check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

ішкі көші-қон

мен қазақстан республикасының азаматы,  қытайдан актау қаласында көшіп келгенмін.

солтүстік қазақстанға мемлекеттікбағдарлама арқылы қоныс аударғым келеді, ол үшін  бірінші қадам не істеу керек ,қайдабару керек, ол жаққа барғасын баспана  ұсына аласыздарма?атаулы көмекті қалай аламыз?ата-анам қазақстан азаматы емес оралман статус мен (ықтияр хат).

 

Жауап: 

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Сіздің өтінішіңізді қарап, келесіні хабарлайды.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі − Бағдарлама) аясында азаматтарды жұмыс күші тапшы өңірлерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету мақсатында Бағдарлама шеңберінде өз еркімен қоныс аудару іске асырылуда.
Үкімет қаулысымен қоныс аударушыларды қоныстандыру өңірлері айқындалды. Оған Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары енді.
Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстары қоныс аударушылардың шығу өңірлері болып анықталды.
Осы өңірлерге қоныс аударушыларды қабылдау квотасы бекітіліп, квотаға енген отбасыларға әрбір отбасы мүшесіне 35 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көшуге және отбасына 15-30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір жыл бойы тұрғын үй жалдауға шығындарды өтеуге субсидиялар төлеу көзделген.
Сондай-ақ тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге есептелген сома шегінде меншікке тұрғын үйді сатып алу үшін біржолғы төлем жүзеге асырылады. Бұл ауылдық жерлерде қоныс аударушыларға тұрғын үйді сатып алуға мүмкіндік береді.
Үміткерлер шығу өңірінде тұрақты тіркелген және кемінде бір жыл тұрған және өңіраралық ерікті түрде қоныс аударуға қатысқысы келетін Қазақстан Республикасының азаматтары және оралман мәртебесі бар азаматтар болуы керек.
Ол үшін Сізге тұрғылықты жеріңіз бойынша Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына өтініш беру керек.

Сұрақтың нөмірі: 360142
25 сәуір, 2019 - 18:49 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші