A A A
Мазмұнына өту

You are here

Орта білім саласындағы реформаларды логикалық соңына жеткізу

Орта білім саласындағы реформаларды логикалық соңына жеткізу

 

Біріншіден, барлық білім беру деңгейлеріндегі жаңартылған мазмұн бойынша педагогтердің біліктілігін арттыру жұмыстары жалғастырылады. Үш жыл мерзімде мектеп, колледж және ЖОО-ның 244 мың педагогы курстармен қамтылатын болады.

Екіншіден, жоғары сыныптарда жаратылыстану-ғылыми цикл (биология, информатика, физика, химия) пәндерін ағылшын тілінде оқытуға көшу кадрлардың және мектептердің дайындығын ескере отырып, кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.

Ол үшін ЖҒЦ пән мұғалімдерін ағылшын тілінде даярлау сапасын арттыру мақсатында мұғалімдердің тілдік курстарына көзделген қаржы 2020 жылдан бастап жоғары оқу орындарына бағытталатын болады.

2020 жылдан бастап мектептерге ағылшын тілінде даярланған 1000-ға жуық ЖОО бітірушілері келетін болады.

Үшіншіден, демографиялық өсу және урбандалу процесін ескере отырып, мектептердің желісін кеңейту жұмыстары жалғастырылатын болады.

2020 жылдан бастап мектеп құрылысын және күрделі жөндеуден өткізуді қаржыландырудың жаңа әдістемесі енгізіледі.  Жаңа әдістемеге сәйкес қаржыландыру көлемі оқушылар контингентіне байланысты анықталады.

Мектеп құрылысының орнын анықтау жергілікті атқарушы органдардың құзыретінде болады. Бұл ретте құрылыс орны туралы шешім өңірдің ішкі қажеттіліктерін ескере отырып, қабылданады.

Төртіншіден, 20 жоғары оқу орны мен 180 колледждің материалдық техникалық базасын жаңғырту жұмыстары жасалады.

Бұл үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп 100 басым мамандық анықталады және олардың негізінде ЖОО мен колледждерді жарақтандыру үшін қажетті жабдықтар тізбесі белгіленеді.

Сондай-ақ, бағдарлама шеңберінде колледж оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің біліктілігін арттыру көзделген. Оқу процесіне шетелдік мамандар тартылады.

18 шілде, 2019 - 08:43 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші