A A A
Мазмұнына өту

You are here

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

 

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде «Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінің жауапты хатшысы А.Д. Құрманғалиеваға жүктелсiн.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрлігі

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрлігі

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Индустрия және инфрақұрылымдық

даму министрлігі

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Ішкі істер министрлігі 

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі

Статистика комитеті

Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрінің

       2019 жылғы «     »

№        бұйрығына

қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

 

 

1. «Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 4 мамырдағы № 168-ө-м бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7706 болып тіркелген, 2012 жылғы 11 тамызда № 495-500 (27573) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған):

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 571 қаулысымен бекітілген Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдерді жүзеге асыру қағидасының 8-тармағын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті есептеу қағидалары бекітілсін.»;

аталған бұйрықпен бекітілген Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдерді есептеу қағидасында:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Осы Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдерді есептеу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 571 қаулысымен бекітілген Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдерді жүзеге асыру қағидасының 8-тармағын жүзеге асыру мақсатында әзірленді.»;

1, 2 және 3-тараулардың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Жалпы ережелер»;

«2-тарау. Ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті есептеу тәртібі»;

«3-тарау. Қорытынды ережелер».

2. «Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде  № 11110 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

аталған бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларында:

2-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«11) Мемлекеттік корпорацияның филиалдары - Мемлекеттік корпорацияның облыстық, республикалық маңызы бар қалаларының және астананың филиалдары;»;

3. «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, мөлшерін есептеу (айқындау), қайта есептеу, сондай-ақ олардың жүзеге асырылу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 236 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде  № 11224 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

аталған бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, мөлшерін есептеу (айқындау), қайта есептеу, сондай-ақ олардың жүзеге асырылу қағидаларында:

2-тармақтың 10) және 12) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«10) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының филиалдары – Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының облыстық, республикалық маңызы бар қалаларының және астананың филиалдары;»;

«12) Мемлекеттік корпорацияның филиалдары – Мемлекеттік корпорацияның облыстық, республикалық маңызы бар қалаларының және астананың филиалдары;».

4. «Сақтандыру ұйымдарының жүргізілген сақтандыру төлемдері туралы ақпаратты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына ай сайын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 12 қазандағы № 790 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде  № 12255 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

аталған бұйрықпен бекітілген Сақтандыру ұйымдарының жүргізілген сақтандыру төлемдері туралы ақпаратты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына ай сайын ұсыну қағидаларында:

2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;».

5. «Кәсіптік стандарттарды әзірлеу, енгізу, ауыстыру және қайта қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1035 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде  № 12739 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

аталған бұйрықпен бекітілген Кәсіптік стандарттарды әзірлеу, енгізу, ауыстыру және қайта қарау қағидаларында:

2-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«7) еңбек жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;».

6. «Жұмыс берушінің еңбек нормаларын, еңбек жөніндегі үлгілік нормалар мен нормативтерді, қызметтің барлық салалары үшін еңбек жөніндегі бірыңғай және (немесе) салааралық үлгілік нормалар мен нормативтерді әзірлеу, бекіту, ауыстыру және қайта қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1036 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде  № 12736 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

аталған бұйрықпен бекітілген Жұмыс берушінің еңбек нормаларын, еңбек жөніндегі үлгілік нормалар мен нормативтерді, қызметтің барлық салалары үшін еңбек жөніндегі бірыңғай және (немесе) салааралық үлгілік нормалар мен нормативтерді әзірлеу, бекіту, ауыстыру және қайта қарау қағидаларында:

1, 2 және 3-тараулардың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Жалпы ережелер»;

«2-тарау. Еңбек нормаларын әзірлеу және бекіту тәртібі»;

«3-тарау. Ұсынылатын материалдардың тізбесі, олардың мазмұны және келісуге ұсынылатын еңбек нормаларына қойылатын негізгі талаптар»;

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Ұйым персоналының санаттары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 4 бұйрығымен бекітілген (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 17952 болып тіркелген) статистикалық есептілікке (нысан 1-Т) және әкімшілік персоналға жататын жұмыскерлер лауазымдары атауларының тізбесіне сәйкес айқындалады.»;

4 және 5-тараулардың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«4-тарау. Еңбек нормаларын ауыстыру және қайта қарау тәртібі»;

«5-тарау. Қорытынды ережелер».

7. «Көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдарда еңбек нормаларын, ұйымдар жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі бойынша өлшемдерді ұсыну, қарау және келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1037 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде  № 12659 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

аталған бұйрықпен бекітілген Көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдарда еңбек нормаларын, ұйымдар жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі бойынша өлшемдерді ұсыну, қарау және келісу қағидаларында:

1, 2 және 3-тараулардың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Жалпы ережелер»;

«2-тарау. Ұйымдарда еңбек нормаларын және (немесе) еңбекке ақы төлеу жүйесі бойынша өлшемдерді ұсыну, қарау және келісу тәртібі»;

«3-тарау. Ұсынылатын материалдардың тізбесі және олардың мазмұны»;

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Ұйым персоналының санаттары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 4 бұйрығымен бекітілген (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 17952 болып тіркелген) статистикалық есептілікке (нысан 1-Т) және әкімшілік персоналға жататын жұмыскерлер лауазымдары атауларының тізбесіне сәйкес айқындалады.»;

4 және 5-тараулардың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«4-тарау. Келісуге ұсынылатын еңбек нормаларына қойылатын негізгі талаптар»;

«5-тарау. Қорытынды ережелер».

8. «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде  № 13898 болып тіркелген, 2016 жылғы 20 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

аталған бұйрықтың 1-қосымшасында:

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларында:

1  және 2-тараулардың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Жалпы ережелер»;

«2-тарау. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау тәртібі»;

3-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«6) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім беру басқармалары халықты жұмыспен қамту орталықтарына ұсынған ағымдағы жылғы түлектер тізімінің;»;

аталған бұйрықтың 2-қосымшасында:

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларында:

1 және 2-тараулардың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Жалпы ережелер»;

«2-тарау. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау тәртібі»;

аталған бұйрықтың 3-қосымшасында:

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларында:

1 және 2-тараулардың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Жалпы ережелер»;

«2-тарау. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау тәртібі».

9. «Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту ұйымдарының басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 25 қазандағы № 360 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде  № 16057 болып тіркелген, 2017 жылғы 21 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған):

аталған бұйрықпен бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту ұйымдарының басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында:

2-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы заң);».

2 тамыз, 2019 - 11:10 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші