A A A
Мазмұнына өту

You are here

Қазақстан Республикасының қол қойылған халықаралық (екі жақты) шарттарының тізбесі (елдер бойынша)

Мемлекет атауы

Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы халықаралық шарттар

 

1

Әзірбайжан Республикасы

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Әзiрбайжан Республикасының Үкiметi арасында Зейнетақымен қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық туралы Келiсiм

(04.03.1999 жылы күшіне енді, 5 жыл мерзімге жасалды және автоматты түрде келесі 5 жылға ұзартылды, 1997 жылғы 07 наурыздағы № 308 ҚР Үкіметі қаулысымен бекітілді)

 

2

Әзірбайжан Республикасы

2005 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі мен Әзiрбайжан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі арасындағы Еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм

 

* Ескерту: осы Келісім 2010 жылғы 2 тамызда күшін жойды (Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 21-2 / 1477 хаты)

 

3

Беларусь Республикасы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі  агенттігі мен Беларусь Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы денсаулық сақтау және медицина ғылымы саласындағы ынтымақтастық туралы  келісім (04.11.1999ж, ҚР СІМ ресми сайтының деректері бойынша қол қойылған күнінен бастап күшіне енді,. Астана қ.; 04.11.1999ж. № 1651 ҚРҮҚ)

-

4

Беларусь Республикасы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен Беларусь Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы денсаулық сақтау және медицина ғылымы саласындағы ынтымақтастық туралы  келісім (26.11.2009ж., Минск қ.; ҚР Денсаулық сақтау министрінің 20.11.2009ж. № 759 бұйрығы)

 

5

Болгария Республикасы

 

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Болгария 
Республикасының Үкіметi арасындағы денсаулық сақтау және медицина ғылымы саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм (25.09.2003ж., Астана қ.; 12.03.2004ж. бастап күшіне енді; 20.02.2004ж. № 206 ҚРҮҚ)

-

6

Болгария Республикасы

 

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Болгария 
Республикасының Үкіметi арасындағы денсаулық сақтау және медицина ғылымы саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм (5-жылдық кезеңге, автоматты түрде келесі 5-жылдық кезеңге ұзартумен 17.09.2003ж. бастап күшіне енді;  17.09.2003ж. № 944 ҚРҮҚ)

-

7

Венгрия  Республикасы

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігі мен Венгрия Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы ынтымастық туралы келісім (08.02.1993ж., Будапешт қ.; 5-жылдық кезеңге, автоматты түрде келесі 5-жылдық кезеңге ұзартумен қол қойылған күнінен бастап күшіне енді)

-

8

Венгрия  Республикасы

 

Қазақстан Републикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Венгрия Республикасы Денсаулық сақтау және ұлттық ресурстар министрлігі арасындағы бірлескен іс-қимыл жоспары шеңберінде денсаулық сақтау саласындағы ынтымастық туралы  ниет хаттамасы (04.05.2012ж., Астана қ.; 5-жылдық кезеңге, автоматты түрде келесі 5-жылдық кезеңге ұзартумен қол қойылған күнінен бастап күшіне енді)

 

9

Вьетнам Социалистік Республикасы

-

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Вьетнам Социалистік Республикасындағы және Вьетнам Социалистік Республикасы азаматтарының Қазақстан
Республикасындағы уақытша еңбек қызметі туралы
келісім (15.09.2009ж., Астана қ.;қолданылу мерзімінсіз; 09.09.2009ж. № 1327 ҚРҮҚ мақұлданған)

10

Германия Федеративтiк Республикасы

 

 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Германияның Федеративтiк Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы денсаулық сақтау саласындағы iс-қимыл  бағдарламасы (5-жылдық кезеңге, автоматты түрде келесі 5-жылдық кезеңге ұзартумен қол қойылған күнінен бастап күшіне енді)

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Германия Федеративтiк Республикасының Үкіметі арасындағы әскери зираттар туралы келісім (10.04.1995ж., Алматы қ.; 07.06.1996ж. күшіне енді; СІМ  13.09.2001ж. №12/3334  хаты; 1991-1995 жылдары Қазақстан Республикасы мемлекетаралық және үкіметаралық деңгейлерде жасаған халықаралық шарттардың тізбесі)

11

Германия Федеративтiк Республикасы

 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі арасындағы техникалық ынтымастықтың «Еңбек нарығын және жұмыспен қамту саясаты» жобасы бойынша ноталармен алмасу нысанындағы келісім (18.07.2001ж., Астана қ.)

12

Германия Федеративтiк Республикасы

 

 

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі мен Германия Федеравтивтік Республикасы Еңбек және әлеуметтік мәселелер  министрлігі арасындағы еңбек және әлеуметтiк қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы» ниет туралы бірлескен мәлімдеме (22.09. 2010ж., Астана қ.; қол қойылған күнінен бастап күшіне енді; мерзімі келісілмеген)

13

Грузия

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Грузия Үкіметiнің арасындағы денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм (11.11.1997ж., Алматы қ.; қол койылған күнінен бастап күшіне енді)

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және Грузияның Жаулап алынған аумақтардан мәжбүрлі қоныс аударушылар, еңбек, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігі арасындағы әлеуметтік-еңбек саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум (2019 жылғы 15 мамыр, Нұр-Сұлтан қаласы)

14

Египет Араб Республикасы

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен Египет Араб Республикасының Денсаулық сақтау және халық министрлiгi арасындағы денсаулық сақтау, медицина және фармацевтика өнеркәсiбi саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ( 05.12.2001ж. № 1573 ҚРҮҚ)

-

15

Израиль Мемлекеті

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Израиль Мемлекетiнiң Үкiметi арасындағы денсаулық сақтау және медицина саласындағы ынтымақтастық бойынша келiсiм  (27.12.1995ж., Иерусалим қ.,05.06.1996ж. № 704 ҚРҮҚ мақұлданған; 24.09.1998ж. күшіне енді)

-

16

Индия Республикасы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен Индия Республикасының Денсаулық сақтау және отбасының дәулеттілігі министрлігі арасындағы денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім  (16.04.2011ж.,  Астана қ.; 5-жылдық кезеңге, автоматты түрде келесі 5-жылдық кезеңге ұзартумен қол койылған күнінен бастап күшіне енді)

-

17

Иордан Хашимиттік Корольдігі

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен Иордан Хашимиттік Корольдігінің Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы денсаулық сақтау және медицина ғылымы саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм (17.09.2010ж., Астана қ.; 5-жылдық кезеңге, автоматты түрде келесі 5-жылдық кезеңге ұзартумен қол қойылған күнінен бастап күшіне енді) (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 15.09.2010ж. № 723 бұйрығы)

-

18

Иран Ислам Республикасы

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен Иран Ислам Республикасының Денсаулық сақтау және медициналық білім беру  министирлігі арасындағы өзара түсіністiк және ынтымақтастық туралы меморандум (06.04.2009ж., Астана қ.; 5-жылдық кезеңге, автоматты түрде келесі 5-жылдық кезеңге ұзартумен қол қойылған күнінен бастап күшіне енді)

Қазақстан Республикасының Еңбек министрлігі мен Иран Ислам Республикасының Еңбек және әлеуметтік істер министрлігі арасындағы еңбек нарығы және әлеуметтік істер саласындағы өзара қарым-қатынастар туралы хаттама (21.01.1993ж., Тегеран қ.; 2-жылдық мерзімге автоматты түрде 2-жылға ұзартылып отырады және сәтінен бастап күшіне енді)  

19

Италия

Республикасы

 

Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасындағы стратегиялық әріптестік туралы шарт(05.11.2009ж., Рим қ.; 01.07.2011ж. белгіленбеген мерзімге күшіне енді; денсаулық сақтау, оның ішінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ), денсаулық сақтау менеджменті   саласындағы ынтымастық, итальяндық тәжірибені пайдалану және тағы басқалар мәселелер)

-

20

Қытай Халық Республикасы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi мен Қытай Халық Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi арасындағы денсаулық сақтау және медициналық ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісім (12.09.2001ж., Астана қ.; 5-жылдық кезеңге, автоматты түрде келесі 5-жылдық кезеңге ұзартумен 12.09.2001ж. күшіне енді)

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық
Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Қытай Халық Республикасындағы және Қытай Халық
Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасындағы  уақытша еңбек қызметі туралы келісім  (07.09.2013ж., Астана қ.; 08.07.2014г. №936 ҚРҮҚ бекітілген)

21

Қытай Халық Республикасы

-

Қазақстан Республикасының және Қытай Халық Республикасының Еңбек министрліктері арасындағы ниет туралы хаттама (05.04.1992ж., Бейжің қ.; қолданылу мерзімінсіз) 

22

Корея Республикасы

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен Корея Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік әл-ауқат  министирлігі арасындағы денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністiк туралы меморандум (25.08.2011ж., Астана қ.; 5-жылдық кезеңге, автоматты түрде келесі 5-жылдық кезеңге ұзартумен қол қойылған күнінен бастап күшіне енді;)

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корея Республикасының Үкіметі арасындағы Корея Республикасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының және Қазақстан Республикасындағы
Корея Республикасы азаматтарының ішкі корпоративтік ауысулар шеңберіндегі уақытша еңбек қызметі туралы келісім ( 29.03.2016ж. № 478-V ҚРЗ ратификацияланған)

23

Қырғыз

Республикасы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз

Республикасының Үкіметі арасындағы медицина және денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім (08.04.1997ж., Алматы қ.; 5-жылдық кезеңге, автоматты түрде келесі 5-жылдық кезеңге ұзартуменқол қойылған күнінен бастап күшіне енді)

Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Қырғыз Республикасының Үкіметi арасындағы шекараға iргелес облыстарда ауыл шаруашылығы жұмыстарымен айналысатын еңбекшi-көшiп келушiлердiң еңбек қызметi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы келiсiм  (09.07.2002ж., Бішкек қ.; 5-жылдық кезеңге, автоматты түрде келесі 5-жылдық кезеңге ұзартумен; 16.01.2003г. № 29 ҚРҮҚ бекітілген;)

24

Қырғыз

Республикасы

 

-

Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Қырғыз Республикасының Yкiметi арасындағы Еңбекшi-мигранттар - Қырғыз Республикасының аумағында уақытша жұмыс iстейтiн Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек қызметi мен құқықтарын қорғау туралы, еңбекшi-мигранттар Қазақстан Республикасының аумағында уақытша жұмыс iстейтiн Қырғыз Республикасы азаматтарының еңбек қызметi мен құқықтарын қорғау туралы келісім (04.07.2006ж., Астана қ.; 30.06.2006ж. № 618 ҚРҮҚ мақұлданған және 5 жылдық кезеңге жасалды, автоматты түрде келесі 5 жылға ұзартылады; 13.06.2007ж. № 494 ҚРҮҚ бекітілген)

25

Қырғыз

Республикасы

 

-

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі  мен Қырғыз Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлигі арасындағы ынтымастық туралы келісім (04.07.2006ж., Астана қ.; қол қойылған күнінен бастап күшіне енді)

26

Литва Республикасы

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен Литва Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм
(24.05.2013 ж., Астана қ.(ДСӘДМ23.05.2013ж. № 304 бұйырығы; 5-жылдық кезеңге, автоматты түрде келесі 5-жылдық кезеңге ұзартумен)

-

27

Македония Республикасы

Қазақстан Респбликасының Денсаулық сақтау министрлігі мен Македония Республикасының  Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы денсаулык сақтау саласындағы ынтымастық туралы ниет  хаттамасы (04.11.2013ж. ДСӘДМ № 632 бұйрығы)

-

28

Молдова Республикасы

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрлігі және Молдова Республикасының Денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі арасындағы ынтымақтастық ниеті туралы

Меморандум (18.06.2019 ж., Женева қ)

 

29

Моңғолия Халық Республикасы

-

Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасындағы Ерiктi түрде қоныс аудару және Қазақстан Республикасына еңбек шарттары бойынша келген адамдардың азаматтығы мәселелерiн реттеу жөнiндегi шарт (02.12.1994ж., Алматы қ.; 5-жылдық кезеңге, автоматты түрде келесі 5-жылдық кезеңге ұзартумен 09.02.1996ж. күшіне енді; ҚР Президентінің 21.04.1995ж. № 2221 Жарлығымен  ратификацияланған)

30

Моңғолия Халық Республикасы

-

Қазақ ССР-ның Еңбек министрлігі мен Моңғолия Халық Республикасының Еңбек министрлігі арасындағы еңбек нарығы және әлеуметтік істер саласындағы өзара қарым-қатынастар туралы келісім (Ұлан-Батыр қ., 21.09.1991ж. қол қойылған)

31

Моңғолия Халық Республикасы

-

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметік қорғау министрлігі мен Моңғолия Халық Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министирлігі арасындағы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум

 (6.08.2008ж., Ұлан-Батыр қ.; 3-жылдық кезеңге және автоматты түрде 3 жылға ұзартылады)

32

Польша Республикасы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен Польша Республикасының  Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы денсаулык сақтау және медицина ғылымы саласындағы ниет туралы хаттама

 (30.03.2007ж., Астана қ.; 5-жылдық кезеңге, автоматты түрде келесі 5-жылдық кезеңге ұзартумен қол қойылған күнінен бастап күшіне енді)

-

33

Ресей Федерациясы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің арасындағы денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім(15.04.2003ж., Омбы қ.; 5-жылдық кезеңге, автоматты түрде келесі 5-жылдық кезеңге ұзартумен 15.04.2003ж. күшіне енді)

Қазақстан Республикасының Байқоңыр қаласы тұрғындарының зейнетақы алу құқығының кепілдіктері туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы келісім

 (27.04.1996ж., Алматы қ.; 15.07.1999ж. № 425 ҚРЗ ратифицияланған; 29.11.1999ж. күшіне енді және 2050ж. дейін қолданылады)

 

34

Ресей Федерациясы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен Ленинск қ. Әкімшілігі, Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау және медициналық өнеркәсіп министрлігі, Қорғаныс министрлігі (Әскери-ғарыш күштері), арасындағы Ресей ғарыш агенттігі арасындағы ««Байқоңыр» кешенін жалға алу жағдайында Байқоңыр ғарыш айлағының персоналына және Ленинск қ. тұрғындарына медициналық қызмет көрсету тәртібі туралы келісім» (03.03.1995ж., Мәскеу қ.)

-

35

Ресей Федерациясы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенін жалға алу жағдайында Байқоңыр ғарыш айлағының персоналына, Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай кенттерінің тұрғындарына медициналық қызмет көрсету тәртібі туралы келісім (17.11.2009ж., Мәскеу қ.;  18.08.2012ж. күшіне енді, Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенін жалға алуы мерзіміне; 31.05.2010г. № 285-IV ҚРЗ)

1998 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы көші-қон процесін реттеу және қоныс аударушылардың құқықтарын қорғау туралы келісім

 (24.12.1998ж. №3351 ҚРЗ ратификацияланған)

 

36

Ресей Федерациясы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенінде тұратын және/немесе жұмыс істейтін Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы азаматтарының әлеуметтік кепілдіктері туралы келісім(12.10.1998ж., Алматы қ.;  15.07.1999ж. № 423-I ҚРЗ; 2050ж. дейін қолданылады)

37

Тәжікстан

Республикасы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Еңбекші-мигранттар - Тәжікстан Республикасының аумағында уақытша жұмыс істейтін Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек қызметі мен құқықтарын қорғау туралы және еңбекші-мигранттар - Қазақстан Республикасының аумағында уақытша жұмыс істейтін Тәжікстан Республикасы азаматтарының еңбек қызметі мен құқықтарын қорғау туралы келісім (04.05.2006ж., Астана қ.; 5-жылдық кезеңге, автоматты түрде келесі 5-жылдық кезеңге ұзартумен 25.01.2007ж. күшіне енді; 23.12.2006ж. № 1248 ҚРҮҚ бекітілген ) 

38

Тәжікстан

Республикасы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Еңбекші-мигранттар - Тәжікстан Республикасының аумағында уақытша жұмыс істейтін Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек қызметі мен құқықтарын қорғау туралы, еңбекші-мигранттар - Қазақстан Республикасының аумағында уақытша жұмыс істейтін Тәжікстан Республикасы азаматтарының еңбек қызметі мен құқықтарын қорғау туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттама  (06.11.2013ж. № 1166 ҚРҮҚ мақұлданған)

( 04.02.2016ж. № 55 ҚРҮҚ бекітілген)

39

Тәжікстан

Республикасы

-

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Тәжікстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арасындағы өзара ынтымақтастық туралы келісім (Астана қ., 04.05.2006ж. қол қойылды және күшіне енді; қолданылу  мерзімінсіз)

40

Түрік Республикасы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен  Түрік Республикасының Үкіметі арасындағы медицина және денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім(10.09.1997ж., Алматы қ.; 05.07.1999ж.,күшіне енді, 5 жыл бойы қолданылады және Тараптардың ешқайсысы тиісті мерзім аяқтаялғаннан 6 ай бұрын оның қолданысын тоқтату туралы өзінің ниетін білдірмесе, әр жолы автоматты түрде бір жылдық мерзімге ұзартылады05.07.1999ж. № 926 ҚРҮҚ)

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасында қазақстандық құрылысшы жұмысшыларды оқытуға арналған оқу орталығын құру жөніндегі өзара ынтымақтастық туралы келісім

 (15.09.2009ж., Астана қ.; 09.12.2010ж. белгіленбеген мерзімге күшіне енді; 17.06.2010ж. № 601 ҚРҮҚ мақұлданған; 30.05.2011ж. ҚР СІМ №12-1/1687 хаты)

41

Түрік Республикасы

-

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Түрік Республикасының Еңбек және халықтың әлеуметтік қорғау министрлігі арасындағы өзара ынтымақтастық туралы келісім (19.10.2000ж., 3-жылдық мерзімге және автоматты түрде келесі 3-жылдық кезеңдерге ұзартылып отырады)

42

Түркменстан Республикасы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен  Түркменстанның Үкіметі арасындағы медицина және денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім   (27.02.1997ж., Алматы қ.; 5-жылдық кезеңге, автоматты түрде келесі 5-жылдық кезеңге ұзартумен қол қойылған күнінен бастап күшіне енді)

-

43

Түркменстан Республикасы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен Түркменстан Республикасының Денсаулық сақтау және медициналық өнеркәсіп министрлігі арасындағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету саласындағы келісім (11.09.2007ж., Ашхабад қ., 5-жылдық кезеңге, автоматты түрде келесі 5-жылдық кезеңге ұзартумен қол қойылған күнінен бастап күшіне енді) 

-

44

Өзбекстан Республикасы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен  Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы мәдениет, денсаулық сақтау, ғылым,  білім беру, туризм және спорт саласындағы ынтымақтастық туралы келісім 

(10.01.1994 ж., Ташкент қ.; 5-жылдық кезеңге, автоматты түрде келесі 5-жылдық кезеңге ұзартумен қол қойылған күнінен бастап күшіне енді) 

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен  Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы еңбек ресурстарын пайдалану және жұмыс күшінің көші-қоны саласындағы ынтымақтастық туралы келісім

 (25.05.1994ж. Ташкент қ.; Тараптардың әрқайсысы барлық БЖЖ орындау туралы хабарлайтын вербальді ноталармен алмасу күнінен бастап күшіне енеді)

45

Украина Республикасы

 

Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Украина Министрлер Кабинетiнiң арасындағы радиоактивтiк әсердiң зардаптарын жою және радиацияға байланысты ауруларды емдеу саласында ғылыми-техникалық ынтымақтастықты нығайту және жұмыс
тәжiрибесiмен алмасуды ұйымдастыру туралы
келісім  (21.09.1999ж. № 1430 ҚРҮҚ мақұлданған)

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықтың әлеуметтік қорғау министрлігі мен Украина Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арасындағы зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы ынтымақтастық туралы келісім (21.09.1995ж.,  Алматы қ.)

 

46

Чехия

Республикасы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен Чехия Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы денсаулық сақтау және медицина ғылымы саласындағы ынтымақтастық туралы келісім (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 17.10.2012ж. № 722 бұйрығы)

-

47

Жапония

«Астана қаласының халқына жедел және шұғыл жәрдем көрсету қызметін дамытуды қолдау» жобасын жүзеге асыру үшін Жапония Үкіметінің грантын тарту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Үкіметінің арасында ноталармен алмасу нысанындағы келісім (11.07.2002ж., Астана қ.; 11.07.2002ж. күшіне енді)

-

48

Жапония

Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылған ядролық қаруды жою саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-жапон комитеті мен Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің Денсаулық сақтау жөніндегі комитеті арасындағы Мемлекеттік медицина академиясы (Семей қ.) және Қазақстан Республикасының Радиациялық медицина және экология ғылыми зерттеу институты (Семей қ.)үшін жабықтарды жеткізуге қатысты келісім (18.08.1999ж., Алматы қ.; 18.08.1999ж. күшіне енді)

-

3 шілде, 2019 - 23:27 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші