check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Еңбек ақы төлеу мәселесі

Салеметсіздер ме? Мен Нұр-Сұлтан қаласындағы мектептердің бірінде вахтер болып жұмыс жасаймын. 3 жылдан асты. Сұрағым маған отпуск қалай есептеледі екен? Себебі мен ақылы еңібек демалысымның ақшасын дұрыс алып отырған жоқ секілдімін. Және де сауықтыру ақысы (оздоровительная) және 13-айлық (тринадцатая) төленеді ме екен? Және жолдасым да осы мектепте1,0 түнгі күзетші болып 2018 шілде айынан бастап жұмыс атқарады. 2019 жылдың 01 наурыз айынан бастап 0,5 төлемақы мөлшерімен жұмыс атқарып жатыр. Бірақ бізде ол 0,5 төлемақы мөлшері төленбей отыр. Себебі мектепте эконом жок дейді. Ол калай болғаны Осы сұрақтарды анықтап берсеңіз Көп көп рахмет 

Жауап: 

ҚР Еңбек кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 87-бабына сәйкес жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы жұмыскердің орташа жалақысы сақтала отырып беріледі.
Бұл ретте, орташа жалақыны есептеу тәртібі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 908 бұйрығымен бекітілген Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
Қағидалардың 7-тармағына сәйкес қызметкердің орташа жалақысы орташа күндік (сағаттық) жалақыны оқиға кезеңіне (Сіздің жағдайыңызда, еңбек демалысы кезеңіне) сәйкес келетін жұмыс күндерінің (жұмыс сағаттарының) санына көбейту жолымен есептеледі.
Барлық жағдайларда орташа күндік (сағаттық) жалақы есеп айырысу кезеңде есептелген жалақы сомасын есеп айырысу кезеңдегі жұмыс күндерінің (сағаттарының) санына бөлу жолымен айқындалады.
Есеп айырысу кезеңі дегеніміз төленуі тиіс ақымен (төлеммен) байланысты оқиғаның алдындағы ұзақтығы он екі күнтізбелік айға тең кезең не егер қызметкер жұмыс берушіде он екі күнтізбелік айдан кем жұмыс істеген жағдайда, орташа жалақыны есептеу үшін пайдаланылатын нақты жұмыс істеген кезең.
Осыған орай, еңбек демалысының ақысы есеп айырысу кезеңінде есептелген жалақы сомасы есеп айырысу кезеңінде нақты жұмыс істелген күндер немесе сағаттар санына бөлінеді және оқиға кезеңіне (Сіздің жағдайыңызда, демалыс кезеңіне) сәйкес келетін жұмыс күндері немесе сағаттар санына көбейту жолымен анықталады.
Сондай-ақ, ақпарат ретінде хабарлаймыз. Жоғарыда аталған Қағидаларды қолдану жөніндегі Әдістемелік ұсынымдар Министрліктің сайтындағы ресми бөлімде орналасқан, оған сәйкес еңбек демалысын есептеу үшін орташа жалақы есебі тәртібі мысалдармен түсіндірілген.

Сонымен бірге, Кодекстің 139-бабына сәйкес мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілерге лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен кем болмайтын жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысы беріледі.
Кодекстің 1-бабына сәйкес азаматтық қызметші – бұл Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қазыналық кәсіпорындарда, мемлекеттік мекемелерде ақы төленетін штаттық лауазымды атқаратын және олардың міндеттері мен функцияларын іске асыру, мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру мен олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратын адам.
Сонымен бірге, «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 3-қосымшасына сәйкес азаматтық қызметшілердің құрамына жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына (БТБА), жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына сәйкес жұмыстары кәсіптік даярлық пен арнайы білімді талап ететін білікті жұмысшылар кіреді.
Білікті емес жұмысшылар қол құралдарын пайдаланумен және белгілі бір күш жұмсаумен байланысты қарапайым механикалық жұмыстарды орындайды. Кәсіптердің аталған санатының көбі үшін негізгі жалпы немесе жалпы орта білімінің болуы және жұмыс орнында жеке үйренуі тән.
Әр нақты жағдайда жұмысшыларды білікті немесе біліктілігі жоқ жұмысшылар қатарына жатқызу бойынша шешім тарифтік-біліктілік сипаттамалар негізінде біліктілік комиссиямен қабылданады.
Жоғарыда айтылғандарға сәйкес вахтер біліктілігі жоқ жұмысшылар қатарына жатады, тиісінше оларға сауықтыруға арналған жәрдемақы төленбейді.
Сонымен бірге, Қаулының 6-тармағына сәйкес ұйымдардың басшыларына кредиторлық берешек болмаған кезде қаржыландыру жоспары бойынша тиісті мемлекеттік мекемені ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебінен немесе кредиторлық берешегі болмаған кезде мемлекеттік басқару органы қазыналық кәсіпорын үшін бекіткен даму жоспары бойынша қаражатты үнемдеу есебінен салалық келісімде, ұжымдық шартта және (немесе) жұмыс берушінің актісінде айқындалған тәртіппен ұйымдардың қызметкерлердің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу, сыйлықақы беру және материалдық көмек көрсету құқығы берілген.

Сондай-ақ, Қаулыға 18-қосымшаға сәйкес мемлекеттік мекемелердің және қазыналық кәсіпорындардың негізгі лауазымы (мамандығы) бойынша жұмыс уақытының шегінде қосымша жұмыс орындайтын қызметкерлеріне лауазымдарды қоса атқарғаны (қызметтер көрсету аймағының кеңейгені) үшін қызметкердің өзінің лауазымдық айлықақысынан 50 %-ға дейін қосымша ақы белгіленген.
Кодекстің 103-бабына сәйкес жалақы жұмыскерге жұмыс уақытын есепке алу бойынша жұмыс берушінің құжаттарында есепке алынған нақты жұмыс істеген уақыт үшін төленеді.
Осыған байланысты еңбек заңнамасын бұзушылық орын алған жағдайда, жергілікті (жұмыс беруші) жердегі мемлекеттік еңбек инспекциясына өтініш жасауыңызға болады.

Сұрақтың нөмірі: 361660
1 шілде, 2019 - 15:12 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші