check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына толықтырулар енгізу туралы»

«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы
 № 689 қаулысына толықтырулар енгізу туралы»

 

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы
13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы
№ 689 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 53,
343-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі:

мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Кеңес әскерлері шектелген контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылған күні – 15 ақпан»;

мынадай мазмұндағы 26-1-тармақпен толықтырылсын:

«26-1. Семей ядролық сынақ полигонының жабылу күні – 29 тамыз»;

мынадай мазмұндағы 34-1-тармақпен толықтырылсын:

«34-1. Қарттар күні – 1 қазан»;

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі                                                    А. Мамин

 

ТіркемеМөлшер
PDF icon poyasnitelnaya_zapiska.pdf110.21 KB
Бөлімдер:
2 мамыр, 2019 - 19:51 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші