A A A
Мазмұнына өту

You are here

«Кейбір үлгілік құжаттарды бекіту туралы» ҚР ДСӘДМ-ің 2016 жылғы 7 маусымдағы № 482 бұйрығына және «Кедейлік шегінің мөлшерін айқындау туралы» ҚР ЕХӘҚМ-ің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 290 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

«Кейбір үлгілік құжаттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 7 маусымдағы № 482 бұйрығына және «Кедейлік шегінің мөлшерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 290 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

 «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабының 1-1-тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 16) және 18) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Кейбір үлгілік құжаттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы
7 маусымдағы № 482 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13867 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 18 шілдеде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) комиссия туралы үлгілік ережеде:

5-тармақ мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

«9) шартты ақшалай көмектің біржолғы төлемін беру туралы мәселелерді қарау.».

2. «Кедейлік шегінің мөлшерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің
2017 жылғы 31 тамыздағы № 290 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15766 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 2 қазанда жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін

1-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

«3) 2019 жылғы 1 шілдеден бастап – жергілікті атқарушы органдар есептеген атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға есептелген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызы мөлшерінде.».

3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және
3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігі

Бөлімдер:
13 маусым, 2019 - 19:54 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші