2019 жылғы 28 маусымда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Вице-министрі А.А. Сарбасов Моңғолияның Тұңғыш Президентінің қатысуымен Монғолияның ұлттық күнінt орай Монғолияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Лувсан Баттуланың атынан қабылдауына қатысты.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Моңғол үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы болып табылады. 2018 жылы 29 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында өткен ҮАК-тің 7-ші отырысы барысында тараптар сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық, көлік және т.б. сияқты көптеген салаларда кең түсіністікке жетті.
Вице-министр өзінің құттықтау сөзінде моңғол тарабын ұлттық мерекемен құттықтап, екі жақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті. Атап айтқанда, «Нұр-Сұлтан-Ұлан-Батор» бағыты бойынша тұрақты сауда-саттықтың ашылуы, сондай-ақ екі ел арасындағы құқықтық базаны кеңейту туралы айтылды.
Сөз соңында вице-министр одан әрі жемісті ынтымақтастыққа, сондай-ақ әл-ауқат пен одан әрі өркендеуге тілек білдірді.