A A A
Мазмұнына өту

You are here

жылдық ақылы демалыс жайында

Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсізбе! Мен Бектурганов Мырзабай Алимбайұлы сідердің кол центірлеріңізге 1411 звондадым, даусыңыз естілмейді деп өшіріп қойып қойды, бірнеше рет солай жасады неге? 1414 звондасам олар алды, даусыныз есітіліп тур деп айтты. солай болды. сізден сурйын дегенім,- ГКП на ПХВ облыстық стоматологиялық емханада жұмыс жасаймын, Жас маман ретінде 3 жылға осы поликлиникамен келісімге отырдым, 2018 жылдың 6 тамыздан бастап жумысымды бастадым, енді жұмыс істеп жатқаныма 12 ай болды, кезекті ақылы демалыс алатын уақытым келді, брақ емхана бухгальтерлері ақша осы айға бітіп қалды деп ескертті, сонда мен өз уақытында жылдық демалысқа шығатын уақытым асып кетуде мен әлі күнге дейін демалысқа шықпадым, сонда ақша болмаса демалысқа жібермеуге құқығы барма? және жумыс берушінің істеп жатқаны дұрыспа?

Жауап: 

Құрметті Мырзабай! Қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес жұмыскер жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын алуға құқылы, ал жұмыс беруші жұмыскерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беруге міндетті.
Сіздің мәлімдеуіңізше жыл сайынғы еңбек демалысын алуға қажетті еңбек стажыңыз, яғни 12 ай бойы жұмыс атқарған уақытыңыз Сізде бар.
ҚР Еңбек кодексінің 93-бабына сәйкес жұмыскерлерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын берудің кезектілігі жыл сайын жұмыс беруші жұмыскерлер пікірін ескере отырып бекітетін демалыстар кестесіне сәйкес айқындалады не тараптардың келісімі бойынша демалыстар кестесінен тыс белгіленеді.
Осы орайда, егер кестеге сәйкес жыл сайынғы еңбек демалысыңызға шығатын уақытыңыз кестеге сәйкес келіп тұрса, жұмыс берушіңіз Сізге демалыс беруге міндетті.

Сұрақтың нөмірі: 362340
12 тамыз, 2019 - 15:43 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші