check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" ҚРҮҚ

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 23 тамыздағы № 513 қаулысына өзгерістер енгізу және «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 23 тамыздағы № 513 қаулысына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 2018 жылғы 24 тамыз) келесі өзгерістер енгізілсін:

Осы қаулысымен бекітіліген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру қағидаларында:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсынан өткен немесе Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде оқытуды аяқтаған және бұдан бұрын мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде грант алмаған Бағдарламаға қатысушылар, оның ішінде жастар, көпбалалы және табысы аз отбасы мүшесі, еңбек етуге қабілетті мүгедек, сондай-ақ қоныс аударушылар мен оралмандар мемлекеттік гранттар алуға үміткерлер болып табылады.»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде беріледі.

Жастарға, көпбалалы табысы аз отбасыларға, табысы аз еңбек етуге қабілетті мүгедектерге жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар 200 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде беріледі.

Бұл ретте, айлық есептік көрсеткіш республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына белгіленген мөлшерде қолданылады.».

12-тармақ мынадай мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Бағдарламаға қатысушылардың жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грантты алуы үшін мыналар:

1) «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының жанындағы комиссияның оң шешімінің болуы;

2) Бағдарлама шеңберінде оқуды аяқтағаны және бұрын өтеусіз және қайтарымсыз негізде, салалық шектеусіз жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін басқа мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қаржылық қолдау алмағаны туралы құжаттың болуы міндетті шарттар болып табылады.»;

14-тармақ мынадай мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грантты алуға үміткер Бағдарламаға қатысушы (немесе оның нотариат куәландырған сенімхат бойынша өкілі) жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грантты алу үшін тұрғылықты тұратын жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінеді және мынадай құжаттарды ұсынады:

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант алуға өтініш;

2) жеке басты куәландыратын құжат, ал оралмандар үшін – оралман куәлігі (салыстырып тексеру үшін құжаттың түпнұсқасы ұсынылады).»

20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«20. Халықты жұмыспен қамту орталығы шарт жасасқан күннен кейін бес жұмыс күні ішінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант алушының шартта көзделген ағымдағы банк есеп шотына ақша қаражатын аударуды жүзеге асырады және мемлекеттік грант алған Бағдарламаның қатысушысы туралы деректерді ауданның (қаланың) салық органына жолдайды.».

20-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«20-1. Бағдарламаға қатысушы мемлекеттік грантты алған күннен бастап үш ай ішінде оның мақсатты пайдаланылуын растайды және салық заңнамасына сәйкес салық органдарында өз қызметін тіркейді.».

2. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 63, 361-құжат) келесі өзгерістер енгізілсін:

1-бөлімнің «Бағдарлама паспорты» 1) тармақшасының 8 абзацы келесідей жазылсын

«

Қаржыландыру көздері және көлемі

«1) республикалық бюджеттен қаражат:
2017 год -40 347 965 мың теңге;

2018 год - 66 364 449 мың теңге;

2019 год -124 561 091 мың теңге;

2020 год - 68 391 978 мың теңге;

2021 год - 69 041 250 мың теңге.

                                                                                                                          »;

 

 

«4. Бағдарламаның мақсаты, нысаналы индикаторлары, міндеттері және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері» бөлімінде:

«4.3 Міндеттер» кіші бөлімде:

«4.3.3. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» тармақшасында:

 «Азаматтардың белгілі бір санаттарын жұмыспен қамтамасыз етуді қолдау бойынша нәтижелер көрсеткіштері» 6-кестеде:

7.1 қатардың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

«Жастар, көпбалалы және табысы аз отбасы мүшелері, еңбекке қабілетті табысы аз мүгедектердің саны»

«5. Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу жолдары, тиісті шаралар:»: бөлімінде

«5.1.Бірінші бағыт: Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету» кіші бөлімде:

«5.1.1. Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау:»: тармағында

төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

Қатысу шарттары, кадрларды даярлау тетігі, стипендиямен және жол жүру ақысымен қамтамасыз ету және жобаға қатысушыларға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну тәртібі білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды, «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы бойынша, 100/200 қағидаты бойынша «Жас маман» жобасы шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрлар даярлауды, еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды, сондай-ақ колледждер мен жоғары оқу орындарында кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында айқындалады.

Он бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

 «Облыстық деңгейдегі, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдары қабылданған үміткерлер (Т.А.Ә. (бар болса), ЖСН, тұратын жерінің мекенжайы) жөніндегі ақпаратты (портал арқылы электрондық түрде/қолма-қол) халықты жұмыспен қамту орталықтарына білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, қысқа мерзімді кәсіптік оқуды, «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы бойынша, 100/200 қағидаты бойынша «Жас маман» жобасы шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрлар даярлауды, еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды, сондай-ақ колледждер мен жоғары оқу орындарында кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына сәйкес белгіленген нысан бойынша есепті айдан кейінгі айдың 3-күніне дейінгі мерзімде ай сайынғы негізде ұсынады.»;

«5.1.2. Еңбек нарығында сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту» тармағында:

сегізінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

 «Мобильді оқу орталықтары арқылы қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру тәртібі білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды, «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы бойынша, 100/200 қағидаты бойынша «Жас маман» жобасы шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрлар даярлауды, еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды, сондай-ақ колледждер мен жоғары оқу орындарында кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында айқындалады.»;

он сегізінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«ТжКБ бар кадрларды даярлауды қаржыландыруды – білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды – халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар республикалық бюджет және жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.»;

отыз бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары халықты жұмыспен қамту орталықтарының есептері негізінде білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды, «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы бойынша, 100/200 қағидаты бойынша «Жас маман» жобасы шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрлар даярлауды, еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды, сондай-ақ колледждер мен жоғары оқу орындарында кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды  ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына сәйкес белгіленген нысан бойынша ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға қысқа мерзімді кәсіптік оқыту барысы туралы есепті ұсынады.»;

 «5.1.3. «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы шеңберінде кадрлар даярлау:» тармағында:

алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Қатысу шарттары, кадрлар даярлау тетігі, жобаға қатысушыларды стипендиямен, жол жүру пұлымен қамтамасыз етужәне жобаға қатысушыларды әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну тәртібі білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, қысқа мерзімді кәсіптік оқуды, «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы, 100/200 қағидаты бойынша «Жас маман» жобасы шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрлар даярлауды, еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды, сондай-ақ колледждер мен жоғары оқу орындарында кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында айқындалады.»;

«5.1.4. Еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлау» тармағында:

үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Жұмыс берушілер қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлау үшін халықты жұмыспен қамту орталығына қайта даярлауға жіберілетін жұмыскерлер санын, кәсіптер және оқу нысанын көрсете отырып өтінім береді. Өтінімге жұмыс берушілердің құрылтай құжаттары және қысқартылатын жұмыскерлердің құжаттары қоса беріледі, олардың тізбесі білім беру саласындағы  уәкілетті орган бекітетін Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды, «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы бойынша, 100/200 қағидаты бойынша «Жас маман» жобасы шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрлар даярлауды, еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды, сондай-ақ колледждер мен жоғары оқу орындарында кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында көзделген.»;

«5.2. Екінші бағыт: жаппай кәсіпкерлікті дамыту:» кіші бөлігінде:

 «5.2.2. Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау» тармағында:

он алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Қалалар мен моноқалаларда кредиттер/микрокредиттер «Даму» КДҚ АҚ арқылы қорландырылатын екінші деңгейдегі банктер (ЕДБ), «АШҚҚҚ» АҚ,  микроқаржы ұйымдары арқылы беріледі.»;

«5.4. Төртінші бағыт: «Жастар – ел тірегі» жалпыұлттық жобасының кешенді іс-шараларын іске асыру» бөлігінде

«5.4.2 «Жас кәсіпкер» жастар кәсіпкерлігін дамыту» кіші бөлімінде:

Он бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Колледждер мен ЖОО-ларда кәсіпкерлік негіздеріне оқыту тәртібі  білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, қысқа мерзімді кәсіптік оқуды, «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы, 100/200 қағидаты бойынша «Жас маман» жобасы шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрлар даярлауды, еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды, сондай-ақ колледждер мен жоғары оқу орындарында кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында айқындалады.»;

 «Бағдарламаны институционалдық ұйымдастыру:» бөлімінде:

Бағдарламаны іске асыруға қажет ресурстар бөлігінің 1) тармақшасын мынадай редакцияда жазылсын:

«1) республикалық бюджеттен 2017 жылы – 40 347 965 мың теңге,

2018 жылы – 67 392 995 мың теңге, 2019 жылы – 124 561 091 мың теңге,

2020 жылы – 68 391 978 мың теңге, 2021 жылы – 69 041 250 мың теңге көзделеді;»;

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:»:

«Екінші бағыт: жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бөлігінде

2-міндет. Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда, қалалар мен моноқалаларда кәсіпкерлік бастамаларды қаржыландыру кіші бөлігінде:

«ҰЭМ, «Даму» КДҚ» АҚ, «АШҚҚҚ» АҚ (келісу бойынша)»;

 

1-2 тармағынмен мынадай мазмұнда толықтырылсын:

«

 

1-2

Қалалар мен  моноқалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

 

приказ Министра национальной экономики

2019 жылғы тамыз

ҰЭМ, «Даму» КДҚ» АҚ, «АШҚҚҚ» АҚ (келісу бойынша)

 

 

 

 

 

 

Қажет етілмейді

 

»;

 

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі                                                             А. Мамин 

 

 

 

 

__________________________

 

 

ТіркемеМөлшер
PDF icon proekt_kaz.pdf159.16 KB
Бөлімдер:
27 маусым, 2019 - 22:07 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші