A A A
Мазмұнына өту

You are here

мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлердің мәртебесін "азаматтық қызметші" ретінде айқындауға қатысты

Саламатсыздар ма!

Аудандық жергілікті атқарушы органның салалық құрылымдық бөлімінде (коммуналдық мемлекеттік мекемеде) тұрақты еңбек шарты негізінде жұмыс істейтін жұмыкер болғандықтан ҚР Еңбек Кодексінің 139-бабының 10-тармағындағы құқықты пайдалану үшін мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлердің мәртебесін "азаматтық қызметші" ретінде айқындау тәртібі қалай жүзеге асырылады, қандай нормативтік құқықтық актілерге сүйене отырып іске асады?

Осы сұрақтың жауабын m.fariza.kz@mail.ru электрондық поштасына жолдауыңызды сұранамын.

Жауаптарыңызға алдын-ала алғыс білдіремін. 

Жауап: 

ҚР Еңбек кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 139-бабына сәйкес мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілерге лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен кем болмайтын жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысы беріледі.
Кодекстің 1-бабына сәйкес азаматтық қызметші – бұл Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қазыналық кәсіпорындарда, мемлекеттік мекемелерде ақы төленетін штаттық лауазымды атқаратын және олардың міндеттері мен функцияларын іске асыру, мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру мен олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратын адам.
Сонымен бірге, «Жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының лимиттерiн бекiтудiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 Қаулысымен жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиті бекітілген.
Осыған орай, мемлекеттік органдар өндірістік қажеттілік мақсатында (еңбек шарты бойынша) мемлекеттік орган лимиті шегінде азаматтық қызметшілерді (мемлекеттік қызметшілермен бірге) жұмысқа қабылдай алады.
Егер мемлекеттік орган өз лимиті шегінде азаматтық қызметшіні жұмысқа қабылдай алмаған жағдайда, оған «Мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлер санының бірыңғай салааралық нормативтерін бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1002 бұйрығына (бұдан әрі - Бұйрық) сәйкес штаттан тыс қызметкерлерді (еңбек шарты бойынша) жұмысқа қабылдау құқығы берілген.
Осыған байланысты, Бұйрыққа сәйкес жұмысқа қабылданған қызметкерлер азаматтық қызметшілер болып табылмайды, тиісінше Кодекстің 139-бабында айқындалған норма оларға таратылмайды.
Яғни жоғарыда жазылғанға сәйкес азаматтық қызметшілер қатарына қазыналық кәсіпорындарда, мемлекеттік мекемелерде штаттық лауазымды атқаратын қызметкерлер жатады.

Сұрақтың нөмірі: 362521
13 тамыз, 2019 - 18:29 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
Статусын тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші