check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

ӨенМұнайГаз АҚ келісімшарт бойынша оқытып алып, жұмысқа шақырмай жүр

Сұрақ тақырыбы: 

                                                      Қайырлы күн!!!

                                      Жұмыстарыңның жемісті болсын!!!

           2019ж - Жастар жылы деп жастарға көңіл бөліп жатқаныңызға рахмет!

Осы таңға дейін шешілмей жүрген мәселем бар еді, соған ықпал етсеңіз деген өтінішім бар еді.

Мен 2008-2011 ж «ӨзенМұнайГаз» АҚ келісімшарты №2514-25 03.10.2008ж бойынша  арнайы-орта білім алып едім. Дипломдағы бағаларым GPA шкаласы бойынша 5.0 құрайды. Оқуды жақсы аяқтадым. Оқу біткен соң «ӨзенМұнайГаз» АҚ келісімшарты бойынша олар жұмысқа қабылдауға тиіс, себебі олар өздерінің Компаниясына керек деп білікті кадрларды дайындады. «Правила отбора кандидатов для оплаты обучения за счет средств АО РД «КазМунайГаз» №П-25-34» құжатына сүйенсек не мақсатта оқытып жатқаны айқын жазылған және ҚР Еңбек Кодексінің «9-тарау 118-бап КӘСІПТІК ДАЯРЛАУ, ҚАЙТА ДАЯРЛАУ ЖӘНЕ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ» сәйкес барлық жағдай жасауы тиіс еді.

Оқу бітіргелі 8 жылда қаншама адам пенсияға шықты, жұмыстан да шығып жатыр. Аутсорсинг қызметіне де адам алып жатыр, бірақ оған да кіргізбейді. Вакансиялар ашық түрде өткізілмейді.

Мен де осы қаланың тұрғыны болған соң, қаламның ең беделді компаниясында жұмыс жасағым келеді. Ел қатарлы болғым келеді. Ол үшін менде жоғары білім де бар, жұмыс тәжірибе де, келісімшарт та бар, бірақ соған қарамастан қанағаттандырылмай жатыр!

Осы таңға дейін не акимат, не жұмыспен қамту орталығы не болмаса Өзенмұнайгаз шешпегесін Министрлікке жолдап отырмын!

Жауап: 

А. Махатаевқа

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы,

Самал шағын ауданы, 22 үй, 27 пәтер

 

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) Халықты жұмыспен қамту департаменті Сіздің жұмысқа орналастыруға жәрдем көрсету туралы өтінішіңізді өз құзыреті шегінде қарап, келесіні хабарлайды.

2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі − Заң) сәйкес мемлекет азаматтарға жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауға, жұмыс таңдау мен уәкілетті органдардың делдалдығы арқылы жұмысқа орналастыруға басымдық береді.

Заңға сәйкес, Халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі − Орталық) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын көрсетеді, жұмыс іздеп жүрген адамдарға және жұмыссыздарға лайықты жұмыс таңдауда жәрдемдеседі, әлеуметтік кәсіптік бағдарлау бойынша қызметтер көрсетеді.

Жаңаөзен қаласы әкімдігі халықты жұмыспен қамту орталығының мәліметінше, қоғамдық жұмыс орындары ұсынылды, алайда өз еркіңізбен бас тарттыңыз.

Сондай-ақ, Орталыққа «Өзенмұнайгаз» АҚ-на қарасты мекемелерден бос жұмыс орындарына сұраныс түспеді.

Бұл ретте, жұмыс іздеп жүрген адам жұмыс іздеуге, сондай-ақ кәсіптік оқытуға қатысуға мүдделілік білдіруге тиіс (Заңның 13-бабы, 3-тармағы).

Еңбек Кодексінің 23-бабына сәйкес, жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау кезінде таңдау еркіндігіне құқығы бар екенін ескере отырып, жұмыс берушіге жұмысқа орналастыру барысында қандайда мәжбүрлеу нысандары, сондай-ақ үшінші тұлғалар тарапынан заңнамамен тыйым салынатынын қосымша хабарлаймыз.

Осылайша, Орталық жұмысқа орналастыруға жәрдем көрсетеді, ал жұмысқа қабылдау туралы шешімді жұмыс беруші қабылдайды.

Сонымен қатар, еңбек қатынастары мәселелері бойынша тұрғылықты мекенжайыңыздағы Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясына жүгінуді ұсынамыз.

Баяндалғандарды ескере отырып, жұмыспен қамтудың мемлекеттік қолдау шараларын алу қажеттілігі, сондай-ақ осы мәселелермен байланысты басқа да сұрақтар туындаған жағдайда, тұрғылықты мекенжайыңыздағы Орталыққа жүгінуді ұсынамыз.

Осы жауаппен келіспеген жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасы заңының 12-бабында көзделген тәртіппен жоғары тұрған органға немесе сотқа жүгінуге құқылы екеніңізді ескертеміз.

Сұрақтың нөмірі: 360995
17 маусым, 2019 - 19:37 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші