A A A
Мазмұнына өту

You are here

2019 жылғы 15 шілдеде Үкіметтің кеңейтілген отырысында Министрдің сөйлеген сөзі

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, әріптестер!

 

Біріншіден Елбасына, Сізге Қасым-Жомарт Кемелұлы, биылғы әлеуметтік саладағы халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған шешімдеріңіз үшін бүкіл қазақстандықтардың атынан алғыс білдіреміз!

2019 жылы әлеуметтік қамтамасыз ету мен қолдауға 3,4 трлн. теңге бөлінді, бұл республикалық бюджеттің 27%-ын құрайды. Жалпы, елімізде әлеуметтік төлемдердің  39 түрі көрсетіледі.

Биылғы жылы жұмыскерлердің жалақысы екі рет өсті.

Ең төменгі жалақының мөлшерін арттыру 1,3 млн. адамның табысын ұлғайтуға мүмкіндік берді және маусым айынан бастап 1,4 миллионнан астам мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің жалақысы көбейді.

Бүгінгі күні елімізде 2,1 миллионнан астам зейнеткер бар. Былтырғы жылдың жартысынан бастап базалық зейнетақы төлемдері тікелей еңбек өтіліне байланысты тағайындалуда.  

Ынтымақты зейнетақының кемуіне байланысты жинақтаушы зейнетақы жүйесінің маңызын арттыруымыз керек.

Қазір 6 миллиондай азамат немесе жұмыспен қамтылғандардың 70%-ы ғана зейнетақы жарналарын аударып жатыр. Олардың 85%-ға жуығы жарналарды 85 000 теңгеге дейінгі табыстан аударады. Бұл жарналар республика бойынша еңбекақы қорының 45%-ынан төленеді.

Зейнетақы жүйесіне деген сенім төмен деңгейде болып отыр. Ұлттық банк Үкіметпен бірлесіп жинақтаушы зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша тиісті шаралар қабылдауды ұсынып отыр.

Қазіргі уақытта мемлекетімізде 685 мың мүгедектігі бар адам тұрып жатыр. Оларды әлеуметтік қорғауға 2019 жылы шамамен 324 млрд. теңге көзделген (2018 жылы –  294 млрд. теңге).

Шілде айынан бастап Ақтөбе облысының әкімдігімен бірлесіп  Әлеуметтік қызметтер порталы бойынша  пилотты бастадық. Портал арқылы азамат өз қажеттілігіне сай келетін әлеуметтік қызметтерге тапсырыс бере алады. Сондай-ақ, тамыздан бастап олар оңалтудың техникалық құралдарын алатын болады.  

Биыл Мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспар бекітілді.

Дегенмен, жұмыла істейтін бірқатар мәселелер бар. Бұл әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділік әлі де өз деңгейінде қамтамасыз етілмей отыр. Бұл жұмысты жобалау, құрылыс жүргізу кезінде немесе қоғамдық көліктерді пайдалануға бермей тұрып жасау қажет.

Аз қамтылған азаматтарды қолдау үшін Атаулы әлеуметтік көмек көрсетілуде. Бүгінгі күні бұл көмекті 291 мың  отбасы немесе  1,4 млн. астам адам алып отыр, олардың 900 мыңға жуығы - балалар. Еңбекке жарамды 413 мың алушы бар, олардың 86 мыңы жұмыспен қамту шараларына қатыса алса да, тек 60 мыңы ғана жұмыспен қамтылған.

Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіздің тапсырмаңызға сәйкес, аз қамтылған азаматтарды қолдау үшін қосымша 70,1 млрд. теңге бөлінді.

Әрбір қазақстандық отбасының қажеттілік деңгейін анықтау үшін жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп отбасылардың әлеуметтік карталары әзірленді.  

Өткен 6 айда жергілікті жерлерде 1,7 млн. адамға барлығы 28,8 млрд. теңгеге түрлі әлеуметтік көмектер көрсетілді.

Атаулы әлеуметтік көмектің негізгі міндеті – мұқтаждық жағдайынан шығу, яғни масылдық пен мұқтаждықты ажырата білу. Бірақ, бүгін көбіне ақшалай көмек қана көрсетіліп жатыр. Жергілікті жерлерде оқыту және жұмысқа орналастыру сияқты қосымша шаралар тиісті деңгейде жүргізілмей жатыр.

Мемлекеттік бағдарламалардың бағыттарын белсенді  және тиімді пайдалану керек. Тек осы жағдайда ғана отбасы мұқтаждық жағдайынан шығып, өз әлеуетін іске асыра алады.

Өңірлерді аралау барысында атаулы әлеуметтік көмекті артық төлеу, учаскелік комиссиялардың формалды жұмыс атқаруы, шынайы табыстың төмендетілуі сияқты фактілер анықталды.

Жалпы, азаматтардың әл-ауқатын арттыру үшін:

         - жалақы бойынша берешектің болмауы;

         - еңбек қызметін заңдастыру;

         - жұмыссыздық деңгейінің жоғарыламауы;

         - қолайлы және қауіпсіз еңбек жағдайын жасау;

         - жаңа жұмыс орындарын ашу қажет.

Жарты жылдың өзінде жеке кәсіпкерлер арасындағы төлем алушылардың 20 пайызы зейнетақы жарналарын ең төмен мөлшерде, ал әлеуметтік аударымдарды ең жоғары табыстан төлеген.

Осыған байланысты жұмыс берушілердің, оның ішінде жеке кәсіпкерлердің қызметін есепке алу және мониторинг жүргізуді күшейту бойынша тиісті шаралар қолдануымыз қажет.

 «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде 2019 жылғы бірінші жартыжылдықта жұмыспен қамту шараларымен 281 мың адам қамтылды, оның ішінде 198 мың адам жұмысқа орналастырылды. Бірақ, 70%-ы үшін ғана зейнетақы жарналары түсіп отыр.

Елбасының «ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМҚОРЛЫҚ» шараларын іске асыру шеңберінде 15 мың  көп балалы отбасына, мүгедектігі бар адамдарға, жастарға жаңа бизнес-идеяларға мемлекеттік гранттар (505 мың теңге) мен жеңілдікті микрокредиттер беруді бастадық.

Сонымен қатар, сұранысқа ие кәсіптерге қысқа мерзімді оқыту мен үйде әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру іске асуда.

Жыл басынан «Нұрлы Ертіс» жобасы іске асырылуда, оның шеңберінде Нұр-Сұлтан қаласынан Екібастұз қаласына 78 көпбалалы отбасы қоныс аударды, олар тұрғын үймен, жұмыспен, балабақшамен және басқа да әлеуметтік қолдау шараларымен қамтамасыз етілді.

Жастарды жұмыспен қамтуды қолдау үшін «Жас маман» және  «Жас кәсіпкер» жаңа жобалары, жастар практикасы жүргізілуде.

Үш жыл ішінде жаңғыртылған оқу орны базасында 100 сұранысқа ие кәсіп бойынша 200 мыңдай жас маман дайындалады.

Бұдан басқа, Сіздің тапсырмаңызға сәйкес жұмыспен қамту шаралары күшейтілді.

Қосымша қаражат есебінен 56 мыңнан астам адам микрокредиттеу және мемлекеттік гранттар алу арқылы бизнес бастамаларын дамытуға мүмкіндік алады. Бөлінген қаражаттың 70%-ы ауылдық жерлерді қолдауға бағытталады.

Оқытумен қамтылатын азаматтардың саны екі еседей артады. Оның 70%-ға жуығы жастар болмақ.

Еңбек ресурстарына деген сұраныс пен ұсынысты теңестіру үшін болжаудың жаңа үш деңгейлі (қысқа, орта, ұзақ мерзімді негізде) жүйесін жасадық.

Жастарды кәсіптік бағдарлау үшін ERG компаниясының қатысуымен Сұранысқа ие кәсіптер атласын енгізу арқылы кадр даярлау процесіне кең жұртшылықтың, ірі компаниялардың, кәсіпорындардың белсенді қатысуын қамтамасыз ету және дуальды білім беруді  дамытуымыз қажет.

Халықпен байланысты күшейту үшін көпшілік бар жерлерде мобильдік жұмыспен қамту орталықтары жұмыс істейтін болады.

Жұмыспен қамту шаралары адамның өзі келгенін күтіп емес, проактивті түрде тез, тиімді көрсетуге бағытталады.

Жаңа жұмыс орындарының ашылуы «Жұмыс орындарын құру картасы» ақпараттық жүйесі арқылы бақыланады.

Ағымдағы жылдың І-жартыжылдығына 3,4 млрд. теңге сомаға жалақы бойынша қарыз өтелді. Шамамен 25 мың қызметкердің құқығы қорғалды.

Үкімет еңбек жанжалдарының алдын алу және өндірістік жарақаттану мен еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыс орындарын азайту жөніндегі жол карталарын бекітті.

Сонымен қатар жұмыс берушілердің жұмыскерлерге тең жалақы мен еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша міндет пен жауапкершілікті бекітуді, еңбекті қорғау бойынша заманауи жүйені енгізуді, электрондық еңбек шарттарына өтуді, жұмыспен қамту орталықтарының трансформациясын және жеке жұмыспен қамту агенттіктерінің аутсорсингін көздейтін Заң жобасы әзірленді.

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Министрлік берген тапсырмаларыңызды дер кезінде толығымен орындайды.

15 шілде, 2019 - 12:47 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші