check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Өз құқығымды қорғау жөнінде Сізден көмек сұраймын

Сұрақ тақырыбы: 

Мен, Ашир Индира №43 «Алмаз» бөбекжай-бақшасының І-кіші «Балбөбек» тобының тәрбиешісі боламын. Менің Сізге арыздану себебім төмендегі жағдайға байланысты. Аталған жұмыс орнында 2009 жылдан бері жұмыс жасап келемін. Биыл  01.06.2019 жылы кезекті еңбек демалысыма шықтым. 16.07.2019 жылы еңбек демалысым аяқталуыммен жұмысқа түстім. Бірақ №43 «Алмаз» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Алтынбекова Жанар Амангельдиевна мені өз тобыма түсірмей, ІІ-кіші «Балапан» тобына жұмысқа шығуымды талап етті. «Балбөбек» тобына менің еңбегім сіңген.Топтағы екі тәрбиеші  өз қалтамыздан 12 метр перде, 10 метр карниз,ата-аналарды ұйымдастырып полға пазл алдырдым. Табиғат бұрышын, Ертегі кеиіпкерлерін,стенд  қылып істеттім. Осынша жұмысымды бағаламай отыр. Стандарт бойынша бөбекжай-бақшаға неше жастан бастап қабылдау керек? Біздің І-кіші «Балбөбек» тобында 1,5-1,3 айлық балалар қабылданып жатыр. Бұл балалар  жасы  кішкентай, тамақ іше алмайды, топта 20 бала, 16.07.2019.жылы «Балбөбек» тобына 1,3 айлық бала қабылданды, ол бала жүре алмайды, сол балаға көңіл аударылып, басқа бала қараусыз қалды. Әр кішкентай бала келген сайын жасына қарай алыңыз, басқа балдарға көңіл аударыллмай қалады деп айтқан сайын, сол сөзіме бола басқа топқа ауыстырып жатыр. Меңгеруші Алтынбекова Жанар Амангельдиевна келгелі  1,5 жыл ішінде группаларға ешқандай ойыншық, балаларға ешқандай жағдай жасалмаған, балалардың ойын ойнайтын алаңы жоқ, беседка жоқ, техника қауіпсіздігі жасалмаған ойлы қырлы жерлер.Балаларды тек скамейкаға отырғызып қоямыз, құлап қалмасын деп. Ойыншықтары да жоқ балалардың ой қабілетін арттыратын. Ата-аналардан шағым түссе, менің алдыма кіргізуші болмаңдар деп меңгеруші ескертеді. Басшы болып солай айтуға болама. Жиналыста бізге сюжеттік ойындарынды толтырыңдар,  ата-аналармен жұмыс жасап, жылы- жылы сөйлесең  жылан інінен шығады дейді.

Мені келесі мәселелер алаңдатады:

1-ші.Мәселе Гарден бойынша 35 балаға  бір табель толтырамыз, оның ішінде тіркеліп келмей жүргені қанша, басқа топта жүрген балаларды, біз белгілеп гарден жабамыз.Екінші дәптерге келіп жүрген балдарға табель жабамыз. Сонда мен екі дәптер толтырамын.

2-ші.Мәселе.Балалардың тамағы өте нашар, алдында тәрбиеленіп отқан балалардың ішетін тамағын айтқам, ескертілген медсестраға және асханаға. Шайдың түсі шай екенін немесе кір су екенін білмейсің, тәттісі жоқ, асхана берген тамағы жетпейді,сұрап барсақ бастық қанша берді соны істеп жатырмыз дейд. Қыс бойы балалар сіңір ет қатты, сасып кеткен фаршпен тамақ жеді. Оны біз асханаға,тамақ әкелушіге ескерттік. Берген тамақ жетпейді, 10 балаға да беретін тамағы сол, 20 балағада берілетіні сол тамақ, шелектің түбінде, ата-аналар балаларымыз аш қайтады деп айтады. Жемістерді бермей кетті.Менің қолымда осы тамақтардың фотолары бар,таңғы,түскі,кешкі астын суреті бар дәлелге. Балабақшаның керекті өнімін сенбі,жексенбі күндері меңгеруші базардан өзі әкеледі. Оны қоймашы күтіп алады. Хозтовардан  4 дана қағаз, екі сабын, 1 кір сабын береді бір айға осыны жеткізіңдер деп, таусылса арттарынан сұрап еріп жүреміз. Алдыңғы бастығымыз бір айға 10 штук, бір пачка сабын, екі апта сайын гель беретін.

3-ші Мәселе Балалардың жолына өз меншігіндегі  Лексус 043 машинасын жұмысқа келгелі стоянка  құсатып қойып қояды, ата-аналар қанша рет шағым жасады,одан нәтиже шығармады.Менде оғанда дәлел бар.

4-ші Мәселе Жаз мезгілі кезінде бір топқа төрт группаның балаларын қосып отыр, не үшін десек жазғы эконом деп айтты. Ал қазір бізде 5 топ жұмыс жасап жатыр. 16.07.2019 жылы  Шымкент қаласының Білім басқармасындағы есепшіге  кіріп №43 «Алмаз» бөбекжай-бақшасының қанша топ берген деп сұрадым, ол кісілер сіздерде 6 топ деп берілген, 1000 000 эканом жасаған деп айтты, осы мәселені шешіп берсеңіз.

Маған меңгеруші орнындағы Орынбаева Лайлә «бастық айтты болды «Балапан» тобына барасың деп отыр, бармаса ақысыз демалысқа кетсін деп» айтыпты, мен  не үшін ақысыз демалысқа кетуім керек,бармаймын өз тобыма барамын, осы мәселені Сізден шешіп беруінізді сұраймын.

17.07.2019.күні  жұмысқа барып меңгеруші Алтынбекова Жанар Амангельдиевнаға кірдім, қай топқа түсетінімді білейін деп, ол кісі топқа түспейсің деп әкімшіліктегі қызыметкерлерді шақырып акт жазды, сен бүгінен бастап жұмыста жоқсын деп, сені статьямен жұмыстан шығардым деп  айтты, сосын мен не себептен себепсіз жұмыстан шығарылдым деп сұрақ қойдым, ол кісі сен балаларды қараусыз қалдырып кеткенің үшін статьямен шықтың деді. 16.07.2019 жылы жұмысқа түсетін күні мен балалар қабылдамадым. Керек болса топта камералар бар.

Осы шағымым туралы шешіп беруіңізді сұраймын.

Жауап: 

Кұрметті Индира Абдінасырқызы!

Сіздің арызыңызда көрсетілген бұзушылықтарды анықтау үшін, тексеру жүргізу қажет.
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамаларын сақтауда Мемлекеттік бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары тексеруді Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексына сәйкес жүзеге асырады.
Тексеру жүргізілетін субъектідегі жоспардан тыс тексерудің негізі жеке және заңды тұлғалардың шағымдары болып табылады. (144 баптың 3-тармағы).
Жұмыскер немесе бұрынғы жұмыскер Кодекстің 21) тармақшасы, 22 бабының 3-тармақшасы, 192 бабының 4-тармақшасы және 194 бабына сәйкес, жұмыс берушінің іс-әрекетіне (іс-әрекетсіздігіне) шағымдану мәселелері жайлы жергілікті еңбек инспекциясы бойынша органға жұмыс орнының мекен-жайын көрсете отырып, кәсіпорынның нақты бұзушылықтар және нақты уақыт аралығында (нақты күндер) жататын барлық сұрақтарына шағым келтіруге құқығы бар.
Осыған байланысты, өзіңіздің еңбек құқығыңызды қорғау үшін Сізге жұмыс орныңыз орналасқан аймақтағы еңбек инспекциясы бойынша басқармаға жүгіну қажет.
Сіздің шағымыңыздың негізінде мемлекеттік еңбек инспекторымен Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес кәсіпорында тексеру жүргізіліп шаралар қабылданатын болады.

Сұрақтың нөмірі: 362128
24 шілде, 2019 - 18:42 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші