A A A
Мазмұнына өту

You are here

«Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына есептеу (есебіне жазу) мен аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына баспасөз релиз

«Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына есептеу (есебіне жазу) мен аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына

баспасөз релизі

 

«Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына есептеу (есебіне жазу) мен аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы (бұдан әрі – қаулы жобасы)   «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы»                    2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының № 105-V   Заңының 25-1бабын және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының  Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2015 жылғы 12 тамыздағы Қазақстан  Республикасы Премьер-Министрінің № 67-Ө өкімінің  2.1.4-тармағын іске асыру үшін әзірленді.

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушінің қаражаты есебінен   жұмыскер табысының 5% мөлшерінде жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖБМЗЖ) енгізіледі. Көрсетілген зейнетақы жарналарын төлеуді енгізу азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыруда жұмыс берушілердің рөлін күшейтуге және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) зейнетақы төлемдерінің мөлшерін ұлғайтуға бағытталған.  

     Қаулы жобасында  ЖБМЗЖ  есептеу (есебіне жазу) және аудару тәртібі, ЖБМЗЖ  уақтылы аударылмаған кезде өсімпұлды төлеу және берешекті өндіру, сондай-ақ  ЖБМЗЖ  аудару кезінде қателер анықталған жағдайда агенттердің, алушылардың, Мемлекеттік корпорацияның  және БЖЗҚ-ның  әрекеті көзделеді.

           Қаулы жобасын іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкелмейді.

20 мамыр, 2019 - 12:20 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші