check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Алматы қаласы бойынша департаменті ішкі конкурс жариялайды

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялау туралы хабарландыру

Конкурсқа қатысушылардың барлығына қойылатын біліктілік талаптары

С-О-4 санаты бойынша:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда 2 жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі 1 жылдан кем емес;

4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі 2 жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында 1 жылдан кем емес;

6) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы;

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 27 наурызда № 14939 болып тіркелген, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына сәйкес өткізіледі.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық айлықақысы

Санаты

Еңбек өтіліне қарай лауазымдық айлықақысы

min

max

С-О-4

126357 теңге

170599 теңге

 

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы қаласы  бойынша департаменті» РММ, 050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы, 134, анықтама үшін телефоны: 8 (727) 393-48-61, факс 8/727/ 393-48-25,  e-mail: m.kamyspaeva@enbek.gov.kz осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:

  1. № 7 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы, С-О-4 санаты, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру, медициналық-әлеуметтік  сараптамаға жіберілген әрбір науқасқа жеке медициналық қарауды жүргізу, еңбек қабілеттілігін қалпына келтіру бойынша шараларды анықтау, мүгедектің денсаулығына мүмкіндік беретін, еңбектің сипаты мен жағдайын анықтау, мүгедектіктің тобын анықтауды, еңбек қабілеттілігінің жағдайы туралы сараптамалық шешім шығару,  емдеу-сауықтыру мекемесінің дәрігерлеріне медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері бойынша кеңестік көмек көрсету, мүгедектерді сауықтырудың жеке бағдарламасын әзірлеуге қатысу, мүгедектерді және науқастарды  қарауда медициналық құжаттаманы рәсімдей білуі, мүгедектерді медициналық-әлеуметтік сауықтыру және медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері жөнінде ұйымдарда және халықтың арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу, мүгедектер бойынша орталықтандырылған мәліметтер базасын жүргізу, өз құзыры шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамаларымен, нормативтік құқықтық актілерімен, бөлім туралы ережемен және лауазымдық нұсқаулықпен белгіленген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина) (қоғамдық денсаулық сақтау немесе жалпы медицина).

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күн есептеледі.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуді жүргізу уақыты мен орны:

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап 3 жұмыс күн ішінде жоғарыда көрсетілген мекен-жайы бойынша, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаментінде өтеді.

Басқарушы лауазымына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушының қатысуына байланысты ақпарат:

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Шағым жасау туралы ақпарат:

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар, конкурс комиссиясының тарапынан жасалған заңсыз фактілерін анықтаған жағдайда Алматы қаласы Сейфуллин даңғылы 555 мекен жайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 254-90-26, 254-90-20 байланыс телефондары арқылы жүгінуге құқылы.

 

«Б» корпусының мемлекеттікәкімшілік лауазымынаорналасуға конкурс өткізуқағидаларының2-қосымшасы

Нысан

                                                                                                      __________________________
                                                                                                  (мемлекеттік орган)

 

Өтініш

      Мені ___________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:
_______________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны______________________________________
_____________________________________________________________________________

________                                                       _______________________________________
  (қолы)                                              (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

5 қыркүйек, 2019 - 15:42 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші