A A A
Мазмұнына өту

You are here

Осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс

Осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

С-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

      мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;

      3) А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

      4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;

      5) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      6) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      7) ғылыми дәрежесінің болуы;

      8) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы

№ 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:

Санат Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

Категория

В зависимости от выслуги лет

 

min

max

С-3

154 141

208 294

 

1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, 010000, Астана қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, 6 кіреберіс, анықтама телефондары 8 (7172) 74-33-45, e-mail: g.kopinova@enbek.gov.kz , «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды

2. Әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаменті ана мен баланы қолдау басқармасының басшысы (30.06.2020ж. дейінгі негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне), С-3 санаты

                Функционалдық міндеттері: Ана мен баланы әлеуметтік қолдау, көп балалы отбасыларға қолдау көрсету бөлігінде балалы отбасыларды қолдау, бала тууға байланысты біржолғы жәрдемақы, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты ай сайынғы жәрдемақы, мүгедек баланы асырап отырған адамға берілетін жәрдемақы, бала кезінен 1-топтағы кәмелет жасқа толған мүгедектерге күтім көрсететін ата-аналарға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және талдау жұмысын жүргізу,  ең төмен күнкөріс деңгейін есептеу, сондай-ақ табыстың белгіленген шекті деңгейден төмендеу қатерлерін басқару әдістемесін жетілдіру, ең төмен күнкөріс деңгейінің динамикасы мен болжамын мониторингілеу, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшыларының тапсырмалары бойынша материалдар мен қорытындылар дайындау, жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, ұсыныстарын, өтініштерінуақтылы да қапалы қарауды бақылауды қамтамасыз ету,  басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша баяндамалар, мақалалар дайындау, бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жасау, әлеуметтік көмек көрсету саласындағы нормативтік құқықтық актілердің іске асырылуына мониторинг жүргізу бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмысты бақылау бойынша басқарманың қызметіне жалпы басшылық ету, мемлекеттік қызмет көрсету жұмысын ұйымдастыру, халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы халықаралық тәжірибені талдау, жетекшілік ететін бөлімдер бойынша шет мемлекеттермен халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері жөнінде нақты ұсыныстар әзірлеу.

                Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар, аударма ісі), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану, саясаттану, өлкетану, экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, әлемдік экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару, еңбекті ұйымдастыру жəне нормалау, іскерлік əкімшілікжүргізу) жаратылыстану ғылымдары (математика, информатика), қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс).

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

 «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (Агенттігінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы) 53-тармағына сәйкес әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.

Қағидаларының 91- тармағына сәйкес Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысаны қоса беріледі); 

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттарды қабылдау мерзімі - 3 ЖҰМЫС КҮНІ, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz

 

 

___________________________________
      (мемлекеттік орган)    

                           

 

Өтініш

 

Мені_______________________________________________________________
___________________________________________________________________
_____________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

 

Қоса берілген құжаттар:

___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны _______________________________
________________________________________________________________

      

 

__________                                ____________________________________
           (қолы)                                                                                       (Т.А.Ә. (болған жағдайда))

      

 

«____»_______________ 20__ ж.

18 шілде, 2019 - 17:48 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші