A A A
Мазмұнына өту

You are here

Осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс

Осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

С-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

      мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

      3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

      4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      6) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      7) ғылыми дәрежесінің болуы.

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы

№ 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

 

min

max

С-4

138 248

186 551

 

1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, 6 кіреберіс, анықтама телефондары 8 (7172) 74-33-45, e-mail: s.mukhametalina@enbek.gov.kz, «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды

1. Қоғаммен байланыс департаментінің бас сарапшысы, С-4 санаты, 21-03.

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Президентінің, Премьер - Министрінің, Үкіметтің, Президент Әкімшілігі басшылығының және Премьер - Министр Кеңсесінің бағдарламалық құжаттары мен тапсырмаларын іске асыру бойынша есептерді дайындау. Министрліктің PR-стратегиясын, коммуникацияларды, соның ішінде дағдарысқа қарсы басқару жүйесін, коммуникацияның бақыланатын және бақыланбайтын құралдарына әсер ету тактикасын жетілдіру бойынша жұмысқа қатысу. Министрліктің оң имиджін қалыптастыруға бағытталған шаралар кешенін әзірлеуге қатысу, БАҚ үшін баспасөз релиздерін және ақпараттық хабарламаларды дайындау. Ақпаратты талдау және мониторингілеу,құрылымдық бөлімшелер ұсынатын ақпаратты жинау, зерделеу және өңдеу, Министрлік жұмысының негізгі бағыттары бойынша ақпараттық кеңістіктің мониторингі, «жағымсыз» салдарларды болдырмау үшін жедел ұсыныстар енгізу. Министрліктің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында және Министрліктің Web-сайтында жариялауды қамтамасыз ету. БАҚ үшін баспасөз-релиздерді, ақпараттық хабарламаларды; апта сайынғы/ай сайынғы/тоқсандық есептерді дайындау; Министрліктің оқиғалық жоспарын жасау, оның іске асырылуын бақылау/ жариялау. Министрліктің веб-сайтының жұмыс істеуін қамтамасыз ету (толтыру жеделдігі, ақпараттың өзектілігі, әлеуметтік желілерді мониторинглеу (Facebook, Twitter, Vk.com, Youtube және т. б.). Министрдің блогындағы ақпаратты өзектендіру бойынша жұмысты жүзеге асыру. Келіп түскен сұрақтарға жауап дайындауды жүзеге асыру. Кіріс және шығыс ақпараттар бойынша материалдар мен қорытындылар дайындау мемлекеттік органдармен хат алмасу. Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, ұлттық холдингтер мен акционерлік қоғамдардың баспасөз қызметтерімен өзара іс-қимыл жасау. БАҚ-тың қатысуымен Министрліктің баспасөз конференцияларын, брифингтерін, әртүрлі іс-шараларын ұйымдастыру. Құжаттарды есепке алу мен сақтауды, оларды Министрліктің мұрағатына сақтауға бергенге дейін олардың жай-күйі мен сақталуын бақылауды қамтамасыз ету. Министрліктің басшылығына Департаменттің қызметі туралы есептерді (ұсыныстарды, жоспарларды) сапалы және уақтылы ұсынуды қамтамасыз ету. Белгіленген мерзімде басшылықтың тапсырмаларын орындау, сондай-ақ Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қажетті құжаттар мен материалдарды дайындауға қатысу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: білім (қазақ тілі мен əдебиеті, орыс тілі мен əдебиеті, шетел тілі: екі шетел тілі,) гуманитарлық ғылымдар (филология, шетел филологиясы) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (журналистика, қоғамдық байланыс, саясаттану, әлеуметтану)

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

 «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (Агенттігінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы) 53-тармағына сәйкес әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысаны қоса беріледі); 

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттарды қабылдау мерзімі - 3 ЖҰМЫС КҮНІ, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz

15 шілде, 2019 - 15:02 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші