A A A
Мазмұнына өту

You are here

Бірыңғай жиынтық төлемді төлеу туралы (2019 жылғы 9 шілдедегі жағдай бойынша)

Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) – бейресми жұмыспен қамтылған адамдарға дара кәсіпкер ретінде тіркелмей кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін режим болып табылады.

БЖТ жылдық табысы жылына 1 175 АЕК-тен (2019 жылы - 2 966 мың теңге және айына 247,2 мың теңге) жеке тұлғаларға қызмет көрсететін азаматтар үшін енгізілді.

БЖТ құрамына 4 төлем кіреді - жеке табыс салығы, зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне аударымдар.

БЖТ төлемі азаматтарға келесі мүмкіндіктерді ұсынады:

Біріншіден: міндетті медициналық әлеуметік сақтандыру жүйесіне қатысуға және МӘСҚ енгізілгеннен кейін медициналық мекемеге таңдау құқығына ие болумен медициналық қызметтерге қол жеткізу;

Екіншіден: жүйеде қатысудың ұзақтығына байланысты зейнетақымен қамсыздандыру жүйесіне қатысу және базалық зейнетақы төлемін алу. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жинақталған зейнетақы қаражатын толтырудан басқа, БЖТ төлеушілерге олардың еңбек өтілінің тіркелетіндігіне байланысты базалық зейнетақы көлемін ұлғайтылған мөлшерде алуға болады;

Үшіншіден: мүгедектігі, жұмысын, асыраушысынан айырылу, жүктілік және босану, бала асырап алу немесе баланы асырап алу, бала күтімі жағдайында әлеуметтік жәрдемақы алу.

Бұдан басқа төлемдердің тағы бір оң тарапы, өз табысын растау арқылы ол азаматтардың несиеге қабілеттілігін арттырады. Яғни, Сіз жүйелі жарналар жасау арқылы өз төлеу қабыілеттілігіңізді растай отырып, ресми түрде банктен несие ала аласыз.

БЖТ төлеу ерікті түрде азаматтардың өз қалауы бойынша жүргізіледі. Жүйеге қатысу құқығы жеке тұлғалардың өз құқығы, олар Бірыңғай жиынтық төлемді төлемегені үшін ешқандай жауапкершілікке тартылмайды.

Қалалық және ауыл тұрғындарының табыстарының айырмашылығын ескере отырып, қалалық тұрғындар үшін БЖТ мөлшері 2019 жылы 1 АЕК немесе 2 525 теңге. Ауыл тұрғындары үшін - 0,5 АЕК - 1 262,5 теңге.

БЖТ мөлшері белгіленеді, яғни жарналардың мөлшерін дербес есептеуге, шоттарды жүргізуге, салық декларацияларынан өтуге міндетті емес.

Бірыңғай жиынтық төлемнің үлесі:

- жеке табыс салығы - 10 %;

- МӘСҚ әлеуметтік төлемдері - 20 %;

- БЖЗҚ зейнетақы жарналары - 30 %;

- МӘМҚ әлеуметтік аударымдары- 40 % құрайды.

БЖТ төлеу механизмі қарапайым. Формальді емес жұмыспен қамьылғандар ЖСН арқылы «ҚР Халық банкі», «Forte bank», «Сбербанк», «Цеснабанк», «Банк центр кредит», «Каспи банк», «Қазпошта» бөлімдері, сонадай-ақ мобильді банктік қосымшалар арқылы БЖТ төлеуге болады.

2019 жылғы 9 шілдедегі жағдай бойынша 139 797 төлеушілер ( қалада - 57 284 адам, ауылдық елдімекендерде - 82 513 адам) жалпы 398,8 млн. теңге сомаға 222 969 төлем жүргізілді. Оның ішінде 92 966 төлем астана, облыстық және республикалық маңызды қала тұрғындарымен (234,7 млн. теңге сомаға) және 130 003 төлем ауылдық елдімекендер тұрғындарымен (164,1 млн. теңге) жүргізілді.

15 шілде, 2019 - 18:41 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші