A A A
Мазмұнына өту

You are here

Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік- біліктілік анықтамалығын (4 -шығарылым) бекіту туралы

Жұмыстар мен жұмысшы

кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-

біліктілік анықтамалығын
(4 -шығарылым) бекіту туралы

 

 

2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің     16-бабының 16-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (4-шығарылым) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту және жоспарлау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберуді;

3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. «Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (4-шығарылым) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 180-ө-м бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8463 болып тіркелген, 2013 жылғы                    4 қыркүйектегі № 132 (2333) «Заң газеті» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.Ж. Жылқыбаевқа жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

       Еңбек және халықты әлеуметтік

         қорғау министрі                                                                Б. Сапарбаев

 

 

 

Результаты согласования

Министерство труда и социальной защиты населения РК - директор департамента Еркинбек Рахимбаевич Амиргалиев, 29.04.2019 17:27:25, положительный результат проверки ЭЦП

Министерство образования и науки РК - Министр Куляш Ногатаевна Шамшидинова, 13.05.2019 14:53:36, положительный результат проверки ЭЦП

Министерство индустрии и инфраструктурного развития РК - министр Роман Васильевич Скляр, 16.05.2019 14:47:45, положительный результат проверки ЭЦП

Министерство юстиции РК - вице министр Наталья Виссарионовна Пан, 30.05.2019 09:37:16, положительный результат проверки ЭЦП

Результаты подписания

Министерство труда и социальной защиты населения РК - Министр Бердыбек Машбекович Сапарбаев, 30.05.2019 11:01:15, положительный результат проверки ЭЦП

 

 

ТіркемеМөлшер
Package icon btba_4.zip501.96 KB
Бөлімдер:
1 маусым, 2019 - 12:38 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші