A A A
Мазмұнына өту

You are here

Дала арбасы туралы

Сұрақ тақырыбы: 

Сәлематсыздарма!  Мен І топ мүгедегімін. Есімім -Бектембаев Нурбек. Сіздерге осыдан 11 ай бұрын  дала арбасы туралы хат жазғанмын, сіздердің жауаптарыңызды да алдым. Бірақ өкінішке орай былтыр беріледі деген арбадан әлі хабар жоқ. Жұмыспен қамту бөліміне келетін арбалар дала арбасы емес, тендерден ұтады сосын сол адамдар алады дейді, бірақ сол тендерге салар кезде үй арбасы мен дала арбасын ажыратып салса деймін. Менің дала арбам деп алған арбамның мерзімі өтті яғни 1,5 жыл болды өтіп кеткеніне. Береді, береді мен әлі күтудемін. Енді қанша күтемін?????   Осының шешімін тапсаңыздар екен...

Жауап: 

Құрметті Нурбек Мубаракович!

 

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Сіздің блог-платформаға жазған сауалыңызды қарап, келесіні хабарлайды.

Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ақпаратына сәйкес Сіз мүгедекті жеке оңалту бағдарламасына сәйкес протезді ортопедиялық бұйымдармен, гигиеналық  және арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етіліп отырсыз.

Бүгінгі күні сіздің өтінішіңіз негізінде серуендік кресло-арбаның мерзімі келуіне байланысты өтінішініз қанағаттандырылды.

Сұрақтың нөмірі: 360792
12 маусым, 2019 - 14:38 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші