check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Ішкі аудит қызметінің 2019 жылғы II тоқсандағы қорытындысы

      Iшкі аудит департаменті 2019 жылдың II тоқсанында мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес келесі аудиторлық іс-шаралар өткізілді:

      Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ««Мемлекеттік аннуитеттілік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғамы )

       Тиімділік аудиті ағымдағы жылдың сәуір айында жүргізілді, нәтижесінде 14,0  мың теңге қаржылық бұзушылықтар анықталды, сондай-ақ келесі процедуралық 23 384,4  мың теңгеге бұзушылықтар анықталды: бухгалтерлік есепті жүргізу кезінде Салық кодексінің сақталмауы, материалдық қорлар есептеу бойынша Есеп саясатының сақталмауы және т.б.

       Аудит кезінде 14,0 мың теңге сомасы  қалпына келтірілді.  

       Аудит қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою үшін Қоғамына аталған бұзушылықтарға жол берген кінәлі лауазымды тұлғалардың жауаптылығын белгіленген тәртіпте қарау үшін хат жіберілді.

      Ұсынылған ақпаратқа сәйкес Қоғамының 2 қызметкерге сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылды, және 1 қызметкерге ексерту түрінде тәртіптік жаза қолданылды.

      Аудит обьектісінде бұзушылықтарды жою жұмысы  жалғасуда.

 

        Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің бойынша Алматы қаласы департаменті»  мемлекеттік мекемесі  (бұдан әрі - ММ)

      Ағымдағы жылдың мамыр айында сәйкестік аудиті жүргізілді, оның нәтижесінде 268,3  мың теңге сомасы қаржылық бұзушылықтар анықталды, сондай-ақ келесі процедуралық бұзушылықтар анықталды: мүгедектерді ОЖБ-ның орындалуын бақылау бойынша шаралар толық көлемде қабылданбайды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау бойынша құжаттар тиісінше ресімделмейді.

     Қалпына келтірілуге 250,3 мың теңге сомасы жатады, аудит кезінде 0,3 мың теңге қалпына келтірілді.

     Аудит қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою үшін ММ аталған бұзушылықтарға жол берген кінәлі лауазымды тұлғалардың жауаптылығын белгіленген тәртіпте қарау үшін хат жіберілді.

     Аудит обьектісінде бұзушылықтарды жою жұмысы  жалғасуда.

 

      Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің бойынша Ақмола облысы департаменті»  мемлекеттік мекемесі  (бұдан әрі - ММ)

      Ағымдағы жылдың маусым айында сәйкестік аудиті жүргізілді, оның нәтижесінде 184,3 мың теңге сомасы қаржылық бұзушылықтар анықталды, сондай-ақ келесі процедуралық бұзушылықтар анықталды: сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама бойынша оқыту толық көлемде жүргізілмейді, есеп беретін сомалар бойынша дебиторлық және кредиторлық берешектер қалдықтарының пайда болуына жол берілген, электрондық конкурстар өткізу кезінде қорытындыларына ықпал етпеген Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу заңнамасын сақталмады.

     Аудит кезінде 63,1 мың теңге сомасы орнына толтырған, қалпына келтірілуге 121,2 мың теңге сомасы жатады.

     Аудит қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою үшін ММ аталған бұзушылықтарға жол берген кінәлі лауазымды тұлғалардың жауаптылығын белгіленген тәртіпте қарау үшін хат жіберілді.

     Аудит обьектісінде бұзушылықтарды жою жұмысы  жалғасуда.

 

 

 

 

 

13 қыркүйек, 2019 - 15:54 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші