check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Министрдің техникалық және кәсіби білім мәселелері бойынша ҚР Үкіметі отырысындағы баяндамасы 2019 ж 28 мамыр

Құрметті Аскар Ұзақбайұлы

Құрметті әріптестер!

 

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев ағымдағы жылғы 17 мамырда Үкіметтің алдына мемлекеттің жұмыспен қамту саясатын іске асыру бойынша жеті негізгі міндеттер қойды.

Міндеттердің біреуі елдің экономикасын құзіреттілік пен ұтқырлықтың жоғары деңгейін меңгерген білікті мамандармен қамтамасыз ету болып табылады.

2025 жылы халық саны 19,8 млн.-ға дейін ұлғаяды деп болжануда, ал жұмыс күші 9,8 млн.адамды құрайтын болады. 

Еңбек нарығында жұмыс күшінің келуі мен кетуі бойынша айрықша өзгерістер болады.

Біріншіден, 2025 жылға дейін зейнет жасына жетуіне байланысты 680 мыңнан астам азаматтың кетуі күтілуде. Жыл сайын орташа есеппен декреттік демалысқа шамамен 200 мың адам шығады және 100 мыңға жуық адам зейнеткерлікке шығады.

Екіншіден, еңбек нарығына келетін жастар үлесі артуда, жылына орта есеппен 180 мыңға жуық техникалық және кәсіби білім мен жоғарғы оқу орындарының түлектері. Оларды сұранысқа ие дағдылармен және бастапқы жұмыс орындарының жеткілікті санымен қамтамасыз ету қажет.

2025 жылға қарай бірінші кезекте орта біліктілігі бар кадрлар тапшылығымен байланысты құрылымдық теңгерімсіздіктер болуы мүмкін, төмен білікті еңбекке сұраныс қысқарады, ал жұмыс күшіне талаптар артады.

Алдын-ала болжам бойынша кадрларға қосымша қажеттілік 573 мыңнан астам адамды құрайды, орта және жоғары білікті жұмыс орындары қатарының артуы күтіледі.

 Салалар бөлінісінде жалдамалы жұмыскерлерге негізгі қажеттілік  сауда және білім саласында күтілуде, ал электр, электрмен қамту және өзге жеке қызмет салаларында елеусіз қысқартылу болады.

 Өңірлер бөлінісінде жалдамалы жұмыскерлерге негізгі қажеттілік Түркістан облысында, Шымкент, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында күтілуде.

 

Кәсіби білімі бар жұмыспен қамтылғандардың саны 38%-ға өсті және 6,5 млн адамды құрайды, техникалық-кәсіби білімі бар 3,2 млн. адамға  дейін 40%-ға, жоғары білімі бар 3,4 млн.адамға дейін 38%-ға өсті.

2025 жылға қарай орташа білікті кадрлар тапшылығымен байланысты құрылымдық теңгерімсіздік болуы мүмкін, төмен білікті еңбекке сұраныс қысқартылып, жұмыс күшіне талаптар арттырылады.

 Бүгінгі күні ірі және орташа жұмыс берушілердің 28% өз жұмыскерлеріне біліктілікті арттыру бағдарламаларын ұсынады, нәтижесінде жалдамалы жұмыскерлердің 3,4% ғана жұмыс орнында қайта оқыту бағдарламасынан өтеді немесе біліктілігін арттырады.

Кейбір өзекті бағыттарға тоқтауға рұқсат етіңіздер: 

Бірінші бағыт.

2019 жылдың соңына дейін еңбек нарығында кадрларға қажеттілік болжамын шешу үшін Еңбек ресурстарын ұлттық болжамдау жүйесі құрылатын болады.

Оның негізгі міндеті – еңбек нарығында еңбек ресурстарының ұсыныстарын болжамдау және экономика үшін қажет кадрларға сұранысты қалыптастыру.

Ұлттық болжамдау жүйесі 2050 жылға дейінгі демографиялық модель, еңбек нарығының 2025 жылға дейінгі макроэкономикалық моделі және алдағы екі жылға қысқа мерзімді болжам  негізінде  үш деңгейлі әдістемеде құрылады.

Бүгінгі күні барлық мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл тәртібі, бірыңғай қағидалар арқылы есептеу  алгоритмдері мен әдістемелері айқындалған, сондай-ақ «Атамекен» Ұлттық палатасымен бірлесіп қысқа мерзімді болжамды қалыптастырған кезде нәтижелерді пайдалану үшін жұмыс берушілерге сауалнама жүргізу жоспарланып отыр.

Жалпы, ұлттық болжамдау жүйесінің нәтижелері техникалық және кәсіптік, сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру кезінде қысқа мерзімді даярлау және қайта даярлау ұйымдарында пайдаланатын болады,

Ұлттық біліктілік жүйесін дамытудың екінші бағыты еңбек ресурстарының біліктілігін еңбек нарығындағы қажеттіліктерге сәйкестігін қамтамасыз етеді.

Бүгінгі күні Ұлттық біліктілік жүйесін енгізу бойынша қажетті нормативтік база жасалды.

Еуропалық біліктілік шеңбері негізінде 8 біліктілік деңгейін айқындайтын Ұлттық біліктілік шеңбері қабылданды.

2018 жылғы қаңтардан бастап жан-жақты толықтырылған жаңа кәсіптер классификаторы қолданысқа енгізілді, онда 12 мың кәсіп пен лауазым қамтылған.

Қазіргі уақытта 106 кәсіптік стандарт әзірленді (2016 ж. – 36, 2018 ж. - 70), оларда жұмыс берушілер жұмыскерлердің біліміне, дағдылары мен құзыретіне қоятын талаптары көрсетілген.

Ағымдағы жылы 12 басым сала бойынша 480 кәсіптік стандарт пен 38 салалық шеңберді әзірлеу және бекіту жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, аталған жұмыс барысында әзірленіп жатқан құжаттардың жеткіліксіз сапасы, жұмыс берушілер мен мемлекеттік органдардың формальды қатысуы, сондай-ақ білікті сарапшылардың жоқтығы сияқты проблемалар анықталды.

Салалық жұмыс берушілерді кәсіптік стандарттар әзірлеуге тарту мақсатында салалық Министрліктер басшыларының қатарынан Жобалық топ құрылды.

Жобалық топтың күш-жігері биылғы жылдың аяғына дейін сұранысқа ие 100 сервистік және индустриалдық кәсіпті міндетті түрде қамтитын 480 кәсіптік стандартты әзірлеуге және олардың негізінде білім беру бағдарламаларын дайындауға бағытталады.

Біліктілік жүйесін одан әрі дамыту үшін Министрлік халықаралық сарапшыларды тарта отырып, Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту жөніндегі 2025 жылға дейінгі жол картасын әзірлеуде, ол екінші жартыжылдықта қабылданады.

Үшінші бағыт.  Сертификаттаудың тәуелсіз жүйесін енгізу.

Сертификаттау және біліктілікті танудың бірыңғай жүйесіне өту үшін басқарудың 3 сатылы моделін енгізу жоспарланып отыр: Біліктілік жөніндегі ұлттық кеңес – Ұлттық біліктілік органы – салалық кеңестер.

Сертификаттау және біліктілікті тану жүйесінің жұмыс істеуі үшін жауапкершілік Ұлттық біліктілік органына жүктелетін болады.

Министрлік қойылған мақсатқа жыл соңына дейін жету үшін мемлекеттік органдармен және Ұлттық палатамен бірге кәсіптік біліктілік жөніндегі заң жобасының тұжырымдамасын әзірлейді. 

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы, Ұлттық біліктілік жүйесін құрған кезде мүдделі тараптардың дұрыс жолға қойылған өзара іс-қимылы ел басшылығы қойған мақсаттарға жетуге мүмкіндік береді.

Жалпы, біліктілік деңгейі мен жұмысқа орналастыру осы бағытта негізгі индикаторларға айналуға тиіс.

Сондықтан мемлекеттік органдарға ағымдағы жылдың аяғына дейін кәсіптік стандарттарды әзірлеу және бекіту мәселелерін ерекше бақылауға алуды тапсыруды сұраймын.

Назарларыңызға рақмет!

 

 

28 мамыр, 2019 - 09:53 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші