check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Мен Данабай Баян Түркістан облысы Шардара қаласы Қ.Аманжолов атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет атқарамын. Менің анығын біле алмай жүрген сауалым бар.Қараша айында кезекті аттестациядан өттім. Түркістан облысы білім басқар

Мен Данабай Баян Түркістан облысы Шардара қаласы Қ.Аманжолов атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет атқарамын. Менің анығын біле алмай жүрген сауалым бар.Қараша айында кезекті аттестациядан өттім. Түркістан облысы білім басқармасының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы №338 бұйрығына және біліктілік санаттарын беру (растау) бойынша аттестаттау комиссиясының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы №1 шешіміне сәйкес "педагог - зерттеуші" біліктілік санаты берілді.Қаңтар айынан бастап осы жаңа біліктілік санаты бойынша үстемақы қосылды. Бірақ менің  бұрынғы 4,30 коэффицентімді өзгертпей үстемақы төленіп жатыр. Зерттеуші - педагог жоғарғы санатты  мұғалімге жатпайды ма? Осы біліктілік санатым бойынша коэффицентім қаңтар айынан бастап 4,70 коэффицентіне ауысып төленуі қажет деп ойлаймын.
1 маусымнан бастап менің 28 жыл еңбек өтелімімен, зерттеуші-педагог біліктілік санатына қандай коэффицент беріледі? Менің жалақым  қаңтар айынан 4,70 коэффиценті бойынша 83176 тг ,1 маусымнан 5,41 коэффиценті бойынша 95740 тг болып төлене ме?В2-1 блогына сәйкес келе ме менің еңбекақым?Ал аудандық білім бөлімі бұны жоққа  санап отыр. Олардың айтуынша  қаңтар айындағы коэффицент еш өзгеріссіз , ал 1 маусымнан В2-2 блокка сәйкес төленеді.(яғни 5,20 коэффицент бойынша) Осы сұрағымның анық-қанығын біле алмай жүрмін. Дұрыс жауабын және жаңа еңбекақы төлеу кестесін көрсетіп жіберулеріңізді сұраймын. Алдын ала рахмет!

Жауап: 

Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығымен бекітілген, оған сәйкес «Педагог-модератор», «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» біліктілік санаттары берілген педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың:
- «педагог-модератор» - «екінші санатты мұғалім»;
- «педагог-сарапшы» - «бірінші санатты мұғалім»;
- «педагог-зерттеуші» және «педагог-шебер» - «жоғары санатты мұғалім» біліктілік лауазымдары сақталады.
Осыған орай «педагог-зерттеуші» біліктілік санаты берілген жағдайда Сіздің еңбегіңізге ақы төлеу еңбек өтіліңізді ескере отырып, жоғары санатты мұғалім ретінде В2-1 блогы бойынша жүргізілуі қажет деп есептейміз.
Бұл ретте жоғарыда аталған бұйрықтың әзірлеушісі, сондай-ақ білім және ғылым саласындағы уәкілетті орган ҚР Білім және ғылым министрлігі екенін ескере отырып, сұрағыңыз бойынша ресми ақпарат алу үшін аталған мемлекеттік органға жүгінуіңізді ұсынамыз.

Сонымен бірге Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының тапсырмасына сәйкес 2019 жылғы 1 маусымнан бастап бюджеттік саладағы қызметкерлер жалақысының арттырылуын жүзеге асыру үшін «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Үкіметімен 2019 жылғы 21 мамырда № 302 қаулы қабылданды.
Аталған қаулыға сәйкес біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты еңбек өтілі 25-жылдан жоғары мұғалімнің лауазымдық айлықақысы 5,41 коэффициенті бойынша есептеледі.

Сұрақтың нөмірі: 361752
4 шілде, 2019 - 18:21 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші