A A A
Мазмұнына өту

You are here

Барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс

Барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс

 

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

С-2 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, С-3, C-O-2, D-3, D-O-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4,  С-3, C-O-2, D-3, D-O-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе  Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-4, B-4,  С-3, C-O-2, D-3, D-O-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі төрт жылдан кем емес;

4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, облыстық және оларға теңестiрiлген сот судьясының лауазымында қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

 5) мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдардың басқарма бастығынан немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының бөлім бастығынан төмен емес лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде ұйымдардың басшылары және олардың орынбасарлары лауазымдарында бір жылдан кем емес;**

7) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс негізінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, С-3, C-O-2, D-3, D-O-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

8) ғылыми дәрежесі болған жағдайда осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.**

С-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;

7) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

8) ғылыми дәрежесінің болуы.

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы

№ 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.

 

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-2

204 046

275 719

С-4

138 248

186 551

 

1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, 010000, Астана қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, 6 кіреберіс, анықтама телефондары 8 (7172) 74-32-27, e-mail:a.netalina@enbek.gov.kz, «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды

1.Қаржы департаменті директорының орынбасары, С-2

Функционалдық міндеттері: Әлеуметтік-еңбек саласының бюджетін қалыптастыру (нақтылау) және атқару; алдағы қаржы жылына арналған міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын қалыптастыру және түзету; әзірленетін нормативтік құқықтық актілердің және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен келісімдердің қаржылық сараптамасы мәселелері бойынша басқармалардың қызметін үйлестіру. Құзыреті шегінде жергілікті деңгейдегі әлеуметтік қорғау саласындағы басқару органдарына жоспарлау, бюджеттен тыс қызмет мәселелері бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсету. Құзыреті шеңберінде жергілікті деңгейдегі және әлеуметтік қорғауды басқару органдарымен, орталық мемлекеттік органдармен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау. Министрліктің бухгалтерлік есебін және қаржы-шаруашылық қызметін ұйымдастыру, Министрлік әкімшілік ететін бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік қаражаттың мақсатты пайдаланылуын, мүліктің сақталуын бақылау, мүлікті есепке алуды, міндеттемелер мен шаруашылық операцияларды, келіп түсетін негізгі қаражатты, тауар-материалдық құндылықтарды және ақша қаражатын  ұйымдастыру, бухгалтерлік есеп шоттарында олардың қозғалысымен байланысты операцияларды уақтылы көрсету, бухгалтерлік құжаттарды, есептер мен төлем міндеттемелерін ресімдеудің заңдылығын, уақтылы болуын және дұрыстығын қамтамасыз ету, жалақы төлеу қорының жұмсалу тәртібінің сақталуын, қызметкерлерге жалақының дұрыс есептелуін, негізгі құралдарға, тауар-материалдық құндылықтарға дұрыс  түгендеу жүргізілуін бақылау, теңгерімінің есеп айырысу баптары бойынша дебиторлық және кредиторлық   берешектің жай-күйі туралы талдамалық есептің дайындалуын бақылау, бюджеттің атқарылуы бойынша есептің (бухгалтерлік баланс) уақтылы дайындалуын және ұсынылуын, міндеттемелер мен төлемдер бойынша алдағы кезеңге арналған жиынтық қаржыландыру жоспарын қалыптастыру мен түзетуді қамтамасыз ету, бухгалтерлік құжаттардың уақтылы және дұрыс ресімделуін және жүргізілетін шаруашылық операциялардың есебінде нақты көрсетілуін алдын ала бақылауды жүзеге асыру, «1С: Бухгалтерия» бағдарламасында жалақыны есептеу және төлеу, іссапар шығыстары бойынша аванстық есептерді уақтылы және дұрыс ресімдеу (5 мемориалдық ордер) бойынша бухгалтерлік есепті жүргізу, ҚСХҚЕС бекіткен нысандарға сәйкес (бухгалтерлік теңгерім және басқалары) Министрліктің орталық аппараты бойынша бюджеттік және қаржылық есептілікті жасау, республикалық бюджетте тұрған мемлекеттік мекемелердің, республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың консолидациялық жылдық және тоқсандық бухгалтерлік есептілігін дайындау, статистикалық және салық есептілігінің уақтылы ұсынылуын қамтамасыз ету, Министрліктің бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауға қатысу, басқарма құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшылығының тапсырмалары бойынша материалдар мен қорытындылар дайындау, басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың хаттарын, ұсыныстарын, өтініштері мен шағымдарын қарауды қамтамасыз ету, құзыреті шегінде жергілікті деңгейде әлеуметтік қорғау органдарымен, мемлекеттік органдармен, халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе гуманиталық ғылым (халықаралық қатынастар) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы, менеджмент, статистика, әлемдік экономика, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, мемлекеттік аудит)

2. Халықты жұмыспен қамту департаменті еңбек нарығын дамыту басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты

Функционалдық міндеттері: Еңбек нарығы мәселелері жөніндегі ұсыныстарды қарау және еңбек нарығы мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің және басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеу, жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, шағымдарын, өтініштері мен ұсыныстарын қарау, басқарма құзыретіне жататны мәселелер бойынша баяндамалар, сөз сөйлеулер мен мақалаларды әзірлеу; басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің  және Министрлік басшылығының тапсырмаларын орындау бойынша хаттар, материалдар, қорытындылар әзірлеу, еңбек нарығы саласында орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-әрекет ету; басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарларына ұсыныстар енгізу, мемлекеттік қызмет көрсету саласында нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу; Министрліктің «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ еңбек нарығын дамыту, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру, халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі халықаралық тәжірибені зерделеу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: құқық (құқықтану, халықаралық құқық), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану, саясаттану, аймақтану, экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика, еңбекті ұйымдастыру және нормалау, іскерлік әкімшілік жүргізу), техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік модельдеу, радиотехника, электроника и телекоммуникациялар), қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс).

3. Әлеуметтік сақтандыру, базалық әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру саясаты департаменті базалық әлеуметтік қамсыздандыру басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты

Функционалдық міндеттері: Зейнетақымен және базалық әлеуметтік  қамсыздандыру мәселелері жөніндегі заңдардың және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, басқа органдар ұсынған зейнетақымен және базалық әлеуметтік қамсыздандыру  мәселелері бөлігіндегі нормативтік құқықтық актілердің, мемлекетаралық келісімдердің жобалары бойынша қорытындылар дайындау, зейнетақы жүйесін және базалық әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін дамыту бойынша семинарларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысу, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшылығының тапсырмаларын орындау үшін хаттар, материалдар мен қорытындылар дайындау, жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, өтініштерін қарау, мемлекеттік қызмет көрсету жұмысын ұйымдастыру.   

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар, аударма ісі), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану, саясаттану, өлкетану, экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, әлемдік экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару, еңбекті ұйымдастыру жəне нормалау, іскерлік əкімшілікжүргізу) жаратылыстану ғылымдары (математика, информатика), қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс).

4. Әкімшілік жұмыс департаменті құжаттамалық қамсыздандыру және бақылау басқармасының бас сарапшысы(04.10.2021ж. дейінгі негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңінде), С-4 санаты

Функционалдық міндеттері: Құжат жүргізудің, құжаттармен жұмыс жүргізудің бірыңғай тәртібін сақтауды ұйымдастыру, хат-хабарларды құжат айналымының электрондық бағдарламасында қабылдауды, тіркеуді, компьютерлік және өзге де өңдеуді жүзеге асыру, хат-хабарларды, оның ішінде мемлекеттік органдардың Интранет порталы арқылы,жеке және заңды тұлғалардың хаттарын есепке алу, бөлу және жеткізу, жоғары тұрған органдардың бақылаудағы құжаттарын, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орындау барысына күнделікті мониторинг жүргізу, бақылаудағы директивті құжаттарды, қызметтік хаттарды және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орындау мерзімі туралы ескертулерді құрылымдық бөлімшелерге уақтылы жіберіп отыру, орындаушылық тәртіп      жай-күйін талдау және аппараттық кеңестерге, жоғары тұрған органдарға ұсыну үшін материалдар дайындау,  басқарма құзыреті шегінде тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қатысу, басшылықтың, оның ішінде жеке және заңды тұлғаларды қабылдау нәтижесінде берген тапсырмаларының орындалуын бақылау, жеке және заңды тұлғаларды қабылдауды ұйымдастыру, басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша материалдар мен қорытындылар дайындау, басқарманың құзыретіне кіретін ұйымдастырушылық іс-шараларды іске асыруға қатысу, хаттарды, сұрау салуларды, шағымдарды қарау, басқарма құзыретіне қатысты статистикалық есептерді дайындау және орналастыру, басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халықаралық тәжірибені зерделеу, басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шет тілі: екі шет тілі), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар, филология, аударма  ісі, шетел филологиясы), құқық (құқықтану, халықаралық құқық), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика, мұрағаттану, құжат жүргізу және құжаттамалық қамсыздандыру, еңбекті ұйымдастыру және нормалау, іскерлік әкімшілендіру), техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамсыздандыру, математикалық және компьютерлік модельдеу, радиотехника, электроника және телекоммуникациялар), қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс) 

 

Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе осы Қағидалардың 4-қосымшасында белгіленген параметрлерге сәйкес Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

Әңгімелесу өткiзілгеннен кейiн екі жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізілетін қорытынды отырыста конкурс комиссиясы кандидаттарды ұсынылған құжаттардың негізінде, сондай-ақ эссені бағалау нәтижелерін және конкурс сұрақтарына жауаптарды қамтитын өткiзiлген әңгiмелесудiң нәтижелері бойынша кандидаттардың қатарынан бос лауазымға орналастыру үшiн iрiктеудi жүзеге асырады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысаны қоса беріледі); 

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттарды қабылдау мерзімі - 3 ЖҰМЫС КҮНІ, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының

 

 

2-қосымшасы

 

__________________________

(мемлекеттік орган)

 

Нысан

Өтініш

 

Мені________________________________________________________________

____________________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу  конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсөткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________

____________________________________________________________________

 

 

________                                 ____________________________________

(қолы)                                       (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

 

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

8 мамыр, 2019 - 12:44 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші