check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Еңбек министрлігінің бірінші вице-министрі СҚО-да «Еңбек» бағдарламасын жүзеге асыру барысымен танысты

жұмыс сапары

13-14 маусым күндері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ержан Жылқыбаев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барып, Петропавл қаласы мен Ақжар, Тайынша, Аққайың, Ақжар және М. Жұмабаев атындағы аудандарын аралады.

Атап айтқанда, ведомство басшысының бірінші орынбасары 2019-2021 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысын дамытудың Кешенді жоспарына пилоттық жоба шеңберінде енгізілген еңбек күші мол өңірлерден келетін қоныс аударушыларға арналған 52 үй құрылысының барысымен танысты.

Сонымен қатар, Ержан Жылқыбаев «Бастау-Бизнес» курсын аяқтап, жеке кәсібін дамыту үшін нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» Мемлекеттік бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несие алған жеке кәсіпкерлермен кездесті.

Жұмыспен қамту орталықтарына аралау барысында бірінші вице-министр мемлекеттік қолдау шараларын сапалы және уақытылы көрсету мәселелеріне ерекше назар аударып, көпбалалы аналармен, атаулы әлеуметтік көмек алушылармен және жұмыс күші мол аймақтардан қоныс аударушылармен кездесті.

Е. Жылқыбаев Петропавл қаласындағы Халықты жұмыспен қамту орталығының жұмысымен танысып, «Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» бағдарламасы аясында жұмысшы жастарға арналып салынған жатақханаға, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша қысқа мерзімді курстардың қатысушылары жұмыс істейтін тігін фабрикасына, «Радуга» ЖШС өндірістік объектілеріне барды.

Халықпен кездесу барысында Министрдің бірінші орынбасары солтүстікқазақстандықтарды жаңа жұмыс орындарын құру және жұмыспен қамтуды арттыру, сондай-ақ аз қамтылған отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау саласында Министрлік тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.

15 маусым, 2019 - 14:59 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші