A A A
Мазмұнына өту

You are here

Осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс

Осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

С-2 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, С-3, C-O-2, D-3, D-O-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4,  С-3, C-O-2, D-3, D-O-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе  Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-4, B-4,  С-3, C-O-2, D-3, D-O-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі төрт жылдан кем емес;

4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, облыстық және оларға теңестiрiлген сот судьясының лауазымында қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

 5) мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдардың басқарма бастығынан немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының бөлім бастығынан төмен емес лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде ұйымдардың басшылары және олардың орынбасарлары лауазымдарында бір жылдан кем емес;**

7) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс негізінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, С-3, C-O-2, D-3, D-O-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

8) ғылыми дәрежесі болған жағдайда осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.**

С-3 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

4) өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес;

7) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

8) ғылыми дәрежесінің болуы;

9) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

С-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;

7) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

8) ғылыми дәрежесінің болуы.

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы

№ 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-2

204 046

275 719

С-3

154 141

208 294

С-4

138 248

186 551

 

1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, 010000, Астана қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, 6 кіреберіс, анықтама телефондары 8 (7172) 74-32-27, e-mail:a.netalina@enbek.gov.kz, «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды

1. Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті директорының орынбасары, С-2 санаты

Функционалдық міндеттері: Департаменттің өкілеттігі шеңберінде Министрліктің басқа да құрылымдық бөлімшелерімен және мемлекеттік органдармен  өзара іс-қимылын жалпы үйлестіру. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшыларының департамент құзыреттілігіне кіретін мәселелері бойынша, шешімдерінің және тапсырмаларының орындалуын тексеруді және бақылауды жүзеге асыру, департамент құзыреті шеңберінде нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеуге басшылық жасау, операциялық жоспар мен стратегиялық құжаттардың орындалуын және әзірленуін бақылау, әлеуметтік-еңбек саласы бойынша ақпараттық-талдау материалдарын әзірлеу, стратегиялық мақсаттарға және міндеттерге қол жеткізу бойынша және жүзеге асыру бойынша Министрлік жұмысы қызметінің тиімділігін бағалаудың жыл сайынғы жұмысын басқару және Министрліктің басшылығы жүктеген басқа да өкілеттіктерді орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар), құқық (құқықтану, халықаралық құқық), әлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес (әлеуметтану, саясаттану, психология, аймақтану, экономика, менеджмент, есеп жəне аудит, қаржы, мемлекеттік жəне жергілікті басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика, еңбекті ұйымдастыру жəне нормалау,  іскерлік əкімшілік жүргізу), жаратылыстану ғылымдары (математика, информатика), техникалық ғылымдар жəне технологиялар (автоматтандыру жəне басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы жəне бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық жəне компьютерлік модельдеу, радиотехника, электроника жəне телекоммуникациялар), қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс)

2. Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті еңбек басқармасының басшысы, С-3 санаты

Функционалдық міндеттері: Басқарма жұмысына жалпы басшылық жасау, еңбек заңнамасын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау заңнамасын жетілдіруге, еңбек, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі саласындағы стандарттарды жетілдіру мен жүйелендіруге бағытталған нормативтік құқықтық актілердің  жобаларын  әзірлеу, халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшылығының тапсырмалары бойынша материалдар мен қорытындылар дайындау, Халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл, басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, ұсыныстарын, өтініштері мен шағымдарын қарауды қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар), құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, әлемдік экономика, еңбекті ұйымдастыру және нормалау, іскерлік əкімшілікжүргізу), жаратылыстану ғылымдары (математика, информатика), техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік модельдеу, радиотехника, электроника и телекоммуникациялар)

3. Әлеуметтік қызметтер саясатын дамыту департаменті арнаулы әлеуметтік қызметтерді дамыту басқармасының басшысы, С-3 санаты

Функционалдық міндеттері: Басқарма жұмысына жалпы басшылық жасау,  арнаулы әлеуметтік қызметтер жүйесін дамыту мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Министрлік басшылығының тапсырмалары бойынша материалдар мен қорытындылар дайындау, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жүргізілетін ғылыми зерттеулерге қорытынды дайындау, халықаралық тәжірибені зерделеу, заңды және жеке тұлғалардың хаттарын, ұсыныстарын, өтініштері мен шағымдарын уақтылы қарауды қамтамасыз ету, басқарманың  құзыретіне кіретін мәселелер бойынша баяндамалар, мақалалар дайындау, арнаулы әлеуметтік қызметтер жүйесінің дамуы мен жай-күйіне мониторинг жүргізу, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетімен, жергілікті атқарушы органдармен, мүдделі министрліктермен және ведомстволармен, үкіметтік емес ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: білім беру (педагогика және психология, дефектология, математика, информатика, құқық пен экономика негіздері, қазақ тілі және әдебиет, орыс тілі және әдебиет, шет тілі: екі шет тілі, кәсіби білім, әлеуметтік педагогика), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар), құқық (құқықтану, халықаралық құқық), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану, саясаттану, психология, аймақтану, экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика, еңбекті ұйымдастыру және нормалау, іскерлік әкімшілік жүргізу), жаратылыстану ғылымдары (математика), қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс), денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медициналық-алдын алу ісі, жалпы медицина, медицина, педиатрия, дәрігерлік емдеу ісі)

4. Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің мониторинг және талдау басқармасының басшысы, С-3 санаты

Функционалдық міндеттері: Мониторингтеу және талдау басқармасы (бұдан әрі - Басқарма), жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асыру операциялық жоспарлаудың нормативтік құқықтық актілер жобасын әзірлеу және ұсыныстарды қарау, операциялық жоспардың уақтылы мониторингін қамтамасыз ету, басшылық үшін әлеуметтік-еңбек саласында талдамалық ақпаратты дайындау. Министрлікте жұмысты үйлестіру: әлеуметтік-еңбек саласында елдің бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін арттыру бойынша іс-шараларды әзірлеу; үкіметтік емес ұйымдармен, соның ішінде Қоғамдық кеңеспен өзара іс-қимыл. Департаменттің құзыреті бойынша заңды тұлғалардың ұсыныстары мен хаттарын қарауды қамтамасыз ету, сонымен қатар басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша баяндамаларды, сөз сөйлеуді, мақалаларды әзірлеу және басшылық жүктеген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар), құқық (құқықтану, халықаралық құқық), әлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес (әлеуметтану, саясаттану, психология, аймақтану, экономика, менеджмент, есеп жəне аудит, қаржы, мемлекеттік жəне жергілікті басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика, еңбекті ұйымдастыру жəне нормалау,  іскерлік əкімшілік жүргізу), жаратылыстану ғылымдары (математика, информатика), техникалық ғылымдар жəне технологиялар (автоматтандыру жəне басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы жəне бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық жəне компьютерлік модельдеу, радиотехника, электроника жəне телекоммуникациялар), қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс)

5. Ақпараттық қауіпсіздік басқармасының басшысы, С-3 санаты

Функционалдық міндеттері: - Ақпараттық қауіпсіздік басқармасының жұмысын жалпы басқаруды, үйлестіруді және жоспарлауды жүзеге асырады..

-ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.

- ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша ведомствоаралық ынтымақтастықты ұйымдастырады;

- әлеуметтік-еңбек саласындағы ақпараттық жүйелерді құру, енгізу және пайдалану тиімділігінің индикаторларын әзірлеу және мониторингтеу бойынша жұмыстарға қатысады;

- ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес әлеуметтік-еңбек саласының Интернет-ресурстарын және ақпараттық жүйелерін сертификаттау бойынша Министрліктің қызметін үйлестіреді;

- Министрліктің ақпараттық қауіпсіздік саясатын әзірлеу және бекітуді қатысады;

- ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша ағымдағы жобалар бойынша жұмыс кестелерін, техникалық тапсырмаларды, техникалық сипаттамаларды келісуге және әзірлеуге қатысады;

- ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне байланысты тауарларды және қызметтерді сатып алу шығыстарын жоспарлауға қатысады;

- басқармаға келіп түскен құжаттардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

- ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша Министрліктің қызметін үйлестіруге қатысады;

- ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу қызметін үйлестіреді;

- ақпараттық қауіпсіздік тұрғысында әлеуметтік-еңбек саласындағы ақпараттық жүйелерді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді және мониторингті қамтамасыз етеді;

- әлеуметтік-еңбек саласының ақпараттық жүйелеріне арналған техникалық құжаттаманы бекітуге және әзірлеуге қатысады;

- ақпараттық қауіпсіздік тұрғысында әлеуметтік-еңбек саласындағы ақпараттық жүйелерінің архитектурасын сүйемелдеу мен дамытуды үйлестіреді;

- комиссиялардың жұмысына, кеңестерге, семинарлар мен басқа іс-шараларға қатысуды қамтамасыз ету мақсатында Мемлекет Басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Басқарма құзыретіне қатысты мәселелер жөніндегі Министрлік басшылығының тапсырмалары бойынша анықтамалық, талдамалық және өзге де құжаттарды, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау және сөз сөйлеу үшін материалдар дайындауға қатысады;

- ведомствоға және Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарға тапсырма жобаларын дайындайды, олардың орындалуына бақылау жасайды, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша көрсетілген ұйымдардың қызметін үйлестіру процесінде айқындалған бұзушылықтарды жою бойынша тапсырмалар жобаларын дайындайды;

- мемлекеттік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді құзыреті шегінде қорғауды қамтамасыз етеді;

- Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарымен, сондай-ақ ведомствоаралық хат-хабарларымен ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша хат-хабарларды жүзеге асырады;

- заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілермен және Министрлік басшылығының шешімдерімен басқармаға жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады;

- Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен бірге басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша Министрлікке ведомстволық бағынысты ұйымдары ұсынған құжаттарды қарауды жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: техникалық ғылымдар мен технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, математикалық және компьютерлік модельдеу, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, радиотехника, электроника және телекоммуникация), әскери іс және қауіпсіздік (ақпараттық  қауіпсіздік жүйелері), жаратылыстану ғылымдары (физика, информатика, математика), құқық (құқықтану, халықаралық құқық), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару), ғылыми дәрежесінің болуы құпталады.

6. Халықты жұмыспен қамту департаменті жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшылығының тапсырмалары бойынша хаттар, материалдар мен қорытындылар дайындау, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бағдарламаларын және шараларын әзірлеуге қатысу, қолданыстағы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бағдарламаларын және шараларын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу, Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға мониторинг бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, жергілікті атқарушы органдардың қажеттілігі негізінде бюджетті қалыптастыру, оны дамыту болашағы бойынша ұсыныстар әзірлеу, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу; халықты жұмыспен қамту саласындағы орталық мемлекеттік органдармен және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасауды үйлестіру, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдармен әдіснамалық жұмыс жүргізу. Жұмыспен қамту бағдарламаларын іске асыруға бюджетті қалыптастыру, нақтылау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: құқық (құқықтану, халықаралық құқық), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану, саясаттану, аймақтану, экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика, еңбекті ұйымдастыру және нормалау, іскерлік әкімшілік жүргізу), техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік модельдеу, радиотехника, электроника и телекоммуникациялар, жылуэнергетика), қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс).

7. Мемлекеттік қызметтерді талдау және дамыту департаментінің мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты

Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру үшін  қажетті ақпараттарды жинау, мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру бойынша жоспардың орындалу барысы туралы ақпаратты жинау, жинақтау және талдау, мүдделі тараптармен жоспарларды келісу, мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру жоспарларының орындалу барысын мониторингтеу, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен, ведомстволық ұйымдарымен мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру шеңберіндегі жұмысты үйлестіру, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты  ұйымдарының  ұсыныстары негізінде басқарма құзіреті шеңберінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу,  басқарма қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу, басқарма қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу және енгізу, басқарма құзіретіне кіретін құжаттарды, сөз сөйлеулерді, мақалаларды дайында және басшылық жүктеген өзге өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар), құқық (құқықтану, халықаралық құқық), әлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес (әлеуметтану, саясаттану, психология, аймақтану, экономика, менеджмент, есеп жəне аудит, қаржы, мемлекеттік жəне жергілікті басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика, еңбекті ұйымдастыру жəне нормалау, іскерлік əкімшілік жүргізу),  жаратылыстану ғылымдары (математика, физика, информатика), техникалық ғылымдар жəне технологиялар (автоматтандыру жəне басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы жəне бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық жəне компьютерлік модельдеу, радиотехника, электроника жəне телекоммуникациялар), қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс), әскери іс жəне қауіпсіздік (ақпараттық қауіпсіздік жүйелері)

8. Қаржы департаменті бюджеттік бағдарламалар басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты

Функционалдық міндеттері: Бекітілген бюджеттік бағдарламалар бойынша тиісті қаржы жылына еңбек және әлеуметтік қорғау саласындағы бюджет жобасын әзірлеуге қатысу; ағымдағы жылдың бюджетіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін есептемелер мен негіздемелер дайындау (бюджетті нақтылау, түзету); Министрліктің Стратегиялық жоспарының 6-бөліміне ұсыныстар дайындау, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу; тиісті қаржы жылына бекітілген бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімге сәйкес келу бөлігінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша техникалық ерекшеліктерді келісуді қамтамасыз ету; міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларын жасау, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу; жоспарлы тағайындауларды уақтылы жеткізу және лимиттерді ашу; бекітілген бюджеттік бағдарламалардың орындалуына ай сайынғы мониторинг; нысаналы ағымдағы трансферттер бойынша жалпы және облыстар бөлінісінде бюджет қаражатының игерілуін талдау; бекітілген бюджеттік бағдарламалар бойынша қорытынды есепті дайындау; басқарма құзыреті шегіңде нормативтік  құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу,  Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшылығының тапсырмалары бойынша материалдар мен қорытындылар дайындау,  басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың  хаттарын, ұсыныстарын, өтініштерін қарауды қамтамасыз ету, құзыреті шеңберінде жергілікті деңгейде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау органдарымен, мемлекеттік органдармен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар)  немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы, менеджмент, статистика, әлемдік экономика, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, мемлекеттік аудит)

9. Қаржы департаменті мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты

Функционалдық міндеттері: Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды  веб-портал арқылы және мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада көзделген тәсілдер арқылы уақтылы әрі сапалы өткізу, конкурстық комиссиялардың қызметін ұйымдастыру,  мемлекеттік сатып алу бойынша хаттамаларды уақтылы ресімдеу, мемлекеттік сатып алу жеңімпаздарымен уақтылы шарт жасасу, әлеуетті өнім беруші және өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың нормаларын бұзған жағдайда Заң қызметі департаментіне тиісті ақпарат пен материалдарды уақтылы ұсыну, мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу, мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша хат алмасуды жүргізу, құрылымдық бөлімшелермен мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау, басқармаға түсетін заң жобаларына, нормативтік құқықтық актілерге ұсыныстар дайындау, басқарма құзыреті шегінде заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге  қатысу,  Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшылығының  тапсырмалары бойынша материалдар мен қорытындылар дайындау, басқарма құзіретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, шағымдарын, ұсыныстарын, хаттарын қарауды қамтамасыз ету, мемлекеттік сатып алу туралы ақпаратты қолданыстағы заңнамаға сәйкес Министрліктің сайтында орналастыру, құзыреті шеңберінде жергілікті деңгейдегі еңбек және халықты әлеуметтік қорғау органдарымен, мемлекеттік органдармен, халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы, менеджмент, статистика, әлемдік экономика, есеп және аудит,  мемлекеттік және жергілікті басқару, мемлекеттік аудит)

Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе осы Қағидалардың 4-қосымшасында белгіленген параметрлерге сәйкес Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

Әңгімелесу өткiзілгеннен кейiн екі жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізілетін қорытынды отырыста конкурс комиссиясы кандидаттарды ұсынылған құжаттардың негізінде, сондай-ақ эссені бағалау нәтижелерін және конкурс сұрақтарына жауаптарды қамтитын өткiзiлген әңгiмелесудiң нәтижелері бойынша кандидаттардың қатарынан бос лауазымға орналастыру үшiн iрiктеудi жүзеге асырады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысаны қоса беріледі); 

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттарды қабылдау мерзімі - 3 ЖҰМЫС КҮНІ, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz

 

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының

 

__________________________

(мемлекеттік орган)

 

Нысан

Өтініш

 

Мені________________________________________________________________

____________________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу  конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсөткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________

____________________________________________________________________

 

 

________                                 ____________________________________

(қолы)                                       (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

 

 

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

 

 

 

 

22 мамыр, 2019 - 11:30 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші