check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

«Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 908 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

2015 жылғы  23 қарашадағы  Қазақстан Республикасы  Еңбек кодексінің     16-бабының 22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 908 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12533 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 31 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларында:

1 және 2 тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Жалпы ережелер»;

«2-тарау. Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай тәртібі»;

13-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Арттыру коэффициенті арттырудың соңғы айында белгіленген тарифтік мөлшерлемені (лауазымдық жалақыны) арттыруға дейін белгіленген әр тарифтік мөлшерлемеге (лауазымдық жалақыға) бөлу жолымен есептеледі.»

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгiленген тәртiппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4)  осы бұйрық   Қазақстан    Республикасы    Әділет     министрлігінде мемлекеттік  тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген       іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсiн.

         3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі А.Ә. Сарбасовқа жүктелсін.

         4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                 КЕЛІСІЛДІ

                 Қазақстан Республикасының

                        Қаржы министрлігі

                

       

 

                 КЕЛІСІЛДІ

                 Қазақстан Республикасының

                 Ұлттық экономика министрлігі

 

ТіркемеМөлшер
Package icon gos.zip105.55 KB
Бөлімдер:
7 тамыз, 2019 - 11:50 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші