check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Көпбалалы отбасылардың қатарынан жағдайы төмен отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету

Көпбалалы отбасылардың қатарынан жағдайы төмен отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету

 

Біріншіден, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Нұрлы жер» бағдарламасының шеңберінде 2025 жылға дейін көпбалалы отбасылардың қатарынан, әсіресе жағдайы төмен отбасылар үшін 40 мыңнан астам жалдамалы пәтерлер салынатын болады.

Бұл ресми кезекте тұрған 28 мың көп балалы жағдайы төмен отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету мәселесін толық шешуге мүмкіндік береді.

Осы мақсаттарға алдағы 7 жылда жыл сайын қосымша 50 млрд. теңгеден бөлу жоспарлануда. Қаржыландырудың жалпы сомасы 350 млрд. теңгені құрайтын болады.

2019 жылдың шілде айында көп балалы отбасылар үшін жалдамалы тұрғын үйлер беру басталады.

Мысалы:

Жергілікті бюджеттен 10%-дан кем емес қоса қаржыландырылған жағдайда, 60 ш. метрден кем емес бір пәтерге 8,4 млн. теңге бөлу көзделетін болады (жайлылықтың 4-3 кластары).

Пәтерлердің параметрлері артылған жағдайда жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру ұсынылады

Бүгінгі күні өңірлердің қолданыстағы жобаларын іріктеу мен келісу, бюджеттік өтінімдер бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бастапқыда өңірлердің қажеттілігіне сәйкес қаражат пулдармен бөлінетін болады.

Аталған шараларды іске асыру үшін «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына және «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер енгізілетін болады.

Екіншіден, қосымша шара ретінде өз иелігінде қымбат емес тұрғын үйдің болуын қалайтын көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша, Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы 20 жылға дейін 2%-бен жеңілдетілген кредит беру мәселесі пысықталуда.

Аталған тетік ең төмен жалақыдан төмен табысы бар (42,5 мың теңге), жағдайы төмен отбасыларға ұсынылатын болады.

Осындай кредит:

  1. 4 баладан бастап баласы бар көп балалы отбасыларға;
  2. мүгедек балалары бар немесе мүгедек балаларды тәрбиелейтін отбасыларға;
  3. кәмелетке толмаған балалары бар толық емес отбасыларға берілетін болады.

Бұл мақсаттар үшін 3 жыл ішінде республикалық бюджеттен жыл сайын 50 млрд. теңгеден бөлінетін болады, жалпы осы тетікті іске асыру үшін 150 млрд. теңге қажет.

Нәтижесінде 33 мыңға жуық жағдайы төмен отбасылар жеңілдетілген қарыз ала алады.

18 шілде, 2019 - 08:36 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші