A A A
Мазмұнына өту

You are here

Жалпы конкурс

Жалпы конкурс

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

                для категории С-5: высшее образование; наличие следующих компетенций: стрессоустойчивость, инициативность, ответственность, ориентация на потребителя услуг и его информирование, добропорядочность, саморазвитие, оперативность, сотрудничество и взаимодействие, управление деятельностью, принятие решений, лидерство, стратегическое мышление, управление изменениями;

                опыт работы не требуется.

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы

№ 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:

 

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-2

204 041

275 664

С-4

138 248

186 551

С-5

104102

140746

 

                1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, 010000, Астана қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, 6 кіреберіс, анықтама телефондары 8 (7172) 74-32-27, e-mail: s.mukhametalina@enbek.gov.kz, «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды

                1. Қаржы департаменті ведомстволық бағынысты ұйымдармен жұмыс басқармасының сарапшысы
 (
15.09.2019 ж. негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне) , С-5 санаты

                Функционалдық міндеттері:     Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың даму жоспарларын және олардың орындалуы бойынша есептерін қарау, келісу және бекітуге дайындау, акционерлік қоғамдардың жылдық қаржылық есептілігін бекітуге дайындау,  жетекшілік ететін ведомстволық бағынысты акционерлік қоғамдардың Директорлар кеңесінің отырысына ұсынылған материалдарды қарау және олар бойынша қорытынды дайындау, Министрлікке бағынысты ведомстволық бағынысты ұйымдарды құру, тарату, қайта құру немесе құқықтық мәртебесін өзгеше өзгерту мәселелерін қарауға қатысу, жетекшілік ететін ведомстволық бағынысты ұйымдардың даму бағдарламаларын орындауына мониторинг жүргізу және Есептілікті тапсырудың бірыңғай жүйесі (ЕТБЖ) базасына деректерді енгізу, басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тиісті құзыретті органдарға тоқсан сайынғы ақпаратты ұсыну, ведомстволық бағынысты ұйымдардың бюджеттік бағдарламалары (кіші бағдарламалары) бойынша үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру, бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) жобаларын дайындау және келісу, бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) орындалуы туралы есеп дайындау, басқарма құзыретіне кіретін жетекшілік ететін бюджеттік бағдарламалар бойынша қаражаттың игерілуін мониторингілеу және талдау, Министрліктің стратегиялық даму жоспарын және операциялық жоспарын әзірлеуге қатысу, басқарма құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары бойынша материалдар мен қорытындылар дайындау, республикалық бюджет комиссиясының, Үкіметтің отырыстарына ведомстволық бағынысты ұйымдардың бюджеттік бағдарламалары (кіші бағдарламалары) бойынша,  сондай-ақ Үкіметтің есебін Парламентте қорғау үшін  материалдар дайындау, басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың хаттарын, ұсыныстарын, өтініштері мен шағымдарын қарауды қамтамасыз ету, бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) жобаларын және олардың орындалуы туралы есептерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет ресурсында орналастыру, құзыреті шеңберінде жергілікті деңгейдегі еңбек және халықты әлеуметтік қорғау органдарымен, мемлекеттік органдармен, халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау.

                Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы, менеджмент, статистика, әлемдік экономика, есеп және аудит,  мемлекеттік және жергілікті басқару, мемлекеттік аудит)

                2. Қаржы департаменті мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру басқармасының сарапшысы, С-5 санаты

                Функционалдық міндеттері: Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды  веб-портал арқылы және мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада көзделген тәсілдер арқылы уақтылы әрі сапалы өткізу, конкурстық комиссиялардың қызметін ұйымдастыру,  мемлекеттік сатып алу бойынша хаттамаларды уақтылы ресімдеу, мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу, мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша хат алмасуды жүргізу, құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге  қатысу,  Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшылығының  тапсырмалары бойынша материалдар мен қорытындылар дайындау, басқарма құзіретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, шағымдарын, ұсыныстарын, хаттарын қарауды қамтамасыз ету, мемлекеттік сатып алу туралы ақпаратты қолданыстағы заңнамаға сәйкес Министрліктің сайтында орналастыру, құзыреті шеңберінде жергілікті деңгейдегі еңбек және халықты әлеуметтік қорғау органдарымен, мемлекеттік органдармен, халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау.

                Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы, менеджмент, статистика, әлемдік экономика, есеп және аудит,  мемлекеттік және жергілікті басқару, мемлекеттік аудит)

                3. Әлеуметтік сақтандыру, базалық әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру саясаты департаменті базалық әлеуметтік қамсыздандыру басқармасының сарапшысы, С-5 санаты

                Функционалдық міндеттері: Зейнетақымен және базалық әлеуметтік  қамсыздандыру мәселелері жөніндегі заңдардың және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, басқа органдар ұсынған зейнетақымен және базалық әлеуметтік қамсыздандыру  мәселелері бөлігіндегі нормативтік құқықтық актілердің, мемлекетаралық келісімдердің жобалары бойынша қорытындылар дайындау, зейнетақы жүйесін және базалық әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін дамыту бойынша семинарларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысу, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшылығының тапсырмаларын орындау үшін хаттар, материалдар мен қорытындылар дайындау, жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, өтініштерін қарау, мемлекеттік қызмет көрсету жұмысын ұйымдастыру.       

                Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар, аударма ісі), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану, саясаттану, өлкетану, экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, әлемдік экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару, еңбекті ұйымдастыру жəне нормалау, іскерлік əкімшілікжүргізу) жаратылыстану ғылымдары (математика, информатика), қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс).

                4. Кадр қызметі басқармасының сарапшысы , С-5 санаты

                Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік қызметті өткерумен байланысты іс-шаралар кешенін жүзеге асыруға қатысу, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурстар өткізу, есептілік жасау және жүргізу, ақпараттық, талдамалық және анықтамалық материалдарды дайындау, еңбек өтілін есептеу бойынша комиссияның қызметін қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметті өткерумен байланысты өзге де құжаттарды және шешімдерді ресімдеу, міндетті арнайы тексеріс жүргізуге құжаттарды ұйымдастыру, дайындау және жолдау, мемлекеттік қызметкерлерді лауазымға тағайындалуларымен және мемлекеттік қызметтегі шектеулермен, Қазақстан Республикасының Этикалық кодексімен жазбаша таныстыру, жұмыстан босатылған қызметкерлермен шығу сұхбатын дайындау, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға алғашқы қабылданған адамдарға тәлімгерлерді бекіту, «Персоналды басқару» бағыты бойынша «Мемлекеттік органның ұйымдастырушылық дамуы» блогында мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалауды жүргізу үшін материалдар дайындау, «Е-қызмет» интеграциялық ақпараттық жүйесі арқылы кадрдың іс-қағаздарын жүргізу, басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың хаттарын,  ұсыныстарын, өтініштері мен шағымдарын қарау.

                Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi білім: білім беру, гуманитарлық ғылымдар, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, техникалық ғылымдар және технологиялар қызмет көрсету мамандықтары бойынша.

                Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

                Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

                Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

                Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

                Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

                Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

                «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (Агенттігінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы) 53-тармағына сәйкес әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.

 

                Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1)            Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2)            3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3)            бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4)            еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5)            Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6)            Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7)            Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8)            Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

 

Мемлекеттік қызметшілер және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 29-бабы
5-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адамдар келесі құжаттарды тапсырады:

1) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім;

3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Құжаттарды қабылдау мерзімі - 7 ЖҰМЫС КҮНІ, ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерге арналған тестілеу бағдарламасы:

А-1, А-2, А-3, А-4, В-1, В-2, В-3, В-4, С-1, С-2, С-3, С-О-1, С-О-2 санаттары үшін:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;

Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Құқықтық актілер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ) бiлуге арналған тестер.

Бірінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (145 сұрақ) кем дегенде 102 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

Бірінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 115 минутті құрайды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz

 

 

__________________________

(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 

Мені________________________________________________________________

____________________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу  конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсөткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________

____________________________________________________________________

 

 

________                                 ____________________________________

(қолы)                                       (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

 

«___»_______________ 20 __ ж

 

7 маусым, 2019 - 23:51 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші