A A A
Мазмұнына өту

You are here

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрінің кейбір

бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

 

«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 6), 11), 16), 18) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

  2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберуді;

осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі
Е.Ж. Жылқыбаевқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігі

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрлігі

 

 

Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрінің бұйрығына

2019 жылғы «    »      №

қосымша

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

1. «Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 515 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде       № 13921 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 17 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларында:

3-тармақта:

3-тармақша мынадай редацияда жазылсын:

«3) Бағдарламаға қатысушылар – жұмыс іздеп жүрген адамдар, жұмыссыз, жұмыспен қамтылғандардың жекелеген санаттары қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге келген және оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген, тұрақты тұру үшін келген оралмандар мен қоныс аударушылар және қатысу басымдығы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 − 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасында (бұдан әрі − Бағдарлама) белгіленген азаматтардың өзге де санаттары;»;

23-тармақша мынадай редацияда жазылсын:

«23) облыс ішінде қоныс аудару – мемлекеттік тұрғын үй қорынан және/немесе жұмыс берушілердің қаражаты есебінен тұрғын үймен қамтамасыз ету және тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасу мүмкіндігі болған кезде экономикалық даму әлеуеті төмен ауылдардан тірек ауылдық елді мекендерге, облыстық (аудандық) маңызы бар қалаларға, экономикалық өсу орталықтарына қоныс аудару;»;

4-тармақ мынадай редацияда жазылсын:

«4. Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аударуы 2 бағытта жүзеге асырылады: Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындаған қоныс аударушылар мен оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасы шеңберінде өңіраралық және облыс ішіндегі қоныс аудару.»;

5-тармақ мынадай редацияда жазылсын:

«5. Өңіраралық қоныс аудару үшін қабылдау өңірлерінің халықты жұмыспен қамту орталықтары жыл сайын 1 ақпанға дейін қоныс аудару алдағы жылға мыналар:

1) жұмыс берушілердің еңбек ресурстарына қажеттілігі;

2) кәсіптер бөлінісінде жұмыс берушілердің жұмыс күшіне сұранысын қанағаттандыру үшін қосымша еңбек ресурстарын тарту қажеттілігін анықтап, үш жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға ол туралы ақпарат жібереді.»;

6-тармақ мынадай редацияда жазылсын:

«6. Қабылдау өңірінің халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы халықты жұмыспен қамту орталығының ақпараты негізінде шығу өңірлерінен кәсіптер бөлінісінде қосымша еңбек ресурстарын тарту жөніндегі ұсыныстарды қарайды және өңірлік комиссияға жолдайды.»;

7-тармақ мынадай редацияда жазылсын:

«7. Қоныстандыру өңірлерінің өңірлік комиссиясы шығу өңірлерінен қосымша еңбек ресурстары тартылатын Кәсіптер тізбесін (бұдан әрі – Тізбе), мамандарға қойылатын талаптарды, жұмыс жағдайларын бекітеді.

Тізбеге мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде іске асырылатын жобаларға тарту үшін білікті жұмыскерлердің кәсіптері қосылады.»;

8-тармақ мынадай редацияда жазылсын:

«8. Оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдау өңірлерінің халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органдары қоныс аударушылар мен оралмандарды қабылдау мүмкіндігі туралы ақпаратты халықты жұмыспен қамту мәселелер жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.»;

11-тармақ мынадай редацияда жазылсын:

«11. Қабылдау өңірлерінің халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы бекітілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде бекітілген Тізбені және қабылдау шарттары туралы ақпаратты шығу өңірлерінің халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарына жібереді.»;

12-тармақ мынадай редацияда жазылсын:

«12. Шығу өңірлерінің халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органдары қабылдау өңірінен бекітілген Тізбені алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өздерінің интернет-ресурстарында қабылдау өңірлері мен қабылдау шарттары туралы ақпаратты орналастыру үшін оны халықты жұмыспен қамту орталықтарына жібереді.»;

13-тармақ мынадай редацияда жазылсын:

«13. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органдар азаматтардың ерікті түрде қоныс аударуын ұйымдастыру үшін облыс шегінде ауылдар мен облыстық (аудандық) маңызы бар қалалар тізбесінің жобасын облыс ішіндегі қоныс аудару үшін өңірлік комиссияның қарауына енгізеді.»;

17-тармақ мынадай редацияда жазылсын:

«17. Халықты жұмыспен қамту орталықтары ерікті өңіраралық қоныс аударуға мынадай санаттағы адамдарға және олардың отбасы мүшелеріне:

1) жұмыс іздеп жүрген адамдарға;

2) жұмыссыздарға;

3) Қазақстан Республикасныың Үкіметі айқындаған жұмыспен қамтылғандардың жекелеген санаттарына;

4) «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2012 жылғы № 28 ақпандағы № 264 қаулысына (бұдан әрі - № 264 қаулы) сәйкес белгіленген квота шеңберінде, қоныс аударушыларды қабылдау өңірлерінде жұмысқа орналасқан ауыл жастары қатарындағы түлектерге жәрдем көрсетеді.»;

22-тармақ мынадай редацияда жазылсын:

«22. Жұмыссыздар және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған жұмыспен қамтылғандардың жекелген санаттары облыс ішінде ерікті түрде қоныс аударуға қатысушылар болып табылады.»;

23-тармақ мынадай редацияда жазылсын:

«23. Жұмысқа орналасу үшін жаңа тұрғылықты жерге қоныс аударуға жұмыс іздеп жүрген адамдар және жұмыссыздар арасында:

1) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар, оның ішінде балалар ауылының тәрбиеленушiлерi және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған он алты жастан жиырма үш жасқа дейiнгi балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектері;

2) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері оқу орнын аяқтаған соң үш жыл ішінде;

3) жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлға қызметінің тоқтатылуына, жұмыскерлер санының немесе штатының қысқаруына, жұмыс берушінің экономикалық жағдайының нашарлауына әкеп соққан өндірістердің және орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің төмендеуіне байланысты жұмыстан босатылған адамдар;

4) Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде оқуды аяқтаған қатысушылар басым пайдаланады.»;

45-тармақ мынадай редацияда жазылсын:

«45. Жергілікті атқарушы органдардың тапсырыстары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударатын Бағдарламаға қатысушыларға жұмыс беруші жұмыскерге тұрғынжай ұсынған жағдайды қоспағанда, тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй және жатақханалардан бөлме беріледі.»;

51-тармақ мынадай редацияда жазылсын:

«51. Бағдарламаға қатысушының екі айдан астам қолданыстағы еңбек шарты болмаған жағдайда тұрғын үйді, қызметтік тұрғын үйді, жастарға арналған жатақханадағы бөлмені жалдау (қосымша жалдау) шарты мен онымен жасалған мемлекеттік қолдау ұсыну туралы әлеуметтік келісімшарт бұзылады.»;

59-тармақ мынадай редацияда жазылсын:

«59. Отбасының кәмелетке толған мүшесі болмаған жағдайда жалдау (қосымша жалдау) шарты қалалық (аудандық) комиссияның келісімімен отбасының кәмелетке толмаған мүшесінің (мүшелерінің) заңды өкілдерімен жасалады.»;

66-тармақ мынадай редацияда жазылсын:

«66. Ерікті өңіраралық қоныс аударуға Бағдарламаға қатысқысы келетін жұмыс берушілер қабылдау өңірінің халықты жұмыспен қамту орталықтарына Бағдарламаға қатысушылардың қатарына қосу және субсидия төлеу туралы осы Қағидаларға 5-қосымша сәйкес нысан бойынша өтінішті мынадай құжаттармен:

1) өңірлік комиссияның оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешімінің көшірмесімен;

2) жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау туралы актісінің көшірмесімен не жұмыскермен жасалған, осындай әрбір жұмыскер үшін жұмыс берушінің қолымен және мөрімен (бар болса) расталған еңбек шартының көшірмесімен қоса береді;»;

2-қосымшада:

7-тармақтың 8-тармақшасының мынадай редацияда жазылсын:

      «8) қоныстану жерінен он екі ай ішінде кеткен (отбасымен) жағдайда көшуге алған субсидиялардың және тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге субсидиялардың сомаларын бюджетке өтеуге міндетті.»;

осы бұйрықтың 6-қосымшасы 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын:

2. «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 516 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13938 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 28 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында:

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Халықты жұмыспен қамту орталығы:

1) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру мәселелері бойынша жұмыс берушілерге консультация береді;

2) қаржыландыру шегіне байланысты жыл сайын 1 қарашаға дейін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын жұмыс берушілерден алдағы қаржы жылына өтінімдер жинауды жүзеге асырады;

3) өтінімдерді жинау аяқталған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде оларды бірыңғай тізбеге жинақтайды және бекіту үшін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға жібереді;

4) жыл ішінде қажеттілікке қарай жұмыс берушілерден қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға қосымша өтінімдер қабылдайды.

5) ай сайын «Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсында қоғамдық жұмыстар бойынша:

әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырған жұмыс берушілердің саны;

қоғамдық жұмыстарға жұмысқа орналасқандардың саны;

қоғамдық жұмыстарға жұмысқа орналасқандардың орта айлық еңбекақы мөлшері туралы мәліметтерді орналастырады.»;

14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Қоғамдық жұмыстарға қатысқысы келетін студент немесе жалпы білім беретін мектептің жоғары сынып оқушысы өтініммен бірге оқу орнының анықтамасын оқу орнының оның қоғамдық жұмыстарға қатысуына келісімін көрсете отырып қоса ұсынады.»;

16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«16. Қоғамдық жұмыстардағы еңбек қызметінің кезеңі қоғамдық жұмыстарға қатысушының жалпы еңбек өтіліне есептеледі.»;

18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«18. Қоғамдық жұмыстарға қатысуды дәлелсіз себептермен өз еркімен тоқтатқан жұмыссыздар жұмыссыздар ретінде есептен шығарылады және жұмыссыз ретінде қайта тіркелген күннен бастап үш ай өткен соң кейін ғана қоғамдық жұмыстарға қайта жіберілуіне болады.»;

22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«22. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын адамдарға еңбекақы төлеуді халықты жұмыспен қамту орталығы ай сайын, Қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған үлгiлiк шартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс берушілер ұсынған мәліметтердің негізінде жүргізеді және қоғамдық жұмыстарға қатысатын адамдардың екінші деңгейдегі банктерде немесе банк қызметінің жеке түрлерін жүргізуге құқығы бар өзге қаржылық институттарда ашылған ағымдағы (карточкалық) шоттарына ақшалай қаражатты аудару арқылы жүзеге асырады»;

23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«23. Қоғамдық жұмыстарға қатысқаны үшін адамдарға есептелген жалақыға «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес салық салынады.»;

24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«24. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы адамдарға уақытша жұмысқа жарамсыздығы жөнiндегi әлеуметтiк жәрдемақы төлеудi Еңбек кодексіне сәйкес халықты жұмыспен қамту орталығы жүргiзедi.»;

осы бұйрықтың 4-қосымша 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын

«3. Әлеуметтік жұмыс орындары олардың меншік нысанына қарамастан жұмыс берушілерде, сондай-ақ үйде ұйымдастырылады, бұл ретте салық және басқа да әлеуметтік аударымдарын тұрақты түрде жүргізетін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан аса қызмет ететін жұмыс берушілердің қатысуына жол беріледі.

Жұмыс беруші жұмыссыздарды, оның ішінде табысы аз көпбалалы аналарды, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған аналарды жұмысқа орналастыру үшін олардың жалақысын субсидиялай отырып әлеуметтік жұмыс орнын құрады.»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыссыздар үшін арнайы құрылады, олардың арасында табысы аз көпбалалы аналар, мүгедектігі бар балаларды асырап отырған аналар, сондай-ақ «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның 20-бабы 2-тармағының 1)-9) тармақшаларында көрсетілген адамдар:

1) балалар ауылының тәрбиеленушiлерi және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған он алты жастан жиырма үш жасқа дейiнгi балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектері;

2) зейнеткерлiк жас алдындағы (зейнеткерлiкке шығуға екi жыл қалған) адамдар;

3) мүгедектер;

4) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және (немесе) мәжбүрлеп емдеуден өткен адамдар;

5) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;

6) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызiлiктi, көпбалалы ата-аналар;

7) жеті жасқа дейінгі баланы, мүгедек баланы, бірінші және екінші топтағы мүгедектерді бағып-күтуді жүзеге асыратын адамдар;

8) оралмандар;

9) терроризм актісінің нәтижесінде зардап шеккен адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар басымдыққа ие.

Табысы аз, көпбалалы, мүгедектігі бар балаларды асырап отырған аналар үшін үйде әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру көзделеді.»;

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

7. Халықты жұмыспен қамту орталығы:

1) жұмыс берушілерге әлеуметтік жұмыс орындарын құру және қаржыландыру мәселелері бойынша консультация береді;

2) қаржыландыру шегіне қарай жыл сайын 1 қарашаға дейінгі мерзімде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілерден алдағы қаржы жылына өтінімдер жинауды жүзеге асырады;

3) өтінімдерді жинау аяқталған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде оларды бірыңғай тізбеге жинақтайды және бекіту үшін жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға жібереді;

4) жыл ішінде қажеттілікке қарай жұмыс берушілерден әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға қосымша өтінімдер қабылдайды;

5) жұмыс берушілердің бюджет қаражатын мақсатты пайдалануына, жұмысқа орналастырылған азаматтардың міндетті зейнетақы аударымдары болуына мониторинг жүргізеді.

6) ай сайын «Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсында әлеуметтік жұмыс орындары бойынша:

әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырған жұмыс берушілердің саны;

әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқандардың саны;

әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқандардың орта айлық еңбекақы мөлшері туралы мәліметтерді орналастырады.»;

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу кезінде:

1) жұмыссыздардың денсаулық жағдайы, жас, кәсіби және басқа да жеке ерекшеліктері;

2) жұмыссыз ретінде тіркелгендігі

3) жолдама беру сәтінде жіберілетін жұмыссыздар үшін лайықты жұмыстардың болмауы ескеріледі.»;

16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«16. Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның 20-бабына сәйкес әлеуметтік жұмыс орындарындағы еңбек қызметін дәлелсіз себептермен өз бетінше тоқтатқан жұмыссыздар жұмыссыздар ретінде есептен шығарылады және жұмыссыз ретінде қайта тіркелген күннен бастап үш ай өткеннен кейін ғана жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қайта қатыса алады.»;

19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«19. Әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы қолданылады.

Қоғамдық жұмыс орындарындағы еңбек қызметінің кезеңі қоғамдық жұмыс орындарына қатысушының жалпы еңбек өтіліне есептеледі.»;

20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

 «20. Бос жұмыс орны пайда болған кезде жұмыс берушінің бастамасы бойынша және әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушының келісімімен жасалған еңбек шартының мерзімі аяқталғанға дейін тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасуға жол беріледі. Бұл ретте жұмыс беруші тұрақты жұмысқа қабылдау туралы бұйықтың көшірмесін халықты жұмыспен қамту орталығына жұмысқа қабылдаған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде жолдайды.»;

25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

 «25. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама) сәйкес экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны ескергенде әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың жалақысына субсидияның ай сайынғы мөлшері жалақының белгіленген мөлшерінен 35 %-ды құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалған ең төменгі жалақы мөлшерінен аспайды.

Үкіметтік емес ұйымдар мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін құратын әлеуметтік жұмыс орындарының жалақысын субсидиялау мөлшерін жергілікті атқарушы органдар дербес белгілейді.

Орындалатын жұмыстың көлеміне және күрделілігіне қарай жұмыс беруші өз қаражаты есебінен, қажет болған жағдайда, нақты орындалған жұмыс үшін қосымша үстемеақылар белгілейді.»;

28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«28. Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға еңбекақы төлеуді ай сайын нақты орындалған жұмыс уақыты үшін еңбек шартында белгіленген мөлшерге қарай жүргізеді.»;

осы бұйрықтың 4-қосымшасы 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

Жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы шартта:

осы бұйрықтың қосымшасы 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында:

4-тармақтың 1-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) жастар практикасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама) сәйкес түлектер оқуды аяқтағаннан кейінгі 3 жыл ішінде алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау үшін арналған;»;

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның 21-бабының 2-тармағына сәйкес халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган:

  1. жастар практикасын ұйымдастыруға сұраныс пен ұсынысты қалыптастырады;

  2. жастар практикасын ұйымдастыруға өтінім берген өңірлердегі ұйымдардың тізбесін, тартылатын білім беру ұйымдары түлектерінің қатарындағы жұмыссыздардың санын, оларға еңбекақы төлеу шарттары мен мөлшерін және қаржыландыру көздерін айқындайды.

Ұйымдардың тізбесі жыл ішінде қажеттілігіне қарай жаңартылады.»;

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

11. Халықты жұмыспен қамту орталығы:

1) жұмыссыздарға жастар практикасынан өту мәселелері бойынша консультация береді;

2) жұмыссыздарға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жастар практикасына жолдама береді.

3) ай сайын «Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсында жастар практикасы бойынша:

Жастар практикасын ұйымдастырған жұмыс берушілердің саны;

Жастар практикасына жұмысқа орналасқандардың саны;

Жастар практикасына жұмысқа орналасқандардың орта айлық еңбекақы мөлшері туралы мәліметтерді орналастырады.»;

Білім беру ұйымдары түлектерінің қатарындағы жұмыссыздарды жастар практикасына жіберуге олардың келісімімен ғана жол беріледі.

16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

 «16. Жұмыс берушінің бастамасы бойынша бос жұмыс орны пайда болған кезде және жастар практикасына қатысушының келісімімен жасалған еңбек шартының мерзімі аяқталғанға дейін тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасуға жол беріледі. Бұл ретте, жұмыс беруші тұрақты жұмысқа қабылдау туралы бұйықтың көшірмесін халықты жұмыспен қамту орталығына жұмысқа қабылдаған уақыттан бастап үш жұмыс күні ішінде жолдайды.»;

25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«25. халықты жұмыспен қамту орталығы ай сайын «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаулардың нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 227 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 13485 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша және мерзімдерде жастар практикасы бойынша есептілік жүргізеді және оны халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға ұсынады және аталған есепте:

1) жастар практикасының шеңберінде құрылған жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған түлектердің саны туралы;

2) жастар практикасының шеңберінде құрылған жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған адамдар жалақысының орташа айлық мөлшері туралы мәліметтер көрсетіледі.»;

26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«26. Түлектер қатарындағы жастар практикасына қатысушылардың жалақысын қаржыландыру алты айдан аспайтын мерзімде еңбек шартына сәйкес жүзеге асырылады.

Субсидия көлемі айына (жалақы) республикалық немесе жергілікті бюджеттен жастар тәжірибесіне қатысатындар үшін 25 айлық есептік көрсеткіш (салық, міндетті әлеуметтік аударымдар, пайдаланылмаған еңбекдемалысы мен банктік қызметі үшін өтемақы есебімен) экологиялық үстемақы төлеуді қоспағанда.

Жұмыс беруші атқарылған жұмыстың ауырлығына байланысты өз қаражаты есебінен қажет болған жағдайда нақты орныдалған жұмысқа қосымша үстемақы белгілейді.

Жастар тәжірибесімен жұмыс жасайтындардың жалақысы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексіне сәйкес салық салынады.»;

27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«27. Жастар практикасын қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен, сондай-ақ алған кәсібі (мамандығы) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының жиырма тоғыз жастан аспаған түлектеріне еңбекақы төлеуге Қазақстан Республикасының заңнамаларында тыйым салынбаған көздерден жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қолдау шарасын республикалық бюджеттен қаржыландыру халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қолдау шарасын жергілікті бюджеттен қаржыландыру халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган арқылы жүзеге асырылады.».

3. «Кейбір үлгілік құжаттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы
7 маусымдағы № 482 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13867 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 18 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

«Ауданның (қаланың), облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) халықты жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесінің үлгілік жарғысында:

15-тармақтың 11 және 12-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«11) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына (бұдан әрі - Бағдарлама) қатысушылармен еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру жөнінде осы бұйрықпен бекітілген әлеуметтік келісімшартқа қол қояды, оның орындалуына және шарттары орындалмаған кезде Заңға сәйкес санкциялардың қолданылуына мониторингті жүзеге асырады;

12) еңбек делдалдығын, сондай-ақ проактивті нысанда Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасында көзделген, сонымен қатар халықты жұмыспен қамту мобильді орталықтарын құру арқылы жұмыспен қамтудың белсенді шараларын көрсетеді.

Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия туралы үлгілік ережеде:

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Аудандық (қалалық) комиссияның функцияларына:

1) халықты жұмыспен қамту орталықтарын хабардар ете отырып, өтініш берушілерді Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу туралы не қосудан бас тарту туралы шешім қабылдау;

2) ТжКБ бар кадрларды даярлауға үміткерлердің тізімін қалыптастыру үшін мобильді топтар құрады;

3) «Жастар – ел тірегі» ұлттық жобасына қатысу үшін NEET санатындағы жастар тізімін қалыптастыру бойынша мобильдік топтар құру.

4) ерікті түрде қоныс аударуға қатысушысының келісімін алған жағдайда ол үйді сатып алу үшін жылына отбасына есептелген сома шегінде материалдық көмек сомасынбіржолғы төлеу бойынша ұсынымдарды әзірлеу;

5) ТжКБ бар кадрларды даярлауға және қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға үміткерлердің тізімдерін бекіту;

6) Бағдарламаға қатысушыларды оқудан шығару және үміткерді бос орынға ауыстыру туралы шешім қабылдау;

7) Бағдарламаның іске асыру тетіктерін жақсарту, сондай-ақ Бағдарламаның іске асырылуын тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың алдын алу және жою бойынша ұсынымдар әзірлеу;

8) халықты жұмыспен қамтамасыз ету жөнінде республикалық іс-шараларды жергілікті атқарушы органдар қабылдайтын шаралармен үйлестіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

9) Бағдарлама шеңберінде іске асырылатын инфрақұрылымдық жобалардың тізбесін қарау және келісу кіреді.».

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне        1-қосымша

 

Жұмыс күшінің ұтқырлығын

арттыру үшін адамдардың

ерікті түрде қоныс

аудару қағидаларына

6-қосымша

 

Нысан

 

Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу бойынша мемлекеттік қолдау көрсету туралы әлеуметтік келісімшарт

 

________________________ 20__ жылғы «___» ________________

      (жасалған орны)

 

Бұдан әрі «Халықты жұмыспен қамту орталығы» деп аталатын_______________________________ атынан __________________________________________

(Халықты жұмыспен қамту орталығының атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

бір тараптан, бұдан әрі «Бағдарламаға қатысушы» деп аталатын

________________________________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі, жеке басын куәландыратын құжаттың сериясы, нөмірі, қашан және кім берген) атынан екінші тараптан және «Жұмыс беруші» деп аталатын

________________________________________________________________________________

(жұмыс берушінің атауы, заңды өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), бизнес сәйкестендіру нөмірі, жұмыс берушінің заңды мекен-жайы) үшінші тараптар төмендегі туралы осы әлеуметтік келісімшартты (бұдан әрі – Келісімшарт) жасады:

 

  1. Келісімшарттың мәні

 

1. Келісімшарт жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шараларын көрсету мақсатында жасалды.

 

2. Келісімшарт тараптары Халықты жұмыспен қамту орталығы және Бағдарламаға қатысушы, ал Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 515 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13921 болып тіркелген) бекітілген Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар) көзделген жағдайларда жұмыс беруші болады. Келісімшарт шеңберінде Бағдарламаға қатысушыға мынадай мемлекеттік қолдау шаралары:___________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________________________________________ ұсынылады.

(Бағдарламаға қатысушыға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларын көрсету)

  1. Келісімшарт Халықты жұмыспен қамту орталығы директорының 20 __ жылғы "__"___________ № ___ бұйрығы негізінде жасалды.

 

 

  1. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

 

4. Халықты жұмыспен қамту орталығының:

1) Бағдарламаға қатысушыдан көшуге субсидия, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтуге субсидия тағайындау және тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй (еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлмелер) беру үшін өтініш пен құжаттар топтамасын қабылдауға;

2) тұрғын үй комиссиясының Бағдарламаға қатысушыға тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй (еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлмелер) беру туралы шешімін қабылдауға;

3) Бағдарламаға қатысушымен тұрғын үйді, қызметтік тұрғын үйді (еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлмелерді) жалға беру шартын жасауға;

4) көшуге субсидиялар, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеуге субсидия тағайындау туралы шешім қабылдауға және субсидияларды Бағдарламаға қатысушының дербес шотына аударуды жүзеге асыруға;

5) Бағдарламаға қатысушының тұрғын үйге, қызметтік тұрғын үйге (еңбекші жастарға арналған жатақханалардағы бөлмеге) қоныстануын қамтамасыз етуге;

6) Бағдарламаға қатысушыны жаңа тұрғылықты жері бойынша тіркеуге жәрдемдесуге;

7) Қағидаларда ескертілген жағдайларда Бағдарламаға қатысушы отбасының кәмелеттік жасқа толған басқа мүшелерімен тұрғын үйді жалға алу шартын қайта жасауға құқығы бар.

5. Халықты жұмыспен қамту орталығы:

1) Бағдарламаға қатысушының тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасуына жәрдемдесуге және оны бақылауды жүзеге асыруға;

2) Бағдарламаға қатысушы мен жұмыс берушінің келісімшартты орындауына мониторингті жүзеге асыруға;

3) тараптардың міндеттемелерін орындауына мониторингті жүзеге асыруға қажетті ақпаратты, құжаттарды және материалдарды тараптардан сұратуға және алуға;

4) Бағдарламаға қатысушының көшу тәртібіне, мерзіміне қатысты ақпаратты шыққан жеріндегі Халықты жұмыспен қамту орталығынан сұратуға;

5) Бағдарламаға қатысушы мен жұмыс берушіден Келісімшарт талаптарының уақтылы және тиісінше орындалуын талап етуге;

6) Келісімшарт талаптары орындалмаған және (немесе) тиісінше орындалмаған жағдайда тұрғын үйді, қызметтік тұрғын үйді (еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлмені) жалға алу шартын бұзуға;

7) жұмысқа орналастырудың жеке картасында Бағдарламаға қатысушының қоныс аударғаннан кейін тұрақты жұмысқа орналасқаны туралы мәліметтерді көрсетуге міндетті.

6. Бағдарламаға қатысушының:

1) Халықты жұмыспен қамту орталығына көшуге субсидиялар, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтердің ақысын төлеу бойынша шығыстарды өтеуге субсидия тағайындау және тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй (еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлмелер) бөлу үшін өтініш пен қажетті құжаттар топтамасын тапсыруға;

2) көшудің тәртібі, мерзімі және қабылдау шарттары туралы, оның іщінді тұрғын үймен, қызметтік тұрғын үймен (еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлмемен) қамтамасыз ету және тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасу мәселелері бойынша ақпаратты шыққан жерінің Халықты жұмыспен қамту орталығынан алуға;

3) Келісімшарт тараптарынан келісімшарттың уақтылы және тиісінше орындалуын талап етуге;

4) келісімшартта көзделген мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқығы бар.

7. Бағдарламаға қатысушы:

1) көшуге жолдама алғаннан кейін белгіленген мерзімдерде айқындалған елді мекенге келуге;

2) Халықты жұмыспен қамту орталығымен тұрғын үйді, қызметтік тұрғын үйді (еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлмелерді) жалға беру шартын жасауға және оған белгіленген мерзімде қоныстануға;

3) жұмысқа орналасқаннан кейін тұрғын үй жинақтау жүйесіне қатысуға;

4) жұмыс беруші ұсынған тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасуға не кейіннен жұмысқа орналасумен кәсіптік оқытудан өтуге;

5) коммуналдық және жалға алу ақысын уақтылы төлеуге;

6) тараптардың міндеттемелерін орындауына мониторингті жүзеге асыруға қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды уақтылы және толық көлемде тараптардың сұратуы бойынша ұсынуға;

7) өзіне көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде жүктелген міндеттемелерді адал атқаруға;

8) қоныстану жерінен алты ай ішінде кеткен жағдайда (отбасымен) көшуге алған субсидиялардың сомаларын бюджетке өтеуге міндетті.

8. Жұмыс берушінің:

1) көшудің тәртібі, мерзімі және қабылдау шарттары туралы, оның ішінде тұрғын үймен, қызметтік тұрғын үймен (еңбекші жастарға арналған жатақханалардағы бөлмемен) қамтамасыз ету және тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасу мәселелері жөніндегі ақпаратты шығу жеріндегі Халықты жұмыспен қамту орталығынан алуға;

2) Келісімшарт тараптарынан келісімшарттың уақтылы және тиісінше орындалуын талап етуге құқығы бар.

9. Жұмыс беруші:

1) тұрақты жұмыс орнына қабылдаған күннен бастап кемінде күнтізбелік отыз алты ай мерзіміне кемінде бес Бағдарламаға қатысушыны жұмысқа жұмысқа орналастыруға;

2) жұмысқа қабылдау немесе одан бас тарту туралы халықты жұмыспен қамту орталығын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде хабардар етуге;

3) Бағдарламаға қатысушымен 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі) сәйкес еңбек шартын жасауға;

4) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Салық кодексі), "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Бағдарламаға қатысушылар алған табыстарынан жеке табыс салығын және міндетті зейнетақы жарналарын ұстауды және аударуды, сондай-ақ әлеуметтік салық төлеуді және орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін Бағдарламаға қатысушыларға төленетін жұмыс берушiнiң табыс түрiндегі төлейтiн шығыстарынан әлеуметтік аударымдар аударуды жүргізуге;

5) халықты жұмыспен қамту орталығының сұратуы бойынша Бағдарламаға қатысушыға міндетті зейнетақы аударымдары аударылғанын растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынуға;

6) қажет болған жағдайда Бағдарламаға қатысушыны кейіннен жұмысқа орналастыру үшін кәсіптік оқытуға жіберуге міндетті.

10. Әлеуметтік келісімшарттың талаптарына сәйкес Бағдарламаға қатысушы (отбасымен бірге) қоныстандырған жерінен он екі ай ішінде кеткен жағдайда, кеткен күнінен бастап көшуге берілетін субсидияның және тұрғын үй жалдау (жалға беруге) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге берілетін субсидияның алынған сомасы республикалық бюджетке өтеледі.

11. Әскери қызметке шақырылған, осы елді мекенде тұруға мүмкіндік бермейтін сырқаттанушылықты, жұмыс берушінің өтінімі бойынша басқа жерге оқуға жіберілген жағдайларды қоспағанда, Бағдарламаға қатысушының отбасы мүшелерінің бірі қоныстандырған жерінен кеткен жағдайда, кеткен отбасы мүшесі алған көшуге берілетін субсидия сомасы бюджетке қайтарылады.

  1. Тараптардың жауапкершілігі

12. Жұмыспен қамту орталығы, Бағдарламаға қатысушылар және жұмыс берушілер осы Келісімшартта көзделген өз міндеттемелерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жауаптылықта болады.

13. Жұмыс берушілермен Бағдарламаға қатысушыны жұмысқа орналастыру жөніндегі міндеттемені орындамаған жағдайда жұмыс берушілер жұмыскердің көшу бойынша шығыстарын өтеуге жаңа тұрғылықты жерде орнығуға жәрдемақы ұсынуға, жұмыскерге қызметтік тұрғын үй беруге немесе тұрғын үйді жалдау бойынша шығыстарын өтеуге, жұмыскердің тұрғын үй сатып алуға шығыстарын ішінара өтеу, жұмыскердің мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметтеріне ақы төлеу шығыстарын толық немесе ішінара өтеуге мемлекеттің көтерген шығыстарын өтейді.

14. Халықты жұмыспен қамту орталығының мен Бағдарламаға қатысушылармен жұмыс берушілердің осы Келісімшартта көзделмеген жауапкершілік шаралары Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының нормаларына сәйкес қолданылады.

15. Осы Келісімшарттың қолданылу мерзімінің аяқталуы Жұмыспен қамту орталығын Бағдарламаға қатысушыларды және жұмыс берушілерді осы мерзімнің аяқталуына дейін болған оны бұзғаны үшін жауапкершіліктен босатпайды.

4. Еңсерілмейтін күш жағдаяттары

16. Жұмыспен қамту орталығымен Бағдарламаға қатысушылар және жұмыс берушілер осы Келісімшартқа қол қойылғаннан кейін туындаған өрт, жер сілкінісі, су тасқыны және апатты құбылыстар, әскери әрекеттер сияқты төтенше жағдайларда немесе күшпен еңсеруге келмейтін жағдайларда (форс-мажор) міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.

17. Форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде, осы Келісімшартқа сәйкес қандай да болмасын міндеттемесінің орындалуы осындай жағдайдың туындауына орай мүмкін болмай қалған Жұмыспен қамту орталығы, Бағдарламаға қатысушылар және жұмыс берушілер форс-мажорлық жағдай туындаған немесе тоқтатылған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде жазбаша нысанда (осы келісімшарт бойынша өз міндеттемелерінің орындалмауы мүмкіндігін уәждемелеп және негіздеп) хабардар етуге міндеттенеді.

18. Хабардар етпеу немесе уақтылы хабарламау, Жұмыспен қамту орталығыны Бағдарламаға қатысушыны және жұмыс берушіні мұндай хабардар етпеу немесе уақтылы хабарламау тиісті форс-мажорлық жағдайлардан тікелей туындаған жағдайларды қоспағанда, осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалмауы үшін жауапкершіліктен босатушы негіздеме ретінде кез келген форс-мажорлық жағдайға сілтеме жасаудан айырады.

Форс-мажорлық жағдайлардың басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарлама форс-мажорлық жағдайлар жалпыға белгілі және көпшілік сипатта болған әрі дәлелдеуді қажет етпейтін жағдайларды қоспағанда, құжатпен не мұндай жағдайдарды растайтын тиісті органның және/немесе мекеменің шешімімен расталуға тиіс.

19. Осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалу мерзімі форс-мажорлық жағдайлар, сондай-ақ осы жағдайлардан туындаған салдар орын алған уақытқа тең болады. Егер форс-мажорлық жағдайлардың туындауына байланысты Жұмыспен қамту орталығының, Бағдарламаға қатысушынының және жұмыс берушінің осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің толық немесе ішінара орындауының мүмкін болмауы _____ (кезеңі көрсетілсін) асатын болса, онда осы Келісімшартты бұзуға құқылы.

5. Басқа да жағдайлар

20. Келісімшартқа тараптардың келісімі бойынша қосымша әлеуметтік келісімшартқа қол қою арқылы өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

21. Осы Келісімшарт оған Халықты жұмыспен қамту орталығы, Бағдарламаға қатысушы және жұмыс беруші қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және 20__ жылғы «__» ______ дейін қолданылады.

6. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері

Халықты жұмыспен қамту орталығы

 Бағдарламаға қатысушы

             Жұмыс беруші

___________________________________
(Халықты жұмыспен қамту орталығының

толық атауы)
___________________________________
(заңды мекенжайы)
___________________________________
(телефон, факс)
___________________________________
(уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты

(бар болса))
___________________________________
(қолы)

М.О.

___________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
___________________________________
(мекенжайы)
___________________________________
(телефон, факс)
____________________________________
(қолы)

_______________________________________

(заңды тұлғаның атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі/, жеке тұлғаның аты-жөні, жеке сәйкестендіру нөмірі)
______________________________________________________________________________
(заңды мекен-жайы)
______________________________________________________________________________(банктік сәйкестендіру нөмірі)
______________________________________________________________________________(банк атауы)
______________________________________________________________________________
          (уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
_______________________________________
(қолы)

М.О.

 

 

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрінің өзгерістер енгізілетін

кейбір бұйрықтарының тізбесіне        2-қосымша

 

Қоғамдық жұмыстарды
ұйымдастыру және қаржыландыру
қағидаларына
4-қосымша

 

Нысан

_____________________________________

ауданының (қаласының) Халықты жұмыспен қамту орталығының директорына _____________________________________ мекенжайы бойынша тұратын

_____________________________________

Тегі, аты, әкесінің аты

(бар болса)

 

ӨТІНІШ

 

 Мені _____________________________________________________________________

(бағдарламаның атауы)

бағдарламасы бойынша қоғамдық жұмысқа жіберуіңізді сұраймын.

 

Қосымша ___ парақта:

жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;

тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың (мекенжай анықтамасы, ауыл әкімінің анықтамасы) көшірмесі;

еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болса);

білімі туралы құжаттың (аттестат, куәлік, диплом), сондай-ақ бар болса, оқудан өткенін растайтын құжаттардың (куәлік, сертификат) көшірмелері;

толық емес жұмыс уақыты немесе ұзақтығы қысқартылған жұмыс уақыты режиміне ауыстыру немесе әлеуметтік демалыс ұсыну туралы немесе мәжбүрлі тоқтап тұру туралы, жалақысы сақталмайтын еңбек демалысы туралы (ішінара жұмыспен қамтылған жалдамалы жұмыскерлер үшін) жұмыс берушінің актісі;

демалыста болу туралы оқу орнынан анықтама (бар болса).

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын алу үшін қажетті менің дербес деректерімді жинау мен өңдеуге келісім беремін.

Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

*ұсынылған құжаттардың дәйектілігіне өтініш беруші жауапты болады.

_________________ ___________

Күні қолы

 

---------------------------------------------------------------------------------------------------------------

(кесу сызығы)

Азамат (ша) _________________________________________________ өтініші

20__ жылғы ___ ________ қабылданды, № ________ болып тіркелді.

Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы: ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_________________ ___________

Күні қолы

*ұсынылған құжаттардың дәйектілігіне өтініш беруші жауапты болады.

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне        3-қосымша

 

Әлеуметтік жұмыс орындарын

ұйымдастыру және қаржыландыру

қағидаларына

1-қосымша

Нысан

 

__________________ (ауданының, қаласының) Халықты жұмыспен қамту орталығына

 

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін жұмыс берушінің алдағы қаржы жылына өтінімі

_______________________________________________________________ (жұмыс берушiнiң толық атауы, заңды мекенжайы, БСН (ЖСН), байланыс жасайтын адамдары мен телефондары) жұмыссыздар үшiн үйде, әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушiлер тiзбесiне қосуды сұрайды.

Жұмыс берушілердің тізбесіне қосу мәселесі оң шешiм тапқан жағдайда жұмыссыздарға тiзбеге сәйкес мынадай әлеуметтік жұмыс орындары ұсынылатын болады:

 

№ п/п

Кім ретінде жұмысқа қабылдау жоспарланып отыр

Жұмыс орындарының жоспарланған саны

Жұмыстардың

жоспарлы ұзақтығы (ай)

Жұмыс орны (үйде/жалпы

Айлық жалақы мөлшерi, теңге

Өтемақының жоспарлы мөлшерi, теңге

1

2

3

4

5

6

7

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ескертпе:

Өтінімге мынадай құжаттар ұсынылады:

1. Заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәліктің көшірмесі.

2. Заңды тұлға жарғысының көшiрмесi.

___________ ___________

   Басшы                     Күнi

 

 

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне        4-қосымша

 

Жұмыссыздарды жұмысқа

орналастыру үшін әлеуметтік

жұмыс орындарын ұйымдастыру

және қаржыландыру туралы

шартқа қосымша

 

Нысан

 

 _______________________________________________________________________________

(жұмыс берушінің атауы)

 

      Әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушылар туралы

      20__ жылғы ____________

 

Р/с №

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Жеке басын куәландыратын құжаттың №, берілген күні

ЖСН

Еңбек шартының нөмірі мен күні

Нысан

1

2

3

4

5

5-1

1

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

4

 

 

 

 

 

 

Итого:

 

 

 

 

 

кестенің жалғасуы

 

Шарт бойынша жалақының мөлшері

Айдағы жұмыс күндерінің саны

Нақты жұмыс істеген күндер

Есептелген жалақының сомасы, теңге

Зейнетақы жарналарының сомасы

Бюджеттен өтемақы төленуге тиіс, теңге

6

7

8

9

10

11

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ТіркемеМөлшер
PDF icon dlya_sayta_prikaz_kaz.pdf259.76 KB
Бөлімдер:
11 шілде, 2019 - 19:57 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші