check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

2019 жылы әлеуметтік қамсыздандыру мен көмек көлемі 700 млрд теңгеге өсті

отчетная встреча

Бүгінгі таңдақазақстандықтарға көрсетілетін әлеуметтік көмектің 39 түрінемемлекет тарапынан кепілдік беріліп отыр. 2018 жылы 3,8 млн. адамға (халықтың 20,9%) бюджеттен 2,5 трлн. теңгеден астам  зейнетақы мен жәрдемақы берілді. міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің төлемдерін жалпы сомасы 190 млрд. теңге көлемінде шамамен 800 мың адам алды.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев мәлімдеді.

«2019 жылы әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік көмекке бөлінген қаражат көлемі 674 млрд. теңгеге өсіп, 3,3 трлн. теңгені құрады. Бұл республикалық бюджет шығыстарының 28% -ын құрайды. Әлеуметтік төлемдерге 2,9 трлн. теңге көзделді» - деп атап өтті Сапарбаев.

Сонымен қатар ведомство басшысы министрліктің болашаққа жоспарлаған жұмыстың жеті басым бағытын атап өтті.

Бірінші және ең маңызды міндет Елбасының "Әлеуметтік қамқорлық" жаңа әлеуметтік шараларын іске асыру болып табылады. Мүгедектігі бар азаматтарды қолдау жүйесін жақсартудың да маңызы зор. Осыған байланысты Министрлік мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспарды әзірлеп, қабылдады. 

Кірістерді ұлғайту және жұмыс істеу құқығын жүзеге асыру үшін қазақстандықтарды нәтижелі жұмыспен қамту жаңа экономика үшін кадрлар даярлау, қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғап,  лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, көші-қон процестерін реттеу басым бағыт болып табылады.

Сондай-ақ, негізгі міндеттер қатарында әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру белгіленген.

 

24 маусым, 2019 - 13:39 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші