, «Кедейлік шегі мөлшерін анықтау туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрнінің
2017 жылғы 31 тамыздағы № 290 бұйрығына сәйкес АӘК критерийі
2019 жылғы 1 сәуірден бастап отбасының әр мүшесіне 20 789 теңге көлемінде анықталған.
Сондай-ақ, «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы
№ 320 бұйрығының 6-тармағына сәйкес адам жеке басы куәлігін ұсынумен арқылы өтініш береді. Барлық қажетті құжаттарды жинау мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен сұрау салу арқылы жүзеге асырылады.
Бұған қоса, қазіргі уақытта «Е-халық» ақпараттық жүйесінде әр отбасының әлеуметтік картасын толтыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Осыған орай, сізге қойылған қосымша сұрақтар аталған әлеуметтік картаны толтыру мақсатында болуы мүмкін.

Сұрақтың нөмірі: 359912
24 сәуір, 2019 - 20:46 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші