check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Еңбек министрлігінде әлеуметтік қызмет порталын енгізу бойынша тыңдаулар өтті

ҚР ЕХӘҚМ

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2019 жылғы 17 шілдеде Әлеуметтік қызметтер порталын іске қосу мәселелеріне қатысты нормаларды енгізуге арналған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына Парламент Мәжілісінің депутаттарының түзетулерін қарау үшін қоғамдық талқылау өткізді.

Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар азаматтарға санаторий-курорттық емдеуге, протездік-ортопедиялық көмекке, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарға, арнаулы жүрiп-тұру құралдарына, сондай-ақ жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсыну кезінде бағаларды реттеу туралы мәселелер талқыланды.

Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың өкілдері әлеуметтік қызметтер порталын енгізуді қолдады.

18 шілде, 2019 - 17:23 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші