A A A
Мазмұнына өту

You are here

Осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс

Осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

Мемлекеттік басқарудың тиісті саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға бағытталған функциялар жүктелген бөлімшелер мен ведомстолардың С-1 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

міндетті түрде "Б" корпусының А, В, C-O, C-R, D, D-O, E, E-R, E-G санаттағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

сонда й-ақ жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бес жылдан кем емес;

4) өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, облыстық және оларға теңестірілген сот судьясының лауазымында қызмет өтілі екі жыл алты айдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдардың департамент бастығының орынбасарынан немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының басқарма бастығынан төмен емес лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес, оның ішінде жылдық орташа штат саны елу адамнан кем емес ұйымдардың басшылары және олардың орынбасарлары лауазымдарында жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

7) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

8) ғылыми дәрежесі болған жағдайда осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.

С-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;

7) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

8) ғылыми дәрежесінің болуы.

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-1

289 699

391 103

С-4

138 248

186 551

 

I. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, 010000, Астана қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, 6 кіреберіс, анықтама телефондары 8 (7172) 74-32-27, e-mail:a.netalina@enbek.gov.kz «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

1. Қоғаммен байланыс департаментінің директоры, С-1 санаты

Функционалдық міндеттері: Департамент қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыру. Министрлік жұмысының басым бағыттары бойынша негізгі бағыттарды айқындау және ақпараттық-түсіндіру саясатын ұйымдастыру. БАҚ үшін сөз сөйлеулердің, топиктердің, анықтамалық және талдау материалдарының мәтіндерін дайындауды қамтамасыз ету, Министрдің, Министрдің орынбасарларының, жауапты хатшының, құрылымдық бөлімшелер басшыларының қатысуымен мерзімді басылымдар үшін мақалалар, репортаждар, сұхбат, жазбалар жазу. Министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне, Комитетке, оның аумақтық бөлімшелеріне, Министрліктің жетекшілік ететін салалары бойынша жергілікті атқарушы органдарға консультациялық көмек көрсету. Кіріс және шығыс ақпарат бойынша материалдар мен қорытындылардың уақтылы дайындалуын үйлестіру және бақылау. Министрліктің ақпараттық саясатын әзірлеуді және іске асыруды қамтамасыз ету. Министрліктің оң имиджін қалыптастыруға бағытталған шаралар кешенін әзірлеуді қамтамасыз ету. Министрлік жұмысының басым бағыттары бойынша ақпараттық-түсіндіру саясатын іске асыруды қамтамасыз ету. Министрліктің жұмысы туралы ақпараттық материалдармен БАҚ-ты жедел қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіру. Министрдің қатысуымен сұхбат, баспасөз-конференциялар, брифингтер, баспасөз-турлар, кездесулер, ресми сапарлар ұйымдастыру және өткізу. Мемлекеттік органдармен, БАҚ, жоғары тұрған және басқа да мемлекеттік органдардың, саяси партиялардың, квазимемлекеттік сектор мен үкіметтік емес ұйымдардың баспасөз қызметтерімен өзара іс-қимыл жасау. Министрліктің және оның ведомстволық бағынысты ұйымдары өкілдерінің министрліктердің қызметін жариялау жөніндегі теле - және радиохабарларға қатысуы жөніндегі жобаларды үйлестіру. Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін бағалау жөніндегі жұмысқа қатысу. Қазақстан Республикасы Президентінің, Премьер-Министрінің, Үкіметтің, Президент Әкімшілігі басшылығының және Премьер - Министр Кеңсесінің бағдарламалық құжаттары мен тапсырмаларын іске асыру бойынша есептерді дайындау жөніндегі жұмысты үйлестіру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: білім (қазақ тілі мен əдебиеті, орыс тілі мен əдебиеті, шетел тілі: екі шетел тілі,) гуманитарлық ғылымдар (филология, шетел филологиясы) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (журналистика, қоғамдық байланыс, саясаттану, әлеуметтану)

2. Қоғаммен байланыс департаментінің бас сарапшысы, С-4 санаты, 21-02

Функционалдық міндеттері: Департаменттің құзыретіне сәйкес Министрліктің нормативтік құқықтық актілері мен құжаттарының жобаларын әзірлеуді жүзеге асыру. Министрліктің оң имиджін қалыптастыруға бағытталған шаралар кешенін әзірлеу. Қазақстан Республикасы Президентінің, Премьер-Министрінің, Үкіметтің, Президент Әкімшілігі басшылығының және Премьер-Министрі Кеңсесінің бағдарламалық құжаттары мен тапсырмаларын іске асыру бойынша есептерді дайындау. Министрліктің іс-шараларында аккредиттелген журналистердің жұмысын ұйымдастыру, журналистерді Министрлік қызметінің мәселелері бойынша ақпараттық-анықтамалық материалдармен қамтамасыз ету, ақпараттық-анықтамалық материалдардың электрондық нұсқаларын, баспасөз релиздерін БАҚ-қа жедел тарату. Министрліктің отырыстарын, жұмыс сапарларын, ресми кездесулерін және басқа да іс-шараларын дайындауға және өткізуге қатысу. Министрлік қызметкерлерінің баспасөз конференцияларын, брифингтерін, сұхбаттарын және іскерлік кездесулерін ұйымдастыру, Министрліктің іс-шараларын имидждік сүйемелдеу. Сұхбаттардың, мақалалардың, ақпараттық материалдардың, сөз сөйлеу мәтіндерінің жобаларын дайындау. БАҚ-та сұхбат, мақала, ақпараттық материалдар, баспасөз релиздерін дайындау және жариялау, ақпараттық саясатты коммуникативтік сүйемелдеу. Министрліктің жұмысын интернетте ілгерлету бойынша ұсыныстар әзірлеу. Мемлекеттік, орталық және жергілікті атқарушы органдармен ресми хат алмасу. Жоғары тұрған және басқа да мемлекеттік органдардың, саяси партиялардың, квазимемлекеттік сектордың және үкіметтік емес ұйымдардың баспасөз қызметтерімен өзара іс-қимыл жасау; БАҚ сауалдарына жауап дайындау. Министрліктің медиа-жоспарын жасау және оның орындалуын бақылау. Министрліктің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында және Министрліктің Web-сайтында ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз ету. Сұхбат, брифингтер, баспасөз конференциялары үшін имидждік алаңдарды ұйымдастыру. Министрліктің веб-сайтының жұмысын техникалық қамтамасыз ету, дизайнды жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар дайындау. Facebook, Twitter, Vk.com, Youtube және т. б.әлеуметтік желілерінде Министрлік парақшаларын құру, жедел толтыру, мониторингілеу. Кіріс және шығыс ақпараттар бойынша материалдар мен қорытындылар дайындауды жүзеге асыру. Департамент  құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, ұлттық холдингтер мен акционерлік қоғамдардың баспасөз қызметтерімен өзара іс-қимылды жүзеге асыру. Министрліктің ресми Интернет-ресурсы мен Министр блогының жұмыс істеуі бойынша жұмыстарды қамтамасыз ету. Белгіленген мерзімде басшылықтың тапсырмаларын орындау, сондай-ақ Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қажетті құжаттар мен материалдарды Департаменттің басқа құрылымдық бөлімшелерінің дайындауға қатысуын қамтамасыз ету. Құжаттарды есепке алу мен сақтауды, оларды Министрліктің мұрағатына сақтауға бергенге дейін олардың жай-күйі мен сақталуын бақылауды қамтамасыз ету. Министрліктің басшылығына Департаменттің қызметі туралы есептерді (ұсыныстарды, жоспарларды) сапалы және уақтылы ұсынуды қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: білім (қазақ тілі мен əдебиеті, орыс тілі мен əдебиеті, шетел тілі: екі шетел тілі,) гуманитарлық ғылымдар (филология, шетел филологиясы) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (журналистика, қоғамдық байланыс, саясаттану, әлеуметтану)

3. Қоғаммен байланыс департаментінің бас сарапшысы, С-4 санаты, 21-03

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Президентінің, Премьер - Министрінің, Үкіметтің, Президент Әкімшілігі басшылығының және Премьер - Министр Кеңсесінің бағдарламалық құжаттары мен тапсырмаларын іске асыру бойынша есептерді дайындау. Министрліктің PR-стратегиясын, коммуникацияларды, соның ішінде дағдарысқа қарсы басқару жүйесін, коммуникацияның бақыланатын және бақыланбайтын құралдарына әсер ету тактикасын жетілдіру бойынша жұмысқа қатысу. Министрліктің оң имиджін қалыптастыруға бағытталған шаралар кешенін әзірлеуге қатысу, БАҚ үшін баспасөз релиздерін және ақпараттық хабарламаларды дайындау. Ақпаратты талдау және мониторингілеу,құрылымдық бөлімшелер ұсынатын ақпаратты жинау, зерделеу және өңдеу, Министрлік жұмысының негізгі бағыттары бойынша ақпараттық кеңістіктің мониторингі, «жағымсыз» салдарларды болдырмау үшін жедел ұсыныстар енгізу. Министрліктің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында және Министрліктің Web-сайтында жариялауды қамтамасыз ету. БАҚ үшін баспасөз-релиздерді, ақпараттық хабарламаларды; апта сайынғы/ай сайынғы/тоқсандық есептерді дайындау; Министрліктің оқиғалық жоспарын жасау, оның іске асырылуын бақылау/ жариялау. Министрліктің веб-сайтының жұмыс істеуін қамтамасыз ету (толтыру жеделдігі, ақпараттың өзектілігі, әлеуметтік желілерді мониторинглеу (Facebook, Twitter, Vk.com, Youtube және т. б.). Министрдің блогындағы ақпаратты өзектендіру бойынша жұмысты жүзеге асыру. Келіп түскен сұрақтарға жауап дайындауды жүзеге асыру. Кіріс және шығыс ақпараттар бойынша материалдар мен қорытындылар дайындау мемлекеттік органдармен хат алмасу. Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, ұлттық холдингтер мен акционерлік қоғамдардың баспасөз қызметтерімен өзара іс-қимыл жасау. БАҚ-тың қатысуымен Министрліктің баспасөз конференцияларын, брифингтерін, әртүрлі іс-шараларын ұйымдастыру. Құжаттарды есепке алу мен сақтауды, оларды Министрліктің мұрағатына сақтауға бергенге дейін олардың жай-күйі мен сақталуын бақылауды қамтамасыз ету. Министрліктің басшылығына Департаменттің қызметі туралы есептерді (ұсыныстарды, жоспарларды) сапалы және уақтылы ұсынуды қамтамасыз ету. Белгіленген мерзімде басшылықтың тапсырмаларын орындау, сондай-ақ Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қажетті құжаттар мен материалдарды дайындауға қатысу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: білім (қазақ тілі мен əдебиеті, орыс тілі мен əдебиеті, шетел тілі: екі шетел тілі,) гуманитарлық ғылымдар (филология, шетел филологиясы) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (журналистика, қоғамдық байланыс, саясаттану, әлеуметтану)

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (Агенттігінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы) 53-тармағына сәйкес әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.

Қағидаларының 91- тармағына сәйкес Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысаны қоса беріледі); 

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі - 3 ЖҰМЫС КҮНІ, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz

 

 

___________________________________
     
(мемлекеттік орган)    

                           

Өтініш

 

Мені______________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
_______ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

 

Қоса берілген құжаттар:

_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны _______________________________
________________________________________________________________

      

 

__________                                ____________________________________
(қолы)                                                              (Т.А.Ә. (болған жағдайда))

      

 

«____»_______________ 20__ ж.

31 мамыр, 2019 - 16:22 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші