check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

ҚР ЕХӘҚМ-нің Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен (ЭЫДҰ) ынтымақтастықты жүзеге асыру жөніндегі ақпарат

2015 жылғы 22 қаңтарда Давос қ. (Швейцариялық Конфедерация) қол қойылған Елдік бағдарламаныіске асыру шеңберінде ЭЫДҰ ҚР ЕХӘҚМ-мен бірлесе «Үш топқа: жастарға, егде қызметкерлер мен халықтың әлеуметтік осал топтарын қорғауға бағдарланған саясаттарға шолу жасау» жобасы бойынша жұмыс аяқталды.

Үш топқа: жастарға, егде қызметкерлер мен халықтың әлеуметтік осал топтарын қорғауға бағдарланған саясаттарға шолу жасау (жобаны іске асыру мерзімі – 2015-2017 жж.).

ЭЫДҰ-ның осы жобасының негізгі мақсаты Қазақстанда халықтың осы топтарын жұмысқа орналастырумен байланысты негізгі проблемаларды талдау және олардың жұмыс нарығын және әлеуметтік перспективаларын жақсарту үшін тиісті стратегиялық іс-қимылды айқындау болып табылады.

Жоба ЭЫДҰ-ның соңғы онжылдықта жастарды жұмысқа орналастыру, егде қызметкерлерді жұмысқа орналастыру саясаты және мүмкіндігі шектеулі адамдарды нысаналы әлеуметтік қолдаусаласындағы кең ауқымды жұмысқа негізделді.

Бүгінгі таңда жұмысқа орналасу барысында қиыншылықтарға тап болатын азаматтардың жеке тобын жұмыспен қамту мәселесі Қазақстанда өзекті сұрақтардың бірі болып табылады. Олар – жастар, зейнетақыалды жастағы адамдар және мүгедектер.

Осыған орай, жоба шеңберінде ЭЫДҰ елдерінің озық тәжірибесі негізінде Қазақстан үшін қолданылатын ұсынымдар әзірленді.

Зерттеудің негізгі нәтижесі халықтың аталған топтарын жұмыспен қамту үшін қолайлы жағдай жасайтын институционалды шаралар мен ұсынылатын механизмдер жинағы болып табылады.

Үш топқа: жастарға, егде қызметкерлер мен халықтың әлеуметтік осал топтарын қорғауға бағдарланғансаясаттарға шолу жасау жобасы бойынша ұсынымдар аталған топтарды жұмыспен қамту саясатын әзірлеу барысында қолданылады және жастар, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмыспен қамту барысында жұмыспен қамту орталықтары қолданатын шараларды күшейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ұсынымдар Қазақстандағы халықтың аталған топтарына бағдарланған еңбек нарығында жұмыспен қамту бойынша белсенді шараларын іске асыру жаңа механизмдерін әзірлеп, қолданысқа енгізуге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының арасындағы «Үш топқа: жастарға, егде қызметкерлер мен халықтың әлеуметтік осал топтарын қорғауға бағдарланған саясаттарға шолу жасау» Келісімінің 3-бабы 6-тармағына сәйкес ЭЫДҰ ҚР ЕХӘҚМ-мен бірлесе отырып, 2017 жылғы 13 шілдеде Астана қ. («Министрліктер үйі» ғимараты, 920 каб.) Түпкілікті есепті баяндама өткізді.

Баяндама ЭЫДҰ Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік сұрақтар жөніндегі Директорат директоры Стефано Скарпетто мырза мен ҚР ЕХӘҚ вице-министрі Б.Б.Нұрымбетовтың тең төрағалығымен және мүдделі мемлекеттік органдар, ЭЫДҰ, Дүниежүзілік банк, Халықаралық еңбек ұйымы, сондай-ақ, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, ҚР Кәсіподақтар федерациясы, үкіметтік емес ұйымдар, Бірыңғай зейнетақы жинақтау қоры, Астана қ. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Астана қ. Жұмыспен қамту орталығы, мүмкіндігі шектеулі адамдардың қоғамдық бірлестіктері өкілдерінің қатысуымен өтті.

Баяндама барысында ЭЫДҰ жастар, егде жастағы қызметкерлер және мүгедек-қызметкерлерді әлеуметтік қорғау және қажетті дағдылармен қамтуды жетілдіру сұрақтары бойынша Қазақстан үшін ұсынымдарды жеткізді.

ЭЫДҰ ұсынымдарын іске асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі нақты іс-шаралары бар тиісті жол картасын бекітті.

Мемлекеттік органдардың ЭЫДҰ-ның тиісті комитеттерінде олардың мәртебесін енгізу және көтеру міндеті тұр. Қазіргі уақытта ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ЭЫДҰ-ның жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитетінде «шақырылған» мәртебесіне ие. Шақырылған мәртебе - дауыс беру құқығын бермейді, елге қаржылық міндеттемелер жүктемейді.

ҚР Еңбекминіне ЭЫДҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі іс-қимыл жоспарында 2018 жылы мынадай тармақтар бекітілді:

1. «Келешекті қабылдау» бірлескен өркендеудің әлеуметтік саясаты жөніндегі Министрлік конференциясы, «Келешекті қабылдау» бірлескен өркендеудің әлеуметтік саясатының жоғары деңгейдегі форумы

Осыған орай, 2018 жылғы 12-17 мамыр аралығында Халықаралық ынтымақтастық және интеграция департаментінің директоры А.Өмірбаев ЭЫДҰ Министрлер жиналысының «Әлеуметтік саясат» және Монреаль (Канада) жоғары деңгейдегі саяси форумының жұмысына қатысты. .

2. ЭЫДҰ шеңберіндегі Еуразия апталығы 2018, 19-21 қараша 2018 ж.

ҚР Еңбекминіне ЭЫДҰ-дан шақыру келіп түсті, Министр М. Е. Әбілқасымованың қатысуы алдын ала расталды.

Еуразия апталығы аясында ҚР ЕХӘҚМ құзыретіне сәйкес келесі іс-шараларды өткізу жоспарланып отыр

- 19 қараша тақырыптық сессиясы: Гендерлік саясат болашақтың даму факторы ретінде (ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сөйлеген сөзі).

- 20 қарашада ЭЫДҰ Еуразия елдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша дөңгелек үстел: «Кәсіптік стандарттарды енгізу арқылы қызметкерлердің біліктілігін арттыру» мониторингі.

- 21 қараша. Министрлер кездесуі.

ЭЫДҰ-ның Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитетінің отырыстарына қатысу, 21-22 наурыз, 201-18 қазан 17-18
 

2017 жылғы 21-22 наурызда ЭЫДҰ Қазақстандағы Франциядағы Елшілігінде ЭЫДҰ істері бойынша Министрі Манасова А. Қазақстан Республикасының Париждегі ЭЫДҰ-ның Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитетінің отырысына қатысты. Сонымен қатар Комитеттің өкілдерімен екі жақты кездесуде Голио мырза қазақстандық делегацияның біліктілік саммитіне қатысуы туралы талқылады (Португалия, 28-29 маусым).

Осыған орай, 2018 жылдың 27-29 маусымы аралығында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н.Н.Мукушев. Портудегі ЭЫДҰ-ның біліктілік саммитіне қатысты.

ҚР Еңбекминіне ЭЫДҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі іс-қимыл жоспарында 2018 жылы мынадай тармақтар бекітілді:

2018 жылғы 20 қыркүйек вице-министр С. К. Жақыпова тең төраға ретінде, Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаментінің директоры Н. Тлеуов О., халықаралық ынтымақтастық және интеграция департаменті директорының орынбасары С. Ж. Мұстафина "Қазақстандағы өңірлік бәсекеге қабілеттілікті арттыру" ЭЫДҰ жобасы аясында Қазақстанда кәсіби стандарттарды енгізу арқылы кадрлар сапасын арттыру үдерісінің мониторингіне арналған семинарға қатысты. Мониторинг қорытындысы ЭЫДҰ-мен ұсынылатын болады және Еуразия апталығы шеңберінде 2018 жылдың қараша айында Парижде өтуі тиіс Еуразия елдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша дөңгелек үстел барысында қаралатын болады.

2018 жылғы 17-18 қазанда Комитет отырысына ҚР Еңбекминінің "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ президенті Д. Р. Арғандықов қатысты.

Бұдан басқа, ҚР Премьер-Министрі Б. Ә. Сағынтаевтың төрағалығымен ЭЫДҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесі отырысының 2018 жылғы 8 тамыздағы хаттамасының 2.2-тармағымен ЭЫДҰ "Қазақстан дағдыларының тиімді ұлттық стратегиясын қалыптастыру"жобасы мақұлданды.

2018 жылғы 23-25 мамыр аралығында Астана қаласында ЭЫДҰ миссиясы қабылданды және Министр      М. Е. Әбілқасымованың төрағалығымен мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің (Еңбекмині, БҒМ, ҰЭМ) миссия мүшелерімен кездесу өткізілді.

Миссия қорытындысы бойынша ҚР Үкіметі мен ЭЫДҰ арасында "дағдылар бойынша тиімді ұлттық стратегияларды қалыптастыру"жобасын іске асыру туралы келісімді әзірлеу және қол қою мақұлданды.

Осыған байланысты, ҚР ЕХӘҚМ "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ЭЫДҰ арасындағы "дағдылар бойынша тиімді ұлттық стратегияларды қалыптастыру"жобасын іске асыру туралы келісімге қол қою туралы" 2019 жылғы 18 сәуірдегі №205 ҚР Үкіметі қаулысының жобасы бекітілді.

Жобаның ұзақтығы-2020 жылдың 31 мамырына дейін.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, бейінді Комитеттегі мәртебені арттыру мақсатында ЭЫДҰ-мен ынтымақтастықты арттыру жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.

30 шілде, 2019 - 14:15 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші