A A A
Мазмұнына өту

You are here

Осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс

Осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

С-2 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, С-3, C-O-2, D-3, D-O-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4,  С-3, C-O-2, D-3, D-O-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе  Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-4, B-4,  С-3, C-O-2, D-3, D-O-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі төрт жылдан кем емес;

4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, облыстық және оларға теңестiрiлген сот судьясының лауазымында қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

 5) мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдардың басқарма бастығынан немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының бөлім бастығынан төмен емес лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде ұйымдардың басшылары және олардың орынбасарлары лауазымдарында бір жылдан кем емес;**

7) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс негізінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, С-3, C-O-2, D-3, D-O-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

8) ғылыми дәрежесі болған жағдайда осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.**

С-3 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

4) өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес;

7) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

8) ғылыми дәрежесінің болуы;

9) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

С-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;

7) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

8) ғылыми дәрежесінің болуы.

 

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы

№ 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-2

204 046

275 719

С-3

154 141

208 294

С-4

138 248

186 551

1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, 010000, Астана қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, 6 кіреберіс, анықтама телефондары 8 (7172) 74-32-27, e-mail:s.mukhametalina@enbek.gov.kz, «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды

1. Әлеуметтік қызметтер саясатын дамыту департаменті директорының орынбасары, С-2 санаты                                               Функционалдық міндеттері: Департамент директоры болмаған кезде Департаментке жалпы басшылықты қамтамасыз етеді, басқармалардың жұмысын үйлестіру мен ұйымдастыруды, қызметкерлердің функционалдық  міндеттерін сақтауын қамтамасыз етеді, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуды дамыту, мүгедектігі бар адамдарды  әлеуметтік қорғау және медициналық-әлеуметтік сараптама жүйелерін дамыту саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын  әзірлеуге басшылық жасау, Қазақстан Республикасы Президентінің,  Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшыларының тапсырмаларының орындалуына бақылауды жүзеге асыру, департаменттің құзыреті шегінде бюджеттік бағдарламаларға қажеттілік мен есептерді дайындау мәселелері бойынша басшылық жасау, департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің іске асырылуына мониторинг жүргізу бойынша ұйымдастыру-әдістемелік жұмысты қамтамасыз ету. Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен  және ведомстволық бағынысты ұйымдарымен, жергілікті атқарушы органдармен, мүдделі мемлекеттік органдармен және ведомстволармен үкіметтік емес ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасасу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар), құқық (құқықтану, халықаралық құқық), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану, саясаттану, психология, аймақтану, экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика, еңбекті ұйымдастыру және нормалау, іскерлік әкімшілік жүргізу), жаратылыстану ғылымдары (математика), қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс), денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медициналық-алдын алу ісі, жалпы медицина, медицина, педиатрия, дәрігерлік емдеу ісі)

2. Мемлекеттік қызметтерді талдау және  дамыту департаментінің мемлекеттік қызметтерді талдау және мониторингтеу басқармасының басшысы, С-3 санаты

Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік қызметтерді талдау және мониторингтеу басқармасының (бұдан әрі - Басқарма) жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асыру, мемлекеттік қызметтерді талдау және мониторингтеу бойынша жоспарларды әзірлеу және орындау,   мемлекеттік қызметтерді талдау және мониторингтеу әдіснамасын әзірлеу және тұрақты жақсарту, Министрлік мемлекеттік қызметті ұсынған кезде қызмет беруші қызметінің тиімділігін бағалау бойынша ақпаратты талдау, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты  ұйымдарының және өзге мүдделі тараптардың басшыларымен мемлекеттік қызметтерді талдау және мониторингтеу шеңберіндегі жұмысты үйлестіру, мемлекеттік қызметтерді ұсыну тиімділігін арттыру үшін ұсыныстар әзірлеуді басқару, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты  ұйымдарының ұсыныстары негізінде басқару құзіреттілігі шеңберінде нормативтік құқықтық актілер жобасын әзірлеуді басқару, басқарма қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарды әзірлеуді және енгізуді басқару, басқарма құзіретіне кіретін құжаттарды, сөз сөйлеулерді, мақалаларды дайындауды басқару және басшылық жүктеген өзге өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар Жоғары білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар), құқық (құқықтану, халықаралық құқық), әлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес (әлеуметтану, саясаттану, психология, аймақтану, экономика, менеджмент, есеп жəне аудит, қаржы, мемлекеттік жəне жергілікті басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика, еңбекті ұйымдастыру жəне нормалау, іскерлік əкімшілік жүргізу), техникалық ғылымдар жəне технологиялар (автоматтандыру жəне басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы жəне бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық жəне компьютерлік модельдеу, радиотехника, электроника жəне телекоммуникациялар), қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс), әскери іс жəне қауіпсіздік (ақпараттық қауіпсіздік жүйелері)

3. Қаржы департаменті бюджеттік бағдарламалар басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 15-01-03

Функционалдық міндеттері: Бекітілген бюджеттік бағдарламалар бойынша тиісті қаржы жылына еңбек және әлеуметтік қорғау саласындағы бюджет жобасын әзірлеуге қатысу; ағымдағы жылдың бюджетіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін есептемелер мен негіздемелер дайындау (бюджетті нақтылау, түзету); Министрліктің Стратегиялық жоспарының 6-бөліміне ұсыныстар дайындау, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу; тиісті қаржы жылына бекітілген бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімге сәйкес келу бөлігінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша техникалық ерекшеліктерді келісуді қамтамасыз ету; міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларын жасау, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу; жоспарлы тағайындауларды уақтылы жеткізу және лимиттерді ашу; бекітілген бюджеттік бағдарламалардың орындалуына ай сайынғы мониторинг; нысаналы ағымдағы трансферттер бойынша жалпы және облыстар бөлінісінде бюджет қаражатының игерілуін талдау; бекітілген бюджеттік бағдарламалар бойынша қорытынды есепті дайындау; басқарма құзыреті шегіңде нормативтік  құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу,  Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшылығының тапсырмалары бойынша материалдар мен қорытындылар дайындау,  басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың  хаттарын, ұсыныстарын, өтініштерін қарауды қамтамасыз ету, құзыреті шеңберінде жергілікті деңгейде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау органдарымен, мемлекеттік органдармен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар)  немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы, менеджмент, статистика, әлемдік экономика, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, мемлекеттік аудит)

Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе осы Қағидалардың 4-қосымшасында белгіленген параметрлерге сәйкес Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысаны қоса беріледі); 

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі - 3 ЖҰМЫС КҮНІ, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz

 

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының

 

__________________________

(мемлекеттік орган)

Өтініш

 

Мені________________________________________________________________

____________________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу  конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсөткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________

____________________________________________________________________

 

 

________                                 ____________________________________

(қолы)                                       (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

 

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

7 маусым, 2019 - 23:42 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші