A A A
Мазмұнына өту

You are here

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы» ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237 және «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы» 2001 жылғы
17 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесінде:

мынадай мазмұндағы 27-1, 27,2 және 27,3-тармақтармен толықтырылсын:

«27-1. Отбасының жиынтық табысында келесі мән-жайлар бір мезгілде белгіленген кезде жұбайының (бұрынғы жұбайының) табыстары толық көлемде есепке алынады:

1)      ата-аналар арасындағы неке бұзылған, алайда алимент төлеу туралы келісімнің және (немесе) оларды өндіріп алу туралы соттың күшіне енген актісінің болуы туралы мәліметтердің болмауы;

2)      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 24 маусымда № 11426 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу қағидаларының 7-тармағында көзделген баланы (балаларды) асырап-бағуға арналған алименттерді есептеу үшін екінші деңгейдегі банктерде нысаналы банк шотын ашу туралы мәліметтердің болмауы.

27-2. Алимент төлеу туралы келісімдер немесе атқару парағы негізінде алынған тұрақты ақшалай сомадағы алимент туралы мәліметтер болмаған жағдайда отбасының жиынтық табысында сұрау салу бойынша ұсынылған алименттер үлесінің мөлшері Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодекстің (бұдан әрі-Кодекс) 139-бабының талаптарына сәйкес келуге және атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы өтініш берілген күннің алдындағы тоқсан үшін мәліметтерді ескеруге және Кодекстің 165-бабы негізінде алименттерді ұстап қалу туралы мәліметтерді, атап айтқанда:

1)      жұмыс беруші борышкердің пайдасына жүргізген, Орталықтандырылған дерекқорда орналастырылған әлеуметтік төлемдер туралы;

2)      егер борышкер кәсіпкерлік субъектісі болып табылса, кәсіпкерлік қызметтен түсетін табыстар туралы мәліметерді ескеруге тиіс.

27-3. Алимент төлеу туралы келісім болған жағдайда кәмелетке толмаған балаға (кәмелетке толмаған балаларға) алименттің белгіленген мөлшері осы кәмелетке толмаған балаға (кәмелетке толмаған балаларға) алимент өндіріп алу кезінде сот тәртібімен, Кодекстің 161 және
166-баптары негізінде ала алатын алимент мөлшерінен төмен болмауға тиіс.».

2. «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 11426 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде
2015 жылғы 9 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу қағидаларында:

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Өтініш қабылдау кезінде Орталық немесе әкім өтініш берушінің көзінше «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік органдардың және ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі – ақпараттық жүйелер) келесі мәліметтерді алу үшін сұрау салулар қалыптастырады:

1) жеке басты куәландыратын құжаттың;

2) оралман мәртебесі туралы;

3) отбасының әрбір мүшесіне тұрғылықты немесе уақытша жері бойынша тіркеу туралы;

4) жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банктік деректемелер туралы;

5) мүгедектікті белгілеу туралы;

6) Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылғы 13 тамызға дейін жүргізілген тіркеулер бойынша баланың (барлық балаларға) тууын (қайтыс болуын) тіркеу туралы;

7) қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы;

8) бала асырап алу туралы;

9) Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 маусымнан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша неке қиюды (некені бұзуды) тіркеу туралы;

10) егер он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейінгі асырауындағылар күндізгі оқу нысанының білім алушылары болып табылса - оқу орнында оқу фактісі туралы;

11) табыстар туралы (жалақы, әлеуметтік төлемдер, кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстар);

12) дара кәсіпкер мәртебесі туралы;

13) өтініш берушіде және оның отбасы мүшелерінде атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау, төлеу немесе тағайындауға өтініш беру фактісінің болуы туралы;

14) жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы;

15) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын отбасының еңбекке жарамды мүшелері үшін еңбек қызметі туралы (бар болса);

16) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын отбасының еңбекке жарамды мүшелері үшін білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының (бар болса) болуы туралы;

17) Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодекстің (бұдан әрі-Кодекс) 147-бабы 2-тармағының, 148 және 158-баптарының негізінде
ерлі-зайыптылар (бұрынғы ерлі-зайыптылар) алған алимент туралы, сондай-ақ олар бойынша сот актісі негізінде немесе жазбаша нысанда жасалған және нотариат куәландырған алимент төлеу туралы келісім бойынша берешек сомалары туралы;

18) Кодекстің 138 және 158-баптары негізінде алимент туралы, сондай-ақ  неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған жағдайда сот актісі негізінде немесе жазбаша нысанда жасалған және нотариат куәландырылған алимент төлеу туралы келісім бойынша кәмелетке толмаған балаларды
асырып-бағуға алынған олар бойынша берешек сомалары туралы;

19) Кодекстің 66 бабының 2-1) тармағы негізінде баланың (балалардың) тұрғылықты жері бойынша Қазақстан Республикасының банктік заңнамасында белгіленген тәртіппен балаға (балаларға) тиесілі алименттерді төлеу үшін нысаналы банк шотын ашу туралы;

20) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы күшіне енген сот шешімінің болуы туралы;

21) Кодекстің 139, 141, 150-баптары  негізінде алимент өндіріп алу туралы, олардың мөлшерін азайту немесе ұлғайту туралы, тұрақты ақша сомаларында өндіріп алу туралы, жұбайды басқа жұбайын асырап-бағу бойынша міндеттемеден босату немесе мұндай міндеттемені шектеу туралы заңды күшіне енген сот актісінің болуы туралы;

22) осы қаражаттың мөлшерін, сондай-ақ Кодекстің 22-бабының
1-тармағын және 161-бабының 2-тармағын ескере отырып, осындай келісімді балаларға және (немесе) еңбекке жарамсыз мұқтаж жұбайына қатысты жасаған жағдайда осы қаражатты төлеу тәртібін көздейтін жазбаша нысанда жасаған және нотариат куәландырған алимент төлеу туралы келісімнің болуы туралы;

23) егер орналасқан жерін анықтау өтініш берілген күннің алдындағы
3 және одан да көп ай мүмкін болмаса, алимент бойынша борышкердің іздестіруде жүргені туралы;

24) өтініш берушінің отбасы мүшелерінің бас бостандығынан айыру немесе мәжбүрлеп емдеу орындарында болуы туралы.»;

мынадай мазмұндағы 7-1 тармақпен толықтырылсын:

 «7-1. Орталық немесе әкім ақпараттық жүйелерге немесе тиісті мемлекеттік органға немесе ұйымға осы Қағидалардың 7-тармағының 11), 17), 18) тармақшаларында көрсетілген кірістер туралы мәліметтерді алу жөнінде сұрау салу қалыптастырылатын есепті кезеңнің негізіне өтініш берілген күннің алдындағы тоқсан қабылданады.»;

мынадай мазмұндағы 8-1, 8-2, 8-3 және 8-4 - тармақтармен толықтырылсын:

 «8-1. Осы Қағидалардың 7-тармағының 20 және 21 тармақшасында көрсетілген заңды күшіне енген сот шешімдерінің болуы «Төрелік» ақпараттық жүйесіне сұрау салу жіберу жолымен расталады.

 8-2. Осы Қағидалардың 7-тармағының 22) тармақшасында көрсетілген жазбаша нысанда жасалған және нотариат куәландырған алимент төлеу туралы келісімнің болуы Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеге (бұдан әрі – БНАЖ) сұрау салу жіберу жолымен расталады.

Көрсетілген ақпараттық жүйеде сұратылған мәліметтер болмаған жағдайда қажетті мәліметтерді үш жұмыс күні ішінде жіберу туралы жазбаша сұрау салу өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша өңірлік нотариаттық палатаға жіберіледі.

Сұратылған мәліметтер болмаған жағдайда өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша өңірлік нотариаттық палата мәліметтерді БНАЖ арқылы нотариустардан сұратады.

8-3. Алимент өндіріп алу туралы күшіне енген сот актісі болған жағдайда осы Қағидалардың 7-тармағының 17), 18) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерді алу «электрондық үкімет» шлюзі арқылы жүйелі түрде екі ақпараттық жүйеде - Борышкерлердің бірыңғай тізілімінде және сәйкесінше атқарушы өндіріс органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – АӨО ААЖ) сұрау салу жіберу жолымен жүзеге асырылады.

8-4. Осы Қағидалардың 7-тармағының 17), 18),  23) тармақшаларында көрсетілген және жоғарыда көрсетілген ақпараттық жүйелерде (Борышкерлердің бірыңғай тізілімі және ИЖҚ ААЖ) жоқ мәліметтерді алу өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша екінші деңгейдегі банктерге және жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарына үш жұмыс күні ішінде мәліметтер беру туралы жазбаша сұрау салу жіберу арқылы жүзеге асырылады.

Сұратылған мәліметтер болмаған жағдайда өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталары орындауында тиісті атқару парақтары бар жеке сот орындаушыларынан ААШЕ ААЖ арқылы мәліметтерді сұратады.»;

28-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш беруші жазбаша нысанда ресімдеген әлеуметтік келісімшарт жасасудан бас тарту туралы немесе оның әлеуметтік келісімшарт міндеттемелерін бұзғаны туралы қорытынды дайындайды;».

35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«35. Алушыға атаулы әлеуметтік көмек төлеу уәкілетті органның шешімі негізінде ақшалай нысанда жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

Өтініш берушінің атаулы әлеуметтік көмек алу мақсатында жалған ақпарат және (немесе) дәйексіз мәліметтер ұсынғанын көрсететін фактілер немесе мәліметтер анықталған жағдайда учаскелік комиссия, орталық немесе ауылдық жердегі әкім тиісті фактілер немесе мәліметтер анықталған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органды жазбаша нысанда дереу хабардар етеді.

Артық төленген немесе негізсіз төленген сомалар фактісі анықталған жағдайда уәкілетті орган атаулы әлеуметтік көмек алушыға атаулы әлеуметтік көмекті алушының ерікті түрде қайтаруы туралы жазбаша хабарлама жібереді. Хабарлама жіберілген күннен бастап атаулы әлеуметтік көмекті төлеу тоқтатылады.

Алушыға хабарлама жіберген күннен бастап бір ай мерзім өткеннен кейін уәкілетті орган артық төленген немесе негізсіз төленген сомаларды қайтару жөнінде сот тәртібімен шаралар қабылдайды. Сотқа талап арыз атаулы әлеуметтік көмек алушының тұрғылықты жері бойынша Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде көзделген тәртіппен беріледі.

Өтінішті қабылдау және қарау кезінде Орталық немесе әкім өтініш берушінің өтініші бойынша оларды «Әділет органдары туралы», «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» және «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мемлекет кепілдік берген немесе кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуді ұйымдастыру және (немесе) көрсету мақсатында аумақтық әділет департаменттеріне, өңірлік адвокаттар алқаларына, жеке сот орындаушыларының палаталарына немесе нотариаттық палаталарға қайта жібере алады.».

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберуді;

3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Цифрлық даму, қорғаныс және

аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Бөлімдер:
4 тамыз, 2019 - 14:51 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші