check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

2019 жылғы 2 шілдеде Үкімет отырысында Министрдің сөйлеген сөзі

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

Құрметті әріптестер!

 

Азаматтардың лайықты өмір сүру  деңгейін қамтамасыз ету - Үкімет жұмысының негізгі міндеті болып табылады.

Еліміздің Президенті қойған міндеттерге сәйкес қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру мен нәтижелі жұмыспен қамту шараларын баяндауға рұқсат етіңіздер.

Өздеріңізге белгілі, 2019 жылдың басынан бастап ең төменгі  жалақы мөлшері  1,5 есеге, яғни 28 мыңнан  42,5 мың теңгеге арттырылды. Бұл шамамен 1,3 млн. адамды, оның ішінде  275 мың азаматтық қызметкерлерді  тікелей қамтыды.

Сонымен қатар, жеке компаниялардың ең төменгі жалақы алатын жұмысшыларының жалақысы арттырылды. Жылдың басынан бастап 200 мыңға жуық жұмыс беруші 1,1 миллионнан артық жұмысшының жалақы мөлшерінің артқанын растады,  ол орташа  31%-ды  құрайды.

1-маусымнан бастап бюджет саласының жекелеген қызметкерлерінің жалақысы 30%-ға дейін арттырылды.                          

Аталған мақсаттарға 2019 жылы 144,3 млрд. теңге көзделген. Қосымша 12,3 млрд. теңге бөлінетін болады.

 

Жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды жұмыспен қамту шаралары «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іске асырылуда.

2019 жылдың бірінші жарты жылдығында жұмыспен қамту мәселелері бойынша органдарға 330,7 мың адам жүгінген, Бағдарлама шараларымен 258 мың адам қамтылды, оның ішінде 95 мыңы – жастар.

Ағымдағы жылы Бағдарламаны іске асыруға 124 млрд. теңге бөлінді.

Осы жылы микрокредиттеумен және қайтарымсыз мемлекеттік гранттармен 28,3 мың адамды қамту жоспарланған. Бүгінгі күні 5 мың микрокредит және гранттар берілді.

Бүгінгі күні Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша микрокредит пен гранттарға 28 мыңнан астам азаматты қамту үшін қосымша 32 млрд. теңге бөлінуде. Бөлінетін қаражаттың 70%-ы  ауылдық жерлерге  жолданады.  

Сондай-ақ, Бағдарламаға қатысушыларды, оның ішінде жастар қатарынан оқыту бойынша шаралар күшейтілді.

20,5 мың адам, оның ішінде 35 пайызы (7,2 мың) жастар сұранысқа ие қысқа мерзімді оқытумен қамтылды.

 «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік дағдыларына оқыту жоспары 35 мың адамға бекітілді,                    бүгінде 14,1 мың  адам оқытылды, оның 27 пайызы (3,8 мың) жастар.

Қосымша бөлінетін қаражаттарды ескере отырып, оқытумен қамту көрсеткіштері екі есеге өседі – шамамен 100 мың адамды қамту үшін қосымша 16,8 млрд. теңге бөлінуде. Оның 70 пайызы жастарды қолдауға бағытталады.

Алыс елді мекендерде қозғалмалы жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қамтамасыз ету үшін 381 млн. теңге, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысындағы 428 қоныс аударушыға тұрғын-үй сатып алу үшін 3 млрд. теңге бөлінеді.

«Еңбек» бағдарламасы аясында кеңейтіліп жатқан шараларды қолдауды  сұраймын.

Бағдарламаның басты бағдары тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру болып табылады. 

Жұмысқа орналасу бойынша деректердің дұрыстығы зейнетақы жарналары бойынша дерекқор мәліметтерімен расталады.

Аз қамтылған отбасыларды қолдау үшін, ағымдағы жылдың сәуірінен бастап атаулы әлеуметтік көмек  тағайындаудың  жаңа механизмдері енгізілді.

Бүгінгі күні атаулы әлеуметтік көмек 285,7 мың отбасыға  төленді (2018 жылы – 109,2 мың адам). Бұл мақсаттарға 124,3 млрд. теңге жолданып, жарты жылда 78,0 млрд. теңге төленді.

Көмек алушылардың саны 1,4 млн. адамды құрады,
(2018 жылы - 571,5 мың дам.), оның ішінде 900 мыңға жуығы балалар болып табылады (2018 жылы – 363,2 мың адам).

Атаулы көмектің орташа мөлшері отбасына 105 мың теңгені құрайды.

Жергілікті атқарушы органдар шарты ақшалай төлем беретін азаматтармен әлеуметтік келісімшарттар жасап, олардың орындалуын қамтамасыз етулері керек.

Атап айтқанда, аз қамтылған және мұқтаж азаматтардың санын азайту:

  • жалақы берешегін болдырмауға;
  • еңбек қызметін заңдастыруға;
  • қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын жасауға да байланысты  екенін айрықша атап өткім келеді.

Осыған орай, келесі шараларды қабылдау:

  • атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тәртібін қатаң сақтау және заңсыз төленген сомаларды қайтару;
  • еңбекке қабілетті алушыларды жұмыспен қамту және еңбек қызметін рәсімдеу;
  • жасырын табысты анықтау бойынша жұмысты күшейту, жеке кәсіпкерлердің қызметін бақылау;
  • жалақы берешегін және еңбек жағдайларын бақылау;
  • ақпараттық жүйелердегі мәліметтердің өзектілігі мен дұрыстығын қамтамасыз ету;
  • алименттерді өтеу бойынша жұмысты күшейту ұсынылады.

Назарларыңызға рақмет!

2 шілде, 2019 - 11:47 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші