1 сұрақ.
Әскери қызметшілерге, дәрігер рентгенолог пен рентген лаборантқа осы бұйрық қолданыла ма (рентген кабинет және жылжымалы флюро машина бар, екі аппарат та іске қосулы)?
2 сұрақ.
РЕНТГЕНДIК СӘУЛЕЛЕНУ бөліміндегі қайсы пункт сәйкес келеді?
3 сұрақ
осы бұйрықтың іске асуы үшін қандай шара немесе құжат қолдануымыз керек ? міндетті түрде сіздерден жауап қағаз хат түрінде келуі тиіс па ?
Құрметті Гүлжахан!
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1053 бұйрығымен Жұмыс істеу жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысына және еңбекке ақы төлеудің жоғарылатылған мөлшеріне құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімі, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесі бекітілген (бұдан әрі - Тізбе).
Тізбемен көрсетілген жұмыс істеу жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы, жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысы және еңбекке ақы төлеудің жоғарылатылған мөлшері жұмыскерлердің ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда жұмыс істеуіне байланысты беріледі.
Тізбенің Рентгендiк сәулелену бөлімінде рентген-дефектографиялық өндiрiстiк қондырғыларда жұмыспен тiкелей айналысатын қызметшiлерге 12 күн қосымша демалыс күні, 36 сағат қысқартылған жұмыс уақыты бекітілген.
Осыған орай, егер Сіз рентген-дефектографиялық өндiрiстiк қондырғыларда жұмыспен тiкелей айналысатын қызметшi болсаңыз, Сізге жоғарыда көрсетілген ережелер қолданылады.
Сондай-ақ, аталған бөлімде жұмыс орны, саласы көрсетілмеген. Осыған орай, рентген-дефектографиялық өндiрiстiк қондырғыларда жұмыспен тiкелей айналысатын әскери қызметшіге, дәрігер-рентгенолог пен рентген лаборантқа осы бұйрыққа сәйкес қосымша демалыс уақыты мен қысқартылған жұмыс уақыты беріледі.
Аталған бұйрықты іске асыру үшін, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 69-бабының 2 тармағына сәйкес ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлер үшін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізіміне, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесіне сәйкес аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленетіндігі туралы норманың қолдану қажеттігін хабарлаймыз.
Аталған шараны іске асыру үшін Министрліктің хатының қажеті жоқ. Және де жұмыс берушінің бұйрығымен Еңбек Кодексінің 69-бабына сілтеме жасай отырып, аталған шараны іске асыруға болады.